Газдарды алмастыру және сығу (компрессорлы машиналар)
1) Роторлы компрессорлар мен газ үрлегіштер.
Роторлы компрессорлар вакуумды қалыптастыруға немесе ауаны және болат
пен шойынға агрессивті емес, улы емес және қауіпті емес газдарды,
құрамында майы жоқ, ағынды бӛлік жағдайында жарылысқа қауіпсіз және
тамшы сұйықтығы мен механикалық қоспалары жоқ, ӛнеркәсіптің барлық
салаларында әртүрлі технологиялық процестер жағдайында сығуға және
беруге арналған.
Құрылымы бойынша роторлы компрессор келесі топтарға бӛлінеді:
1)
бір білікті:пластиналы,сұйықтық сақиналы, жылжымалы роторлы және
т.б.;
2)
екі білікті:коловратты (рутс типті) және бұрандалы.
Барлық роторлы компрессорлардың сорушы клапандары болмайды, ал
айдаушы клапан тек роторлы сырғанақ түрдегі компрессолар да болады.
Сосын пластиналы компрессорларда кездеседі. Кішігірім машиналарға және
вакуумды сораптарға, қысымның кӛтерілу дәрежесі аз ӛте үлкен
компрессорларға ауамен салқындатылады. Басқа жағдайларда цилиндрлері
сумен салқындатылады. Жұмыстық камераға май және су бүркіп беру әдістер
қолданылады.
Пластиналық компрессорларда цилиндрден және оның ішінде пластиналары
бар ротор айналып тұрады. Пластиналардың саны (2-30 дейін болады),
машина кӛлеміне, компрессордағы ротордың ӛзгеруіне, пластинаның
материалына,
майлау
және
салқындату
тәсілдеріне
байланысты.
Пластинаның саны неғұрлым кӛп болған сайын, соғұрлым ротордың ӛзгеруі
бірқалыпты және газдың шығыны аз болады, бірақ цилиндр тез тозады.
Пластина материалы — болат, синтетикалы смала және кӛмірлі графиттер
аралас. Біліктің айналу бағытына қарай пластиналардың еңкіш
орналасуы,пластиналардың фазасындағы үйкелісін және олардың қысылып
қалуын азайтады. Ротордың айналу жиілігін шектейді, пластиналардың
шеңберлік жылдамдығы, шамамен болат пластиналар үшін 13 мс
пластмассалы және графитті пластиналар үшін 8…18 мс. Бір сатылы
компрессорлардағы қысымның сығылу дәрежесі 5-тен тӛмен, екі сатылы
аралық салқындатқышы бар машиналарға тән. Пластиналық компрессордың
жұмыс істеу принципі бойынша сорап каналы D нүктеден бастап бӛлініп
алынған газ камера алдындағы пластина шыға беріс терезеге келгенше b
нүктесіне дейінгі аралық газ сығымдалады. Камерадағы қысым жылдам бір
қалыпқа келгеннен кейін, бұр процесс камерадағы алдыңғы пластина
цилиндр бетімен (c нүкте) жанасқанша жалғасады. С нүктеден d нүктеге
дейін камера қозғалысында ротор мен цилиндрдің тӛменгі жағында қалған
газ ұлғаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |