Кіріспе
Лабораториялық
жұмыстар келешек маманның
теориялық және практикалық дайындығын жетілдіретін, оқу
процесінің маңызды түрі болып табылады. Берілген
практикум технологиялық мамандықтары үшін, органикалық
химия бойынша бағдарламасына сәйкес құрылған, химиялық
технологиялар облысында маман жұмыстарын өткізетін
студенттері үшін арналған (050721 – «Органикалық
заттардың химиялық технологиясы», 050720 -
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
мамандықтары).
Берілген
практикумда
органикалық
химия
лабораториясында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасының ережелері келтірілген, негізгі аспаптардың
және қондырғылардың жинау тәсілдері көрсетілген,
лабораториялық құрал-жабдықтардың және химиялық
ыдыстарының қажетті минимумы тізім болып құрастырылған,
синтездердің егжей-тегжейлік баяндамалары берілген.
Практикумның мақсаты –
студентті органикалық
заттарының синтездерін жасауға үйрету және оларды
математика жағынан санау; алған заттардың негізгі
тәсілдермен
айқындаумен,
тазартумен
және
идентификациялаумен
таныстыру;
органикалық
қосылыстарының сапалы анализімен таныстыру.
Лабораториялық жұмыстарға нұсқаулардың «теориялық
бөлігі» қысқаша түрде баяндалғаны туралы студенттер
қажет білуі тиіс, сондықтан лабораториялық жұмыстарға
дайындау кезінде, ұсынылған әдебиеттер бойынша теорияны
терең оқу қажетті.
Органикалық химия лабораториясында жұмыстарының
жалпы ережелері
Практика жағынан органикалық заттардың барлығы
әртүрлі дәрежеде улы болып табылады, ал олардың көпшілігі
отқауіпті және жарылысқауіпті болып табылады. Сондықтан
органикалық химия лабораториясында
жұмыстары кезінде,
анықталған сақ болушылық ережелерін сақтау қажет. Бұл
ережелерді жұмыскердің өзіндік қауіпсіздік мақсатымен ғана
емес, жұмыс жолдастарына да қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін сақтау керек.
Жалпы жағдайда берілген экспериментті жасауының
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сақ болушылық
амалдарының сипаты жұмыстың түрінен тәуелді болады.
Бірақ та лабораторияда жұмыскерлердің әрқайсысы үшін,
міндетті түрде орындауы қажетті жалпы ерелері бар. Оларға
жататындары:
- органикалық практикумда жұмысқа кірісетіндерінің
әрқайсысында мақтақағазды кездемеден жасалған жұмыс
халаты өзіндік пайдаланыста болуы керек;
- лабораторияда жалғыз жұмыс істеуге болмайды, себебі
қайғылы оқиға кезінде, азап шеккен адамға ешкім көмек
көрсете алмайды және апаттың
зардаптарын ешкім жоя
алмайды;
- тазалықты, тыныштықты, тәртіпті және қауіпсіздік
техникасының ережелерін сақтау қажет, себебі жұмыстағы
әрбір тәртіпсіздік, тез істеушілік,
салақтылық көптеген
жағдайда жұмысты қайта орындауға және ауыр зардаптары
бар қайғылы оқиғаларға әкеледі;
- лабораторияда жұмыс істеушілердің әрқайсысы отқа
қарсы қорғаныс аспаптары лабораторияда қайда
орналасқаны туралы білуі қажет: отсөндіргіштері, себілген
құмы бар жәшіктері, асбесттен немесе киізден жасалған
көрпесі және бірінші медициналық көмекті көрсету үшін
қажетті, медикаменттері бар дәрі қобдишасы (ерітінділер:
калий перманганаты, бор қышқылы, калий гидрокарбонаты,
йод ерітіндісі, валериан тамшылары, жара таңғышы, күйіктен
майлары);
- лаборатория ішінде темекі тартуға, тамақ жеуге және
химиялық ыдыстан су ішуге қатаң тыйым салынады;
- жұмысқа кіріскен кезде,
пайдаланылатын және
синтездендірілетін заттарының қасиеттерін алдын-ала оқып
білу қажет. Экспериментті бастағанға дейін, жұмыс
орындаудың техникасын және сонымен бірге аспаптың
сызбасын жақсылап ұғу қажет. Жұмыстың жоспары,
реакциялардың теңдеулері, қажетті анықтама берілгендері,
есептеулері жұмыс журналында жазылынуы тиіс. Жұмысқа
тек қана оқытушының рұқсатын алудан кейін кірісуге
болады;
- лабораториялық бөлмедегі
ескі-құсқысымен және
ауаның ластануымен барлық тәсілдермен күресу қажет.
Лабораториялық үстелдердің үстінде портфельдерді,
дорбаларды және тағы басқа бөтен заттарды ұстауға тыйым
салынады, лабораторияда сырт киімді ілуге және аяқ киімді
қалдыруға болмайды, раковиналарды қағазбен, құммен және
басқа қатты заттармен қоқсытуға болмайды, раковиналарға
еріткіштердің, қышқылдардың, сілтілердің, реакциялық
қоспалардың қалдықтарын, жаман иісі бар, көз жасы ағуына
әсер тигізетін, отқауіпті заттарды құюға тыйым салынады.
Ауаның ластануы мүмкін болатын барлық жұмыстарын
тартып шығару шкафтарында өткізу қажет;
- беттің немесе қолдың терісіне заттар тимеу үшін,
жұмысты тиянақты түрде орындау қажет,
себебі бұл
заттардың кейбіреулері теріге және шырышты
қабықшаларына ашуландырғыш әсерін тигізеді;
- қандай да болса заттардың дәмін алуға қатаң тыйым
салынады. Заттарды иіске зерттеуін, сосудқа еңкеймей және
толық кеудемен ауаны жұтумен емес, қолдың жеңіл
қозғалысымен оның буларын өзіне қарай абайлап
бағыттаумен ғана өткізуге болады;
- әрекетті аспаптарды байқаудан тыс қалдыруға
болмайды;
- заттар сақталынатын, барлық банкаларда,
склянкаларда және тағы басқа
ыдыстарда бұл заттардың
атауымен этикеткелер болуы тиіс;
- пробиркелерде және колбаларда сұйықтарды және
қатты заттарды жылытқан кезде, сосудтардың тесіктері
өзінен және жұмыс істеушілерден басқа жаққа бұрып
тұруына көз салу қажет. Ыстық массаның кенет лақтырып
тастауы кезіндегі жара алмас үшін, ашық жылытатын
сосудтарға үстінен қарауға болмайды;