Газ үрлегіштер -корпус ішінде екі параллель биікте екі барабан немесе
поршень айналады.Бұлардың біреуі электр қозғалтқыш жәрдемінде айналып,
ал екіншісі тісті беріліс арқылы байлынсқан.Барабандар бір-біріне қарама-
қарсы бағытта айналады.Барабандар бір-біріне және корпусқа нығыз тақалып
айналғанда бір-біріне бӛлек камера пайда болады.Бұл камераның біреуінен
газ сорылып, ал екіншіснен газ сығылады.Газ үрлегіштердің ӛнімділігі 2:800
м3/мин.
2) Желдеткіштердің жұмысының негзі. Турбогазүрлегіштер
Желдеткіш - бӛлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар
арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс
қысымдайтын құрылғы.
Ӛнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы
желдеткіш түрлері кеңінен тараған. Ашатын аппараттарда желдеткіштер
тарту күшін тудыратын құрал ретінде (кӛтергіш желдеткіштер,
турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш—
фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың
үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (ӛнеркәсіптік
желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты —
центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады
(суретті қ.). Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы
немесе тікелей серіппелі муфта кӛмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім
желдеткіштердің қалақшалы дӛңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне
бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл
бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.
Турбогазүрлегіштер -корпустың ішінде қалақшалары ортадан тепкіш
насостың
қалақшаларындай
жұмысшы
доңғалақ
айналады.Әдетте
доңғалақты газдың кинетикалық энергиясын потенциалдық энергияға
айналдыратын бағыттаушы апараттың ішіне орнатады. Бағыттаушы аппарат
бір-бірімен жұмысшы доңғалақтың иілген жағына қарама-қарсы иілген
қалақшалармен қосылған екі сақиналы құрылғы. Біліктегі жұмысшы
доңғалақтың санына қарай турбогазүрлегіштер бір және кӛп сатылы болады.
Турбогазүрлегіштердің сығылу дәрежесі 3-3,5 кӛп болмайды, сондықтан
оларда газ суытылмайды.