Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,
№20 жалпы орта мектебінің Дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі
Ганишев Абдумуталиб Кахарович
Интербелсенді оқыту әдісін дене шынықтыру сабақтарында пайдалана отырып, спорт түрлерін тереңінен ұғындыру
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы жастардың қолында, ал жастардың болашағы ұстаздардың қолында - дегендей білім алу еш уақытта тоқтаған емес, білім дегеніміз белгісіз дүниелерге жол ашу деген ойдамын. Әлеуметтік - сындарлық идеяларын қазіргі заманғы түсіндірмелері ретінде қолданады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруы мен өсуіне үлес қосады. «Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге білім алуды үйретуде бар. Адамдар ойлауға қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды да және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
Мен өзім таңдап алған 10 сынып күнтізбелік жоспарына сәйкес «Акробатика» тақырыбына жоспарым мен талдауын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Акробатика
Сабақтың мақсаты: Акробатиканың қалыптасу тарихымен таныстырып, акробатика ережелері мен жаттығуларына толық мәлімет беру.
Табыс критерилері: 1. Акробатика тарихын шолу жасай білу
2. Әйгілі акробаттар жөнінде мәлімет беру
3. Акробатика жаттығуларын ажырата алу
4. Акробатиканын басым дамыған жерін білу
Күтілетін нәтиже: Акробатика жаттығулары жөнінде толық мәлімет алады. Және акробатиканың қалыптасу тарихын біледі.
Дереккөздері: Әдістемелік журналдар, Интернет
Көрнекіліктер: стикер, смайлик, плакат, интертақта
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
2 мин
|
Интер тақта арқылы дамыту жаттығуын орындату.
|
Оқушылар сабақ алды дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
|
1 мин
|
Топтастыру. Жаңа тақырыпқа байланысты секіру, меңгесу, көпірше, тартылу сөздерімен топқа бөлу.
|
Секіру, меңгесу, көпірше, тартылу сөздері жазылған стикерлер арқылы бірігіп топтасады.
|
6 мин
|
Үй тапсырмасы мен жана сабақты байланыстыра отырып, әр топ аакробатикаы бойынша ой қозғау.
|
Әр топтың баяндаушысы өз аакробатикаы бойынша ойларын жинақтай отырып, қысқаша эссе түрінде мәлімет береді.
|
20 мин
|
Жаңа сабақ. Әйгілі акробаттар мен оның тарихы жазылған таратпа материалдармен жұмыс. Материал бойынша әр топқа әртүрлі тапсырма беріліп, зерттеушілік әнгіме жүргізу.
|
Топтар берілген материалмен танысады.
Акробатика тарихы
Әйгілі акробаттар
Акробатика жаттығулары
Акробатика спорт медецинасында. Бағыттары бойынша мәлімет жинап баяндама жасайды.
|
10 мин
|
Интербелсенді тақтада акробаттық жаттығулармен таныстырып мәлімет беру. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойын қозғау.
|
Оқушылар өздерінің ізденген ақпараттарын тагы косымшы мәлімет алады. Акробатика жаттығу ережелерінің фотосуреттеріне талдау жасайды.
|
4 мин
|
Оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша Не түсінді?, Не білді? білу мақсатында кері байланыс орната отырып қортынды жасау.
Сонымен акробатика дегеніміз не?
Кандай акробаттарды білесіндер?
Акробатиканын ең жақсы дамыған қандай орталарды білесіңдер?
Акробатика жаттығуларының спортта үлесі қандай екен? Т.с.с. сұрақтармен қортындылып өтемін.
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға алған мәліметтері бойынша жауап береді. Жауап беру барысында оқушылардын өзара бағалауын жүргізу.
|
1 мин
|
Смайликтер сабақ бойынша оқушылардан сабаққа кері байланыс алу.
Ұнады
|
Сұрағым бар
|
Түсінбегенім көп болды.
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр бағанға смайлик арқылы эмоциясын білдірп, сұрақтарын немесе тілектерін жазып жабыстырады.
|
1 мин
|
Бағалау парақшасы арқылы өзара бағалау жүргізу
|
Бағалау парақшалары арқылы сағат тілі бойымен топ ішінде бір-бірін бағалау.
|
Бұл дене шынықтыру сабағы болғанымен бұл сабақ жоспары спорт залында емес, аудиторяда өтуге арналған сабақ жоспары. Дене шынықтыру сабағында оқушы спорт түрімен танысып қана қоймай, оның ережелерін, сонымен қатар шығу тарихы мен қалыптасуымен танысуы қажет деп ойлаймын. Және де үйреніп отырған спорт немесе ойын түрін қай елдерде көп ойнайды? Қай елдің спорт шебері мықты? Қай елдердің жеңімпаздары қай жылдары орын алған? Т.с.с. сұрақтарға жауап бере алу керек деп ойлаймын. Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы түрдегі сабақ жоспарын ұсынып отырымын. Және бұл сабақ түрін мен өз тәжірибемнен өткізіп көрдім.
Сабақты слайд пайдалана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сергіту жаттығуын жасаттым. Оқушыларға істегенімді қайтала ойынын өткіздім. Бұл ойында барлығы шеңбер құрып тұрады , ал ішінен бір оқушы жүргізуші болады жәнеде сол қойылған музыкаға қалай билесе, соңынан ергендерде дәл солай билеулері керек. Мұндағы мақсатым оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа дайындап алу болды. Сергіту жаттығуын қызығушылықпен орындады.
