1 дәреже. Шамалы байқалатын ошақты эритема және өңештің абдоминальды бөлігінің шырышты қабықшасының көлкілдеп тұруы, төс айналасындағы шамалы байқалатын қозғалыстық бұзылулар (2-сызығының көтерілуі 1 см-ге дейін), қысқа уақытқа қоздырылған субстальды пролабирлену биіктігі 1-2см, төс тонусының төмендеуі.
2 дәреже. Сол сияқты өңештің абдоминальды бөлігін толық алып жататын гиперемиясы, ошақты фибринозды өңезі бар және беткі жағында жекелеген, көп жағдайда өңештің шырышты қабықша қатпарларының ұшында орналасқан эрозияның сызықты түрі болуы мүмкін. Қозғалыс бұзылулары: айқын эндоскопиялық белгілер, 3 см жоғарғы жағында тотальды немесе субтотальды қоздырылған пролабирлену және оның аз бөлігі өңешке бекінуі мұмкін.
3 дәреже. Сол сияқты қабыну өңештің кеуде бөлігіне тарауы. Көптеген (кейде бірігіп кеткен эрозия), айналмалы емес орналасқан. Шырышты қабықшаға тиген жердің жаранғыш болуы мүмкін. Қозғалыс бұзылулары: сол сияқты + көкет аяқшаларының жоғарғы бөлігінде кездейсоқты немесе қоздырылған пролабирленудің айқын болуы және шамалы бекінуі мүмкін.
4 дәреже. Өңеш жарасы. Баррет синдром. Өңеш стенозы. 2002 жылы Лос-Анджелесте гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгрессінде алғаш рет ГЭРА-ның клиникалық жіктелуі ұсынылған болатын, соған сәйкес келесі түрлерін анықтауға болады: бейэрозиялы рефлюксті ауру (БЭРА), эрозиялы эзофагит (немесе эрозиялы ГЭРА) немесе рефлюксті аурудың асқынған түрі болып саналатын және асқазан немесе ішектің көпқабатты жалпақ эпителиінің цилиндрлі эпителиймен метаплазмиялануы ретінде сипатталатын Баррет өңеші.