ГЕМАТОЛОГИЯ 2 УРОВЕНЬ
*!12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын 42 – жастағы әйел, әлсіздік, бас айналуы, ентігу, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖЖЖ – 102 рет мин. Эпигастриде ауыру сезімі. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың.
Ойық жара ауруының асқынуы фонынында қандай анемия дамуы барынша мүмкін?
* тапшылықты
*гипопластикалық
*+темір тапшылықты
*Маркиафава-Микели ауруы
*аутоиммунды гемолитикалық
#241
*!Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуі және 1 айдай темір препараттарымен емдеудің оң нәтиже беруі қандай ауруға барынша тән?
*талассемияға
* -ташылықты
*+темір тапшылықты анемияға
*фолитапшылықты анемияға
*Минковский-Шоффар ауруына
#242
*!26 – жастағы ер адам, үдемелі әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 2 ай болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозарған; кеуде, іш, сан терілерінде петехия және экхимоздар. Қанында: эритроциттер - 1,8 млн., Нв - 56 г/л, ТК - 0,93, лейкоциттер – 2,6 мың, тромбоциттер - 30 мың. ЭТЖ – 50 мм/сағ. Стерналды пунктатта –майлы сүйек кемігі басым.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы барынша тиімді?
*коагулограмма
*+трепанобиопсия
*сахарозды сынама
*зәрдегі гемосидеринді анықтау
*агрегат-гемагглютинационды сынама
#243
*!30 – жастағы әйел, соңғы жарты жылдың ішінде әлсіздік, жүрек қағуы, меноррагияға шағымданады. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақта көлденең сызықтар, койлонихия. Жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоциттер - 4,2 мың, тромбоциттер - 192 мың. ЭТЖ - 16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробластар - 12%.
Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсетілгендердің қайсысы Барынша ақпаратты?
*ретикулоциттер
*жалпы билирубин
*+сарысулық темір
*нейтрофильдердің сілтілі фосфатазасы
*эритроциттердің осмостық резистенттілігі
#244
*!60 – жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 104 г/л, ТК - 1,2, лейкоциттер - 2,7 мың, тромбоциттер -115 мың. ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты типті қан түзілу.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*апластикалық анемияның
*+ -тапшылықты анемияның
*темір тапшылықты анемияның
*Маркиафава-Микел ауруының
*аутоиммундық гемолитикалық анемияның
#245
*!57 - жастағы әйел жалпы әлсіздік, басының айналуы, жүргенде ентігу, эпигастрий аймағындағы аыуру сезіміне шағымданады. Объективті: жүдеу, тері және шырышты қабаттары бозғылт-сарғыш түсті, «географиялық» тіл. Аздап спленомегалия. Қанда: эритроциттер - 2,1 млн., Нв -89 г/л, ТК -1,1, лейкоциттер - 2,8 мың, тромбоциттер - 115 мың, ЭТЖ - 14 мм/сағ, макроцитоз.
Осы аурудың диагнозына БарыншА тән белгіні көрсетіңіз:
*апластикалық криз
*+ретикулоцитарлық криз
*сүйек кемігінде сидеробласттардың азаюы
*шеткі қан көрсеткіштерінің қалпына келуі
*эритроциттердің осмостық резистенттілігінің жоғарлауы
#246
*!17 - жастағы жігіт, әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағу, зәр түсінің күңгірттенуіне шағымданады. Науқастың әкесін 18 жыл бойы кезеңді сарғаю мазалаған. Объективті: терісі сарғыш, көкбауыры қабырға астынан 4 см төмен. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер - 8,4 мың, тромбоциттер - 205 мың, ретикулоциттер - 8%, ЭТЖ - 29 мм/сағ. Билирубин - 60,8 мкмоль/л, эритроциттердің қалыңдығы - 2,9 мкм, микросфероциттер - 35%.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*талассемияның
*орақ тәрізді клеткалық анемияның
*Маркиафава-Микел ауруының
*+Минковский-Шоффар ауруының
*аутоиммундық гемолитикалық анемияның
#247
*!Сарғаю, спленомегалия, өт қапшығындағы тастар, нормохромды анемия, эритроциттердің осмостық резистенттілігінің төмендеуі, мынаған барынша тән:
*талассемияға
* -тапшылықты анемияға
*Маркиафава -Микели ауруына
*+Минковский-Шоффар ауруына
*аутоиммунды гемолитикалық анемияға
#248
*!53 – жастағы әйел, суықтапғаннан кейін болған қалтырау, үдемелі әлсіздік, ентігу, жүрек қағу аяқ-қол саусақтарының көгеруі, бозаруы, тоңуы, зәр түсінің күңгірттенуіне шағымданады. Объективті: аяқ-қолдарының саусақ ұштары айқын көкшіл тартып, бозаруы. Көкбауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 98 г/л, ТК - 1,05, лейкоциттер - 13,8 мың, тромбоциттер – 220 мың, ретикулоциттер – 16%, ЭТЖ - 50 мм/сағ. Билирубин - 33,6 мкмоль/л. Ig М класының суықтық антиденелері титрі 1:128 -та. Агрегат-гемагглютинациялық және Кумбстың тікелей сынамасы теріс.
Аутоиммундық гемолитикалық анемияның қандай түрінің болуы барынша мүмкін?
*жылулық гемолизиндермен
*+суықтық агглютининдермен
*екі фазалы гемолизиндермен
*толық емес жылулық агглютининдермен
*пароксизмальды түнгі гемоглобинуриямен
#249
*!46 - жастағы ер адам, суықтағаннан кейінгі қалтырау, үдемелі әлсіздік, ентігу, жүрек қағуы, аяқ–қол саусақтарының тоңуы, көгеруі, бозаруына, зәр түсінің күңгірттенуіне шағымданады. Объективті: аяқ-қол саусақтарының ұштары айқын бозарып, көкшіл тартқан. Көкбауыры қабырға доғасынан 4 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,6 млн., Нв -96 г/л, ТК -1,1, лейкоциттер - 15,6 мың, тромбоциттер - 240 мың, ретикулоциттер - 19%, ЭТЖ - 58 мм/сағ. Билирубин - 39,6 мкмоль/л. Ig М класының суықтық антиденелерінің титрі 1:137 С -та. Агрегат-гемагглютинационды және Кумбстың тікелей сынамасы теріс.
Төмендегілердің қайсысы тамыр ішілік гемолизді дәлелдеуі барынша мүмкін?
*уробилинурия
*билирубинурия
*ішкі ағзалардың гемосидерозы
*сүйек кемігі қызыл өсігінің тітіркенуі
*+плазмадағы бос гемоглобиннің артуы
#250
*!24 - жастағы әйел, босану кезінде қан кетіп, тоқтата алмағандақтан қайтыс болған. Бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 3-4 рет мұрнынан қан кеткен, 12 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Коагулограммада: Дьюке бойынша қан кету ұзақтығы – 16 мин, VIII фактор концентрациясы - 2%, Виллебранд - 4%, IX - 58%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индуцирленген: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер - 190 мың.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*гемофилияның
*Верльгоф ауруының
*+Виллебранд ауруының
*Гланцман тромбастениясының
*Шенлейн-Генох ауруының
#251
*!32– жастағы әйел, тіс экстракциясынан кейін ұзақ, бірақ қайталанбаған қан ағуға шағымданады. Анамнезінде: мұрыннан қан кету. Объективті: денесінің алдынғы жағында және аяқтарында петехиялар мен экхимоздар. Қанда: эритроциттер - 2,9 млн., Нв -77 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 4,2 мың, т/я – 3%, с/я – 70%, лимфоциттер – 26%, моноциттер – 1%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қан ағу ұзақтығы 24 минут, қан ұю уақыты 4 минут. Миелограммада: мегакариоциттер анықталмайды.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*гемофилияның
*жедел лейкоздың
*апластикалық анемияның
*Рандю-Ослер ауруының
*+аутоиммундық тромбоцитопениялық пурпураның
#252
*!22 – жастағы қыз, аяғындағы гемаррагиялық бөртпелерге және буындарындағы ұшпалы ауыру сезімге шағымданып түсті. 1 аптадан кейін ісіну, зәрінің түсінің өзгерісі пайда болған. Қарап тексергенде: васкулитті – пурпурлы қанағыштық Қанда: жедел фазалы реакциялар мен этанол сынамасы оң, ПДФ – 0,5 г/л, антитромбин III – 74 %, Виллебранд факторы кішкене жоғарлаған. Зәр анализінде: протеинурия, макрогематурия.
Осы аурудың диагнозын нақтылауғаендегілердің қайсысын зерттеу барынша ақпаратты?
*фибриногенді
*антитромбин III
*+Виллебранд факторын
*жедел фазалы көрсеткіштерді
*қанның белоктық фракцияларын
#253
*!18 – жастағы науқас, терідегі бөртпелерге, буындарының ұшпалы ауыруы, ішінің ауыру сезімі, түсі қара нәжіс, қызбаға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: аяғында басқанда жойылмайтын папуллезді-геморрагиялық бөртпелер. Буындары өзгермеген. Іші ауырмайды, жұмсақ, кей жерінде аздаған ауыру сезімі. Қанда: лейкоциттер – 12,8 мың, тромбоциттер – 420 мың, ЭТЖ – 21 мм/сағ, гиперальфа-2 және гаммаглобулинемия, фибриноген – 5,2 г/л. Коагулограмада – гиперкоагуляция.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*Верльгоф ауруының
*Виллебранд ауруының
*Рандю-Ослер ауруының
*+Шенлейн-Генох ауруының
*Казабах-Меррит ауруының
#254
*!24 – жастағы әйелде, босанғаннан кейін кенеттен қызба, дірілдеп тоңу, қатты тершеңдік басталды. Анамнезінде қағанақ суы ерте кеткен және жағымсыз иісті. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға жылжыған, ЭТЖ жоғары, тромбоциттердің агрегациясы кенет жоғарлаған, этанол сынамасы оң. 4-ші тәулікте теріде петехиальді бөртпелер және жатырдан қан кету пайда болған. Қанда: тромбоцитопения, гипофибриногенемия, эфолық сынамада қанның ұюы ұзарған.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*+ТШҚҰ синдромының
*жедел лейкоздың
*Шенлейн-Генох ауруының
*тромбоцитопениялық пурпураның
*тромбоциттік тромбоцитопениялық пурпураның
#255
*!Келесі көріністер: гемокоагуляционды шок, гемостаздың бұзылысы, геморрагиялық синдром, ағзалардағы микроциркуляцияның бөгемесі мен оның қызметінің бұзылысы және дистрофиясы, жедел бүйрек жетіспеушілігі, церебральді айналымының бұзылысы қандай ауруға барынша тән?
*гемофилияға
*+ТІШҚҰ-синдромына
*Верльгоф ауруына
*Виллебранд ауруына
*Рандю-Ослер ауруына
#256
*!38 – жастағы ер адам, ІІІ дәрежелі күйікпен түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары айқын бозарған. ЖЖЖ - 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б. 2-ші тәулікте мұрнынан қан кету, қан құйылулар мен теріасты гематомалар, олигоурия пайда болды. Қанда: эритроциттер - 5,6 млн., лейкоциттер - 12,4 мың, тромбоциттер - 102 мың, гемотакрит - 58 %, этанол сынамасы теріс, фибриноген – 1,2 г/л. Эфолық сынамасында қанның ұюы ұзарған, креатинин - 160 мкмоль/л. Зәрінде: протеинурия, микрогематурия.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*гемофилияның
*+ТІШҚҰ синдромының
*геморрагиялық васкулиттің
*созылмалы гломерулонефриттің
*аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпураның
#257
*!28 – жастағы ер адам, 3 апта бойы күшейген әлсіздік, тершеңдік пен сипатталатын стоматитпен нәтижесіз емделді. Қарағанда: дене қызуы С, тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Қызыл иек гиперплазиясы, жаралы-некроздық стоматит. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру сезімсіз. Қанында: эртроциттер - 3,0 млн., Нв - 95 г/л, ТК - 0,95, лейкоциттер - 14,5 мың, бластар - 32%, таяқша - 1%, сегменттер - 39%, лимфоциттер - 20%, моноциттер - 8%, тромбоциттер - 90 мың. ЭТЖ - 24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакция оң.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*жедел монобласты лейкоздың
*жедел миелобласты лейкоздың
*+жедел лимфобласты лейкоздың
*жедел аз пайызды лейкоздың
*жедел дифференцияланбайтын лейкоздың
#258
*!19 – жастағы жас жігіт, қызыл иегінің қанауына, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы . Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимоздар. Көмекейінде-өліеттенген жұғынды. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанда: эритроциттер - 2,5 млн., Нв - 75 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 29 мың, бластар - 98%, сегменттер - 2%, тромбоциттер - 28 мың, ЭТЖ - 66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң.
Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсеткіштердің қайсысы Барынша мәліметті?
*анемия
*+бластемия
*лейкоцитоз
*ЭТЖ жоғарылауы
*тромбоцитопения
#259
*!23 – жастағы пациент, үдемелі ентігу, мұрынынан қан кету, дене температурасының 38ºС дейін жоғарылауына шағымданады. ЖРВИ-дан 10 күннен соң жағдайы нашарлаған. Объективті: терісі бозғылт, іші мен сандарында петехиальды-дақты бөртпелер. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет минутына. Көкбауыр қабырға астынан 3 см төмен, ауыру сезімсіз.
Төмендегі белгілердің қайсысы аурудың толық ремиссиясын анықтауға көмектесуі барынша мүмкін?
*қандағы гемоглобин деңгейінің қалыпты болуы
*шеткі қанда бластемияның болмауы
*+миелограммада бласты клеткалар 5 %-тен көп емес
*миелограммада бластты клеткалар 10%-тен көп емес
*лейкемиялық инфильтрация белгілерінің бір ағзадан көп болмауы
#260
*!40 – жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімінсіз. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн., лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, таяқша - 12%, сегменттер - 52%, эозинофилдер - 5%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%, тромбоциттер - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ.
Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы ауруды емдеудің тиімділігін бағалауға барынша мүмкіншілік береді?
*ЭТЖ
*+лейкоциттер
*эритроциттер
*тромбоциттер
*ретикулоциттер
#261
*!53 – жастағы әйел, басы, жүрек тұсының ауыруына, күшейетін тері қышуы, аяқ саусақтарының күйдіріп ауыруына шағымданады. Қарағанда: терісі гиперемияланған. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ - 74 рет мин., АҚ - 180/110 мм с.б.б. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см төмен, ауру сезімсіз. Қанда: эритроциттер - 6,9 млн., Нв - 198 г/л, ТК - 0,9, лейкоциттер - 11,3 мың, таяқша - 7%, сегменттер - 60%, эозинофилдер - 4%, лимфоциттер -25%, моноциттер - 4%, тромбоциттер - 480 мың, ЭТЖ - 1 мм/сағ.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін ?
*+эритремия
*Пиквик синдромының
*гемоглобинопатияның
*артериалды гипертензияның
*шартты гемоконцентрациялық эритроцитоздың
#262
*!40 – жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*+созылмалы миелолейкоз
*созылмалы лимфолейкоз
*жедел миелобластты лейкоз
*тромбофлебитикалық спленомегалия
*миелоидты типті лейкемоидты реакция
#263
*!Түстік көрсеткіштің төмен болуы, сарысулық темірдің жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы, қант диабеті қандай ауруға БАРЫНША тән:
*талассемияға
* -тапшылықты анемияға
*темір тапшылықты анемияға
*+сидероахрестикалық анемияға
*пароксизмальді түнгі гемоглобинурияға
#264
*!48 – жастағы ер адам бас айналуы, әлсіздік, аяқ-қолдарының ұюы мен әлсіздігіне шағымданады. Анализінде созылмалы гастрит. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, склералары субиктериялы. Жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖСЖ – 93 рет мин. Тілі – «географиялық». Аздаған гепатоспленомегалия. Қанында: эрит. – 2,4 млн., Нв – 79 г/л, ТК – 1,3, лейк. – 3,6 мың, тромб – 134 мың, ЭТЖ – 34 мм/сағ.
Төмендегі себептердің қайсысы анемияның дамуына әкелуі БАРЫНША мүмкін?
*асқазан жарасы
*асқазан эрозиясы
*беткейлік гастрит
*+асқазан бездерінің атрофиясы
*гипертрофиялық гастрит
#265
*!23 – жастағы студент қызда диспансерлеу кезінде сарғыштық, сипа,анда байқалатн көкбауыр анықталды. Қан анализінде: гемоглобин 110 г/л, ретикулоциттер – 17 %, жалпы билирубин – 68 мкмоль/л (4 мг %). Зәрі қошқыл, өт пигменттері жоқ.
Бойжеткенде қандай синдромның дамуы БАРЫНША мүмкін?
*цитолиздің
*+гемолиздің
*Жильбердің
*Дабина-Джонсонның
*мезенхимальді қабынулық
#266
*!27 – жастағы жас қыз, оң өкпенің тотальді пневмониясымен ауруханада ем алады. 6-шы күні науқастың жағдайы күрт нашарлады, склерада қан құйылулар, аяқ-қолда жайылмалы петехиальді бөртпе пайда болды. Қанда: лей – 21 мың, нейтрофильдер токсикалық дәнді, тромбоцит – 80 мың, ЭТЖ 36 мм/сағ. Гемостаз жүйесін зерттеу: тромбинді уақыт – 10 сек., АПТВ – 35 сек., фибриноген – 8,0 г/л, этанолды және протаминсульфат тесті – оң, ПДФ – 0,4 г/л, антитромбин III – 60 %.
Науқаста төмендегі асқынулардың қайсысының пайда болуы БАРЫНША мүмкін?
*+ТШҚҰ – синдромының
*жұқпалы-токсикалық шоктың
*жедел бүйрек жетіспеушілігінің
*жедел тыныс жетіспеушілігінің
*тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураның
#267
*!22 – жастағы науқас тамағының ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: 2 апта бойы фолликулярлы баспамен сырқаттанған, ем нәтиже бермеген. Объективті: дене қызуы – С, тері жамылғысы бозарған, ылғалды. Жаралы-некрозды тонзиллит. Жақасты, мойын лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімсіз. Қанда эр – 2,9 млн., Нв – 88 г/л, ТК – 0,9, лейк – 11,9 мың, бласттар – 17 %, т/я – 1 %, с/я – 28 %, лимф – 26 %, мон - 9 %, тромб – 100 мың, ЭТЖ – 37 мм/сағ. Цитохимиялық зертеу: миелопероксидазаға реакция – оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*сублейкемиялық миелоздың
*+жедел миелобласты лейкоздың
*жедел лимфобласты лейкоздың
*жедел төмен пайызды лейкоздың
*жедел дифференцияланбайтын лейкоздың
#268
*!57 – жастағы ер адам, жүргенде ентігу, жүрек қағу, дене температурасының 37 С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Объективті: бозғылт. Аңқасы қызарған, бадамша бездері ұлғайған, борпылдақ. Тондар тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖЖЖ 98 рет минутына. Бауыр оң қабырға доғасынан 5 см төмен, ауыру сезімсіз. Көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз, ауыру сезімді. Қанда: эр – 3,1 млн., Нв – 92 г/л, ТК – 0,95, лейк – 100 мың, бласттар – 20 %, промиелоциттер – 5 %, миелоциттер – 12 %, метамиелоцитер – 7 %, таяқша - 4 %, сегмент – 27 %, эоз – 7 %, базоф – 9 %, лимф – 8 %-тромб-56 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*сублейкемиялық миелоз
*+созылмалы миелолейкоз
*созылмалы лимфолейкоз
*жедел миелобласты лейкоз
*миелоид типті лейкемоидты реакциялар
#269
*!54 – жастағы ер адам, басының ауыруына, бетінің қызаруына, ыстық душқа түскенде саусақ ұштарының қышынуына шағымданады. Объективті: гепатоспленомегалия. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Нв – 188 г/л, лейк – 11,9 мың, тромб – 480 мың. ЭТЖ – 1 мм/сағ. Эритропоэтин деңгейі төмен, нитрофильдердің сілтілі фосфатаза белсенділігі жоғарылаған.
Анықталған клинико-зертханалық көріністер мынған БАРЫНША тән:
*+эритремияға
*Бадда-Киариға
*созылмалы миелолейкозға
*ӨСОА кезіндегі салыстырмалы эритроцитозға
*гемоглобиннің оттегіге жоғары ұқсастығымен гемоглобинопатияға
#270
*!67 – жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттар бозғылт - субиктериялық. Беті ісінген. Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 102 г/л, ТК - 1,1, лейкоциттер - 2,5 мың, тромбоциттер -110 мың. ЭТЖ - 32 мм/сағ, макроцитоз, Кебот сақиналары. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты типті қан түзілу.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*Апластикалық анемияның
*+ -тапшылықты анемияның
*Темір тапшылықты анемияның
*Маркиафава-Микел ауруының
*Аутоиммундық гемолитикалық анемияның
#271
*!48 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, қолтық асты және шап лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Қанда: Нв-108 г/л, эритроциттер- лейкоциттер- , лимфоциттер-94%, моноциттер-6%, тромбоциттер- , ЭТЖ–47 мм/с.
Гемограммада осы ауруға БАРЫНША тән өзгерісті көрсетіңіз:
*анемия
*лейкоцитоз
*лейкемиялық құлау
*+абсолютты лимфоцитоз
*базофильді-эозинофильді ассоциация
#272
*!27 – жастағы әйел бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 3-4 рет мұрнынан қан кеткен, 12 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Босану кезінде қан кету пайда болды. Коагулограммада: Дьюке бойынша қан кету ұзақтығы - 16 мин, VIII фактор концентрациясы - 2%, Виллебранд - 4%, IX - 58%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индуцирленген: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер - 190 мың.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?
*Гемофилияның
*Верльгоф ауруының
*+Виллебранд ауруының
*Гланцман тромбастениясының
*Шенлейн-Генох ауруының
#273
*!19 – жастағы жас жігіт, қызба, іш аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі, буындарының ауруы, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: балтыр терісінде басқанда кетпейтін паппулезді-геморрагиялық бөртпе. Іші жұмсақ, кіндік аймағында ауыру сезімі бар. Қан анализинде: лейк – 13,2 мың, тромб – 386 мың, ЭТЖ – 27 мм/сағ, гипер- және -глобулинемия, фибриноген – 6,4 г/л. Коагулограммада – паракоагуляциялық сынамалар оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
*Кули ауруының
*Верльгоф ауруының
*Виллебранд ауруының
*Рандю-Ослер ауруының
*+Шенлейн-Генох ауруының
#274
*!42 жастағы әйел бас айналуына , әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, геморагия жоқ. Анамнезінде: “Жатыр миомасы” диагнозымен гинекологта есепте тұрады. Соңғы 2 жылда көп көлемде менструальды қан кету байқалған. ЖҚА: Hb- 67г/л, Эритроциттер – ,ТК - 0,63. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 19,4 мкмоль/л.
Анемияның генезін анықтауда қайсы сынама маңызды?
*Тимол сынамасы
*+Сарысуындағы темір
*Қан сарысуындағы жалпы белок
*Аспартатаминотрансфераза
*Гликолизирленген гемоглобин
#275
*!65 жастағы әйелдің қан анализін зерттегенде анықталды: Нв - 80 г/л, Эритроциттер – /л, ТК – 0,64, лейкоциттер-4,2 мың, тромбоциттер-192 мың, ЭТЖ-16 мм/сағ., анизоцитоз, пойкилоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: сарысулық темір - 46,3 мкмоль/л, жалпы билирубин – 18,0 мкмоль/л, ферритин – 120,1 нг/мл. Миелограммада сидеробласттар-42%. Қандай анемия туралы ойлауға болады?
*Гемолитикалық
* -тапшылықты
*Гипопластикалық
*Теміртапшылықты
*+Сидероахрестикалық
#276
*!Жүкті әйел 26 жаста, жүктілік мерзімі 24 апта. ЖҚА: Нв - 86 г/л, Эритроциттер - л, ТК - 0,78, Лейкоциттер – л, Тромбоциттер- 320 000, ЭТЖ -27 мм/сағ. Диагнозды негіздеу және емдеу жоспарын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу көрсетілген?
*Гликолизирленген гемоглобин
*+Сарысудағы темір, ферритин
*Глюкоза, жалпы белок, ЛДГ, амилаза
*Креатинин, мочевина, қалдық азот
*Билирубин, АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза
#277
*!76 жастағы ер адамның қан анализінде: Нв - 87 г/л, Эритроциттер – л, ТК - 1,2. Биохимиялық қан анализінде: сарысулық темір - 32,2 мкмоль/л, жалпы билирубин – 21,0 мкмоль/л, Грегерсен реакциясы – теріс. Анамнезінде 16 жыл бұрын Бильрот II бойынша асқазанға резекция жасалған (асқазан жарасы болған). Бұл жағдайда қандай анемия түріне күмәндануға болады?
*Cидероахрестикалық анемия
*Теміртапшылықты анемия
*+ -тапшылықты анемия
*Гемолитикалық анемия
*Апластикалық анемия
#278
*!83 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв - 78 г/л, Эритроциттер – , MCV – 110, ТК – 1,1, лейкоциттер – , тромбоциттер – 124 000, анизоцитоз++, пойкилоцитоз++. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин 35 мкмоль/л, тура билирубин – 28 мкмоль/л. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, қол саусақтарының жансыздануы. Қан кету болмаған. Қарағанда тілі тегіс “лакталған”. Қандай анемия туралы ойлауға болады?
*Теміртапшылықты анемия II дәрежесі
*Теміртапшылықты анемия I дәрежесі
*Cидероахрестикалық анемия
*+ тапшылықты анемия
*Апластикалық анемия
#279
*!35 жастағы ер адам стационарға айқын әлсіздікке, бас айналуға, мурыннан қан кетуге шағымданып түсті. Қарағанда тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары айқын бозғылт, аяқ-қолдарында және денесінде әртүрлі көлемдегі көгерулер бар. Қан анализінде Эритроциттер – л; Нв-53 г/л; тромбоциттер л, Лейкоциттер – л, Нейтрофилдер: с/я –17 %, т/я – 1%, Моноциттер – 3%, Лимфоциттер – 79%, ЭТЖ –24 мм/сағ. Диагнозды негіздеу және емдеу жоспарын анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу көрсетілген?
*Сүйек кемігінің пункциясы
*Ph-хромосоманы зерттеу
*Миелопероксидазаға реакция
*+Цитогенетикалық зерттеу
*Шеткері қан жасушаларын иммунофенотиптеу
#280
*!32 жастағы әйел себебі белгісіз анемиямен госпитализацияланған. ЖҚА: Нв-42 г/л, ТК-0,9, ретикулоциттер-90%, лейкоциттер- л, тромбоциттер- л. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 88 мкмоль/л, тура емес –78 мкмоль/л, Кумбс сынамасы – оң. Төмендегі анемиялардың қайсысы болуы мүмкін?
*Апластикалық анемия
* тапшылықты анемия
*+Гемолитикалық анемия
*Теміртапшылықты анемия
*Cидероахрестикалық анемия
#281
*!Ер адам 27 жаста, Турция иммигранты; дәрігерге: әлсіздікке, бас айналуға, сарғыштануға, зәрінің қараюына шағымданып келді. 3 күн бұрын респираторлы инфекцияның көріністері болғанын және дене қызуының ге дейін көтерілгенін айтты. Парацетомол, колдрекс қабылдаған. Қан анализінде нормохромды анемия, ретикулоцитоз. Қай диагноз жайлы ойлауға болады?
*Маркиафава-Микели ауруы
*Тұқым қуалаушылық микросфероцитоз
*Аутоиммунды гемолитикалық анемия
*Идиопатиялық гемолитикалық анемия
*+Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
#282
*!22 жастағы қызда ауыр ағымды ЖРВИ фонында сарғыштану пайда болды. Қарап тексергенде спленомегалия анықталды. УДЗ-де: Өт қапшығында тас. ЖҚА: WBC- л , RBC- , HGB -53 G/L, HCT-0.288 L/L, MCV-62.6, MCH-15.9, MCHC-253. Сфероцитоз, акантоз, овалоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 62 мкмоль/л, тура емес –51 мкмоль/л. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады?
*Маркиафава-Микели ауруы
*+Тұқым қуалаушылық микросфероцитоз
*Аутоиммунды гемолитикалық анемия
*Идиопатиялық гемолитикалық анемия
*Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
#283
*!Гемолитикалық анемиямен ауратын науқастың кезекті қан сарысуындағы ферритинді зерттегенде ферритин мөлшері – 820 мкг/л (норма 30-350 мкг/л). Қандай емдеу жолы маңызды?
*+Десферерал
*Гемсинерал
*Цитостатиктер
*Цианокобаламин
*Фолий қышқылы
#284
*!Ер адам 37 жаста стационарға мұрыннан қан кетуге, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары әлсіз бозарған, аяқтарында және денесінде әртүрлі көлемдегі көгерулер бар. Бірінші кезекте науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?
*Сарысудағы темір, ферритин
*Глюкоза, жалпы белок, ЛДГ, амилаза
*+Жалпы қан анализі, коагулограмма
*Креатинин, мочевина, қалдық азот
*Билирубин, АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза
#285
*!Ер адам 32 жаста стационарға мұрыннан қан кетуге, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары әлсіз бозарған , аяқтарында және денесінде әртүрлі көлемде көгерулер бар. Қан анализінде: Эритроцит – ; Нв-123 г/л; тромбоцит л, Лейкоцит – , Нейтрофил: с/я –44 %, т/я – 3%, Моноцит – 4%, Лимфоцит – 49%, ЭТЖ –12 мм/сағ. Науқасқа тағы қандай зерттеу жүргізу керек?
*+Сүйек кемігіне пункция жасау
*Ph-хромосоманы зерттеу
*Миелопероксидазаға реакция
*Цитогенетикалық зерттеу
*Шеткері қан жасушаларын иммунофенотиптеу
#286
*!Қыз бала 18 жаста жедел респираторлы инфекциядан кейін бір аптадан соң денесінде және аяқтарында көгерулер пайда болды, қан анализінде тромбоцит саны – . Қандай болжама диагноз қоямыз?
*Тромбоцитопатия
*Вегенер ауруы
*Верльгофа ауруы
*+Виллебранд ауруы
*Шенлейн-Генох ауруы
#287
*!Ер адам 28 жаста мұрыннан қан кетуіне, қызыл иектің қансырауына шағымданып келді. Анамнезінде жақында ЖРВИмен ауырған. Қарап тексергенде тері жабындылары әлсіз бозарған, денесінде және аяқтарында әртүрлі көлемде «геморрагия», петехиялар жоқ. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу керек?
*Ферритин, сарсудағы темір
*Жалпы белок, глюкоза, ЛДГ, амилаза
*+Жалпы қан анализі , коагулограмма
*Қалдық азот, креатинин, мочевина,
*Сілтілі фосфатаза, билирубин, АЛТ, АСТ
#288
*!Жасөспірім 19 жаста жедел респираторлы инфекциямен ауырғаннан кейін 7 күннен соң денесінде және аяқтарында «көгерулер» пайда болды, қан анализінде тромбоцит көлемі– . Болжама диагноз ?
*Тромбоцитопатия
*Виллебранд ауруы
*Шенлейн-Генох ауруы
*Геморрагиялық васкулит
*+Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
#289
*!35 жастағы әйел жалпы жағдайы ауыр; қынаптан қанды бөлінділердің бөлінуіне, қалтырауға, дене қызуының ге көтерілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде – жүктілікті өздігінен үзген. Объективті: инъекция орындарында қан ағулар. Қан анализінде: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанол және протаминсульфаттық тесттер -оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-72%, тест с ядом эфы выявил гиперкоагуляцию. Терапияның тиімділігін бағалауда гемостаз көрсеткіштерінің қайсысы ақпаратты?
*фибриноген
*тромбоциттер
*+антитромбин III
*этанолды тест
*протаминсульфаты тест
#290
*!20 жастағы әйелде босанудан кейін қан кету басталған, мұздатылған плазма құйғаннан кейін тоқтаған. Анамнезінде ерте балалық кезден қан кетулер, көгерулер болып тұратын. Бұл симптомдар ағасы мен апкесінде де болған. Тексеру барысында тромбоциттер қалыпты, АЧТВ ұзаруы, VIII фактордың және Виллебранд факторының белсенділігінің төмендеуі. Науқасқа төмендегі препараттардың қайсысын қабылдауды тоқтату керек?
*+Ацетилсалицил қышқылын
*Сульфосалазин
*Гентамицин
*Мелоксикам
*Тубазид
#291
*!Науқаста қан құйғаннан кейін ыстықтау сезімі пайда болды,кеуденің ауруы, арқаның және іштің ауруына шағымданады. Объективті: науқас мазасыз, ЖСЖ – 120 рет мин, АҚҚ – 85/65 мм рт.ст. Науқаста осы жағдайда зәрінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
*Массивті протеинурия
*Массивті гематурия
*Гипоизостенурия
*+Гемоглобинурия
*Лейкоцитурия
#292
*!Жас өспірім 19 жаста жалпы әлсіздікке, ұйқышылдыққа, буын сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Қарап тексергенде: бозаруға, бөрітпеге, жақ асты , жак үсті, мойын, мойын асты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ бойынша – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: гемоглобин -87 г/л; эритроцид-3.0 млн; лейкоцит – 25 мың; бласты жасушалар -47%; сегменттаяқшалар – 29%; лимфацит 18% ; моноцит -6%; тромбоцит – 110 мың; ЭТЖ – 45 мм/сағ. Қандай зерттеу әдісі нақты диагноз қою үшін тиімдірек?
*Лимфа бездерінің пунктатын зерттеу
*Сүйек миының цитохимиялық зерттеуі
*+Суйек миының жасушаларын иммунофенотиптеу
*Сүйек миын иммуногистохимиялық зерттеу
*Лимфа бездерінің пунктатын иммуногистохимиялық зерттеу
#293
*!Жас өспірім 16 жаста әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:тері қабаты бозарған, бөрткен, қызыл иектері ісінген, қанаған, тығыз жақ асты, жақ үсті, мойын, бұлшықетасты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: эритроциттер – 1,8 млн; Hв-56 г/л; ЦП – 0,93; лейкоцит -2,6 мың; бластты жасушалар – 68%,тромбоцит – 30 мың; ЭТЖ- 50 мм/сағ. Нейролейкемияны диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісі тиімдірек?
*Бас миының КТ
*Бас миының МРТ
*+Люмбальды пункция
*Лимфабездерінің пунктаттын зерттеу
*Иммунофенотиптеу мен трипонобиопсия
#294
*!Әйел, 56 жаста Созылмалы вирусты гепатит С. Анамнезінде асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, қазір – созылмалы гастродуоденит. Вирусқа қарсы ем алдында ЖҚА: Эритроциттер – ; Нв-118 г/л; ҚК -0,9, тромбоциттер , Лейкоциттер – , Нейтрофилдер: с/я –45 %, П/я – 4%, Моноциттер – 6%, эозинофилдер – 3%, Лимфоциттер – 42%, ЭТЖ –12 мм/с. Пег-интерферон мен рибавиринмен емделгеннен кейін 2 айдан соң ЖҚА: Эритроциттер – ; Нв-88 г/л; ҚК -1,05, тромбоциттер , Лейкоциттер – , Нейтрофилдер: с/я –43 %, П/я – 2%, Моноциттер – 6%, эозинофилдер – 1%, Лимфоциттер – 48%, ЭТЖ –18 мм/ч. Миелограммада: мегалобластар - 52%.
Дамыған анемияның қандай себебі БАРЫНША болуы мүмкін?
*созылмалы HCV–инфекция
*интерферонның антипролиферативті эффектісі
*рибавериннің антигемопоэтикалық эффектісі
*+асқазан мен он екі елі ішектің созылмалы патологиясының болуы
*асқазанның париетальды клеткасына антиденелер деңгейінің жоғарылауы.
Достарыңызбен бөлісу: |