2-тапсырма. Негізгі және туынды етістіктерді екі бөліп, теріп жазыңыз,
олардың басты белгілерін атаңыз (выпишите отдельно корневые и
производные глаголы, назовите их основные признаки).
Кез-келген елдің тілдік кеңістігінде мемлекеттік тілден басқа, бір жерге
шоғырланған этникалық топтардың тілдері болады. Бұл тілдердің
қолданылуы, әдетте, отбасылық-тұрмыстық сала аясынан аспайды.
Ана тілін білу – ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Сондықтан
Қазақстан халықтарының тілдерін оқытып үйретуге және ол тілдердің
қолданыста болуына жағдай туғызуды мемлекет өз міндетіне алады.
81
3-тапсырма. Туынды етістіктердің жұрнақтарын түбірден сызықшамен
бөліп жазыңыз (Выделите суффиксы производных глаголов).
Жалбыра, көлкі, көшір, жалғызсыра, байы, күмпи, бүріс, ойла, ойна,
орналыс, кешік, пайымда, тамақтан, қызықта, абайла, әндет, жалқаулан,
жарала, киін, оқыт, жұдырықта.
Тест тапсырмалары
1. Негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген
ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін
түсіндіретін құжат.
А) анықтама
В) түсініктеме
С) түйін
Д) хаттама
Е) жобалау
2. Мазмұнына қарай түсініктеме нешеге бөлінеді?
А) үшке
В) беске
С) екіге
Д) төртке
Е) алтыға
3. Негізгі етістікті табыңыз.
А) қара
В) сана
С) өшір
Д) тұрғыз
Е) айтыс
4. Туынды етістікті табыңыз.
А) жүгір
В) байла
С) ойла
Д) сөйле
Е) түсін
5. Есімнен жасалған туынды етістікті табыңыз.
А) отырғыз
В) тұрғыз
С) жазыс
Д) апарыс
Е) көмектес
82
12-сабақ.
МІНЕЗДЕМЕ
Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам
туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке
адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат.
Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме
басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға
түсу кезінде, сондай–ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру
мақсатында беріледі.
Мінездемеде көрсетілетін мәліметтер:
1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:
- аты-жөні;
- ұлты;
- әскери қызметке қатысы;
- отбасы жағдайы;
- білімі;
- лауазымы;
- туған жылы;
- туған жері;
- азаматтығы.
2. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.
3. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға
қарым-қатынасы.
4. Мінездеме қайда беріледі.
5. Мекеме басшысының қолы.
6. Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы).
7. Мекеменің мөрі.
Сөздік
адал – честный
мінезі ашық – характер открытый
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары – высокие организаторские
способности
сынды дұрыс түсінеді – критику воспринимает правильно
еңбекқор – трудолюбивый
өз ісін жетік біледі – свое дело знает в совершенстве
білімді – образованный
сауатты – грамотный
тәжірибелі маман – опытный специалист
өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарады – свои служебные
обязанности исполняет добросовестно
қарым-қатынаста әдепті, сыпайы – в общении вежлив и деликатен
салмақты – уравновешенный
83
қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады – принимает активное участие
в общественной работе
өзінің әріптестерінің арасында беделді – пользуеться авторитетом среди
коллег
ұқыпты – аккуратный
салмақты – серьезный
кішіпейіл – скромный
ерік-жігері жоғары – большая сила воли
1-тапсырма. Мінездеме беру үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін
пайдаланып, өз әріптесіңізге (досыңызға, күдікті адамға, бастығыңызға)
мінездеме жазып беріңіз.
1. Барлық адаммен сөйлеседі, ашық
адам
ашушаң
2. Көп ойланады, дұрыс жолды
табады, қарапайым, кішіпейіл
3.
Адамдарды
көп
кінәлайды,
айқайлайды
табанды,
4. Бәрінен жамандықты көреді,
бір сөзді, сенімді
5. Мақсатына жетеді,
міншіл
6. Уәдені орындайды,
парасатты
7. Жұмысты бітірмейді,
жалқау
2-тапсырма. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңыздар.
1. Сабырлы
а) әдепсіз
2. Қарапайым
б) ашушаң
3. Еңбекқор
в) жалқау
4. Ақылды
г) ақымақ
5. Әдепті
д) міншіл
3-тапсырма. Адамның қандай мінез-құлықтары өзара сәйкестенбейді?
а) сабырлы, міншіл, әдепті, еңбекқор
ә) ақылды, сенімді, ашушаң
б) қарапайым, табанды, әдепсіз
в) парасатты, әдепті, жалқау, талапты
г) шыншыл, жауапты, мақтаншақ
4-тапсырма. Өзіңіздің досыңызға, ата-анаңызға сипаттама беріңіз.
5-тапсырма. Берілген сөздерді аударыңыз.
Благородство, вдохновение, вид, внешность, внутренний мир, воля,
воодушевление, воспитанность, восхищение, вспыльчивость, высокомерие,
гармоничный, гордость, деликатность, доброта, добродушие, достоинство,
духовный мир, идеал, индивидуализм, интеллигентность, коллективизм,
красота, культура поведения, личность, меланхолик, мировоззрение,
мудрость, наружность, натура, нравственность, обаяние, одаренность,
84
одухотворенность, озарение, оптимизм, пессимизм, поведение, портрет,
порядочность, сангвиник, симпатия, скромность, совершенство, совесть,
стереотип, тактичность, темперамент, трудолюбие, убеждение, флегматик,
характер, холерик, человечность, черты характера, эмоциональность.
6-тапсырма. Аударыңыз. Сөйлем мүшелерінің алдына сұрақтарын
жазыңыз.
Социальный портрет нашего современника сложен и противоречив. В
нем может сочетаться высокая духовность и трезвый расчет, стремление к
идеалам и разочарование в том, что еще вчера казалось незыблемым.
Человечность, справедливость, благородство, любовь, доброта - эти
ценности непреходящи. Утверждать их в нашей сегодняшней жизни - это
значит честно жить и добросовестно трудиться. Утверждать их в нашей
сегодняшней жизни - значит бороться за нравственную чистоту,
моральный прогресс нашего общества.
7-тапсырма. Үлгімен жұмыс. Визалық анкетаны толтырыңыз.
1. Тегі, аты, әкесінің аты
2 .Ата-анасының тегі
3. Туған күні мен туған жері
4. Жынысы: ер адам/әйел адам
5. Мекен-жайы: тұрақты қазіргі уақытта
елі
елі
елді мекені
елді мекені
үйі
үйі
көшесі
көшесі
пәтері, тел.
пәтері,тел.
6. Төлқұжат
Төлқұжат
берілген уақыты
қолданыс мерзімі
берілген орны
7. Азаматтығы
8. Отбасы жағдайы: (үйленбеген) үйленген (тұрмыста)
тұл ер (жесір әйел)
9. Сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) Т.А.Ә. және азаматтығы
10. Мамандығы және айналысатын қызметі
11. Жұмыс орны және ұйымның мекен-жайы
12. Сізбен бірге жүретін 16 жасқа дейінгі балалар
Тегі, аты, туған жері мен туған күні
А
Б
В
13. ҚР- бұрынғы сапар кезіндегі болған орындары мен күндері
85
14. Сіздің Қазақстан Республикасына келуіңізден бас тартылды ма?
Солай болса, қашан және кім?
15. Қазақстан Республикасында болудың жоспарланған мерзімі
дан
дейін
16. Сұралатын визаның мәртелілігі 1 2 3
17. Сапардың мақсаты
18. Қазақстан Республикасында болатын пунктері
19. Қазақстан Республикасындағы келетін бастапқы пункті
20. Қабылдайтын тарап
21. Қазақстан Республикасына сіздің сапарыңызды қаржыландыру көзі
Мен, Қазақстанға сапарым, виза алған кезде көрсетілген сапардың
мақсаттарына сәйкес келетінін растаймын.
Күні
қолы
8-тапсырма. –шы/ші, -кер/гер қосымшалары арқылы жасалған сөздердің
мағынасы қандай?
Қосымшаны дұрыс жалғаңыз.
(-шы/-ші; -кер/-гер)
Қызмет
қызмет
Жұмыс
қайрат
Тергеу
заң
Оқу
мәжіліс
Кітапхана
сахна
Жазу
бап
Сөйлесу
тәлім
Тыңдау
әдіс
Аудару
дәріс
Күту
кәсіп
Сылақ
қалам
Шаңғы
дәрі
Дәнекерлеу
ем
Әрлендіру
зейнет
Футбол
қорған
Сурет
шолу
Демеу
аударма
Қолдау
түсіндірме
Көмек
хат
86
Есте сақтаңыздар!
Жиі қолданыстағы сын есімдер Наиболее
употребляемые
прилагательные
большой
үлкен
маленький
кішкентай
хороший
жақсы
плохой
жаман
красивый
әдемі (сұлу)
некрасивый
өңсіз
старый
қарт
молодой
жас
сильный
күшті
слабый
әлсіз
высокий
биік
низкий
аласа
длинный
ұзын
короткий
қысқа
широкий
кең
узкий
тар
быстрый
жылдам
медленный
баяу
увлекательный
тартымды
интересный
қызықты
неинтересный
қызықсыз
скучный
қөңілсіз
тяжелый
ауыр
легкий
жеңіл
горячий
ыстық
холодный
суық
толстый
жуан
тонкий
жіңішке
худой
арық
полный
толық
дорогой
қымбат
дешевый
арзан
87
13-сабақ.
АНЫҚТАМА
Анықтама – қандай да бір белгілі бір мәселелер бойынша, істің
жағдайы туралы, өзіне тән көрсеткіштер, өзге де фактілер мен оқиғаларды
сипаттау мен растау туралы мәтіні бар және/немесе кесте түріндегі жалпы
ақпараты бар құжат. Анықтама істің жайын обьективті түрде көрсетуі тиіс,
сондықтан оны жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған
деректерді салыстыру және талдауды талап етеді.
Анықтаманы әдетте екі топқа бөледі. Бірінші топта қандай да бір
заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар
туралы ақпарат болады және мүдделі адамдар мен мекемелерге беріледі.
Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын
жері, асыруында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның
басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын,
біліктілігін, жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете
отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.
Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау
септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не
оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы
жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп
жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан
қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны
жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды.
Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия
көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық
инспекциясына анықтама береді.
Мәтінге арналған сөздік
анықтама
справка
көрсеткіш
показатель
сипаттау
описание
сондықтан
поэтому
мұқият жинау
тщательный сбор
тексеру
проверка
салыстыру
сопоставление
талдау
анализ
талап етеді
требует
әдетте
обычно
қандай да бір
какой-либо
куәландыратын
удостоверяющих
мүдделі
заинтересованный
жалақы
заработанная плата
тұратын жері
место проживания
асырауында адамдардың болуы
наличие иждивенцев
88
қызметкердің сұрауы бойынша
по
просьбе
сотрудника
лауазым
должность
біліктілік
квалификация
мөлшер
размер
оң жақ жоғары бұрышында
в правом верхнем углу
реттік сан
порядковый номер
бір дана
один экземпляр
кіріс
доход
салық инспекциясы
налоговая инспекция
Анықтама үлгісі
Кәсіпорынның атауы
Әлеуметтік қамсыздандырудың
Кәсіпорынның мекен-жайы
аудандық бөліміне
Тел.
ұсыну үшін
Факс.
Қостанай қаласы
АНЫҚТАМА
00.00.00
№
Леонова Оксана Анатольевна---------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------
(кәсіпорынның атауы)
кәсіпорынының маркетинг бөлімінде------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------
(санмен және жазбаша)
жалақымен экономист болып қызмет атқарады.
Директор
қолы
аты-жөні
Бас бухгалтер
қолы
аты-жөні
М.О.
Форма справки
СПРАВКА №
Леонова Оксана Анатольевна работает экономистом отдела маркетинга--
------------------------- с окладом-------------------------------------- тенге в месяц.
(наименование предприятия) (цифрами и прописью)
Директор
подпись
И.О. Фамилия
Главный бухгалтер
подпись
И.О. Фамилия
89
1-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз (Ответьте на
вопросы).
Қандай құжат анықтама деп аталады? Анықтамада істің жайы қалай
көрсетілуі тиіс? Анықтаманы жасау нені талап етеді? Анықтаманы неше
топқа бөледі? Біріншісін қандай анықтамалар жатады және олар кімдерге
беріледі? Анықтамалардың екінші тобы нені растайды? Кәсіпорынның
басшысы қызметкердің сұрауы бойынша не беруге міндетті?
Анықтаманың атауы қайда жазылады? Анықтамаларды беру туралы
журнал бойынша анықтамаға кімдер қол қояды? Анықтаманың мәтіні
немен расталады? Бухгалтерия салық инспекциясына не туралы анықтама
береді?
2-тапсырма. Мәтіннен негізгі және көмекші етістіктерді тауып, кестені
толтырыңыз (заполните таблицу).
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе,
болмаса жұмасына бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен өзің есеп ал. Сол
алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не
дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? (Абай).
Анықтама істің жайын объективті түрде көрсетуі тиіс, сондықтан оны
жасау мәліметтерді мұқият жинау және тексеру, алынған деректерді
салыстыру және талдауды талап етеді.
Мекеменің өз ішінде қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды.
Анықтамалар да баяндау хаттарға тән деректерден тұрады. Кейбір
анықтамалар мөрмен емес, мекеме басшысының қолымен расталады.
Негізгі етістік
Көмекші етістік
бол
кел
3-тапсырма. Мәтіннен толымды және толымсыз көмекші етістіктерді
тауып, кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).
Анықтаманың мәтіні, әдетте, мәліметтер берілетін тұлғаның атау
септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не
оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы
жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген
кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан қойылады.
Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және
берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні
қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың
бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына анықтама береді.
Анықтаманы рәсімдеген Марат Бекзатұлы емес, Асқар Жарасқанұлы
екен. Анықтама жазып отырып, қателесе жаздадым. Бүгін бастықтың
атына өтініш жазып қой. Бұйрықпен танысқан соң қуанып кеттім. Бұйрық
қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы екен. Бұл күтпеген қуаныш
еді.
90
Толымды көмекші етістік
Толымсыз көмекші етістік
Берілетін
Емес
4-тапсырма. Төмендегі көмекші етістіктерді негізгі етістіктермен
тіркестіріп, олармен сөйлем құрастырыңыз (подберите к этим
вспомогательным глаголам основные глаголы и составьте с ними
предложения).
Үлгі: Ол күліп жіберді.
Жібер, түс, шық, қой, қал, өт, кел, ал, бер, сал.
5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз (переведите на казахский язык).
Справка – документ, содержащий описание или подтверждение тех
или иных факторов и событий. Справки составляются по указанию
вышестоящего органа или должностного лица. Они содержат
запрашиваемую информацию без выводов и предложений.
Справки, составляемые для внутренней информации, подписывает
составитель, а для вышестоящего органа – руководитель.
Справки содержат те же реквизиты, что и докладные записки.
Если справка содержит несколько вопросов, то текст рекомендуется
разделить на части или оформить в виде таблиц.
Достарыңызбен бөлісу: |