Неге топқа бөлдің деп егер менен біреу сұраса,топта жұмыс жасаудың оқушыға көп нәрсе беретінін дәлелдеп берер едім. Біріншіден, оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады, сондай ахуал орнаған жағдайда жұмыс нәтижелі болады, егер сыныпта оқушылар бірін-бірі тыңдамай, пікірлеріне кекесінмен қарап , менменсіп отырса ондай атмосферада оң нәтижелі жұмыс болады деп ойламаймын. Екіншіден , олар бірін бірі тыңдай отырып өзгелердің де идеялары бар екенін біліп, өз ойымен салыстыра отырып , өзін –өзі реттейді. Үшіншіден, өздерінен ілгері құрдастарының көмегімен білім алады. Сондықтан мен барлық сабақтарымды да оқушыларымды топпен жұмыс істеуге ыңғайластыра жоспарладым және оның нәтижесі жаман болған жоқ. Оқушыларға түрлі-түсті алмаларды таратып бердім . Сонымен бірге, сабағымызда оқушылар өзін-өзі бағалау мақсатында бағалау критерийі парағымен таныстырдым және түсіндіріп, таратып бердім. Сабақ барысында әр бір оқушы өз тобы үшін сабаққа қызығушылықпен қатысып отырды. Одан кейін “ Сұрағын тап ” ойынын өткіздім . Бұл ойында жауаптар көрсетіледі, ал оқушылар оған сұрақ қоюлары керек .
Келесі тапсырма жаңа тақырыпты игеруге дайындық еді. Яғни, әр түрлі сүреттер таратылып беріледі. (акробатика) Сол сүреттердің ішінен ең көбі қайсысы? Соны табулары керек. Оқушылар берілген сүреттердің ішінен акробатика жаттығуының сүретін көрсетті. Мен оларға Сендерге бұл тапсырманы не үшін бердім? деген сұрақ қойдым.
-Демек, бүгінгі сабақ АКРОБАТИКА туралы болмақ екендігі анықталды. Мен оқушылардың жаңа тақырып бойынша ойларын бір жерге жинақтау үшін “ Көршіңе әңгімелеп бер ” тәсілін қолдандым . Мұнда оқушылар акробатика туралы білгендерін , естігендерін жәнеде көргендерін көршісіне , яғни қасындағы досына әңгімелеп беруі керек.
ІІ-топ «акробатика жаттығулары» тақырыбын қорғады. Сыни тұрғыдан ойлау барысында диалогты оқыту арқылы акробатиканы кең көлемде талдады. Бұл топта белсенділік танытқан Жанел болды, суреттерді өзі салып, сөздерін топ мүшелеріне жазғызып жол көрсетуші болды.
ІІІ топ акробатикадың аттарымен түрлерін жазып шықты. Оқушылардың іс - әрекетінен байқағаным олар өзара идеялармен бөлісіп, бір- бірін тыңдап, тапсырманы бірігіп орындады. Яғни, өзара білім алмасуға жағдай туғызды . Мен диалогтік оқытудың пайдасының көп екенін түсіндім.
Сабақты қорытындылау мақсатында “Конверт” әдісінен пайдаландым. Яғни, әр топқа бос конверт беремін, ал оқушылар сол берілген уақыттың ішінде (2 минут) бос конверттің ішіне сиғанша тақырып аясында сұрақтар жазулары керек. Ал, келесі топ сол уақыттың ішінде бірінші топтың конверт ішіне салған сұрақтарына жауап жазады, үшінші топ екінші топтың жазған жауаптарының қаншалық дұрыс – бұрыстығына көз жеткізулері керек . Бұл әдісті пайдалану барысында мен оқушылардың барынша жылдам, тез жәнеде нақты жауап беруге талпынып жатқандарым байқадым.
Сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан пайдаландым, өйткені ақпараттық – коммуникация бүгінгі күнде бүкіл жер жүзінде жедел түрде және көпсалалар арқылы дамуда. Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша өз сабағыма кірістірдім. Себебі, қазіргі жас ұрпақ күнсайын дамып келе жатқан ақпараттық технологияларды жақсы меңгеріп, олардан кез келген жерде қолдана алуы және олардан пайдаланған түрде пайдалы ақпараттар алу жолдарын жетік білуі тиіс.
Дене шынықтыру сабағында баланы тек шынықтырып қана қоймай, сонымен қатар түрлі спорт туралы ақпаратттар беріп отырайық. Мысалы бұл сабақтың ұзақ мерзімді жоспарларында бокс түрі болғанмен біз бұл сабақта ол спорт түрімен яғни боксқа жаттықтырмаймыз. Сонымен қоса кейбір спорт түрлері жыл мезгілдеріне қарай бөлінеді. Жәнеде жергілікті ауа райына спорт түрлеріне жаттықтыра алмаймыз. Мысалы қысқы шанғы спорт түрлеріне бізөқ жаттықтыра алмаймыз. Міне осының барлығын ескере отырып, оқушыларға барынша ақпарат бере отырып, олардың қызығушылықтарын арттырып спортқа деген түрткі болуымыз керек деп ойлаймын
Достарыңызбен бөлісу: |