Компрессорларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Компрессорлардың жұмысқа қабілеттілігін бақылау

Компрессордың жұмысқа қабілеттілігін бақылау оның техникалық жай-күйін бағалау және пайдалану параметрлерін дайындаушы зауыттың кепілдік сипаттамаларымен салыстыру мақсатында жүзеге асырылады (компрессордың кепілдік сипаттамалары дайындаушы зауыттың паспортында көрсетілген немесе паспорттық деректер негізінде есептеледі).

Компрессор жұмысының көрсеткіштеріне компрессорды беру (компрессордан шығатын ауа шығыны); жетек муфтасындағы қуат; компрессордың ПӘК жатады.
Ауа шығынын атмосфераға ауа шығару желісінде өлшеуіш дыбыстық шүмекпен өлшеу ұсынылады.
Компрессордың шығынын (берілуін) өлшеу кезінде тұтынушы ажыратылады, ал ауа шүмек арқылы атмосфераға шығарылады.
Бұдан басқа, компрессордың және оның элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау үшін күн сайын келесі параметрлер бақыланады:

-қысудың әрбір сатысынан кейін және компрессор шығысындағы қысылған ауаның қысымы мен температурасы;
-компрессорға және тоңазытқышқа салқындатқыш судың түсуінің үздіксіздігі;
-келетін және шығатын салқындатқыш судың температурасы;
-майлау жүйесіндегі майдың қысымