3) Әртүрлі типті компрессорлы машиналардың қолдану аймақтары.
Компрессорда газдың қысымының артуы және оның қысымы тӛмен аймақтан
қысымы жоғары аймаққа ауысуы жүреді .Тау—кен
кәсіпорындарында
пневматикалық қондырғылардың компрессорларымен ауаның сығылуы
жүзеге асырылады .
Винттік компрессорлардың
шуды басатын каптамалары болғандықтан
басқа компрессорларға
қарағанда тыныш жұмыс жасайды, цехтарда
адамадарға жайлы жағдай жасалады. Бұл компрессорлардың кӛпшілігінде
сандық басқару қарастырылған
Осының арқасында қысымды, циклдің
үрдістердін, энергия тұтынуды реттеуге болады . Винттік компрессорлардың
басты артықшылығы ретінде: оларда поршендік
компрессорларға қарағанда
май шығыны бірнеше есе аз болатындығын атауға болады. Сондықтан бұл
кӛрсеткіш шығатын ауа үшін ӛте маңызды, ӛйткені
оның тазалығы жоғары
болады, қосымша фильтрді қажет етпейді.
Роторлы компрессорлардың
кейбір түрлері тек таза газ айдау үшін,
басқа
бір түрлері — сұйық газ қоспасын беруге арналған;
олар кәсіпшіліктерге
мұнайгаз дайындау жүйелерінде вакуумдық сораптар, детандер (кеңейту)
түрінде қолданылуы мүмкін.