ал екінші бөлінудің нәтижесінде әрбір сперматоциттен төрт сперматидалар пайда болады.
Сперматидалар ядросының құрылымы айқын байқала бастаған, цитоплазмасында органойдтардың бәрі де бар кішкене жұмыр жасушалар. Сперматазойдтарға қарағанда цитоплазмасы көбірек болады.
Төртіншіқалыптасу кезеңінде қозғалмайтын сперматидалар қозғалатын сперматазойдтарға айналады.
Сперматозойдтың қалыптасуы сперматида ядросының плазмалемманың астына барып орналасуынан басталады. Ядро бірте-бірте тығызданып, сперматазойдтың басына тән пішінге ие бола бастайды.
Ядро мен плазмелемма аралығына көпіршіктер бөле бастайтын Гольджи аппараты орналасады. Гольджи аппараты ядро мембранасы мен плазмалемманың, аралығында жататын акросоманы қалыптастыруға қатысады.
Екі ценройлдер акросомаға қарама-қарсы ядроның полюсіне орналасады. Центроилдердің арсындағы цитоплазманың учаскесі сперматозоидтың мойнын құрайды. Дистальдік центроильден құйрықтың орталық (осьтік) жіпшесі өсе бастайды. Проксималдық центройль ұрықтану кезінде зиготаға түсіп, оның бөлінуіне қатысады.
Клеткалардың органеллардың жылжуы: Гольжди аппараты қалындап, ядроға жабысып акросоманы құрайды. Центриольдер қарама-қарсы полюсқа жылжып, біреуі ядроға жақын, екіншісі керісінше алыс орналасады.
Ядроға дистальді орналасқан центриольден жіпше өсе бастайды. Жіпшенің негізінің айналасын спираль тәрізді митохондриялар орналасады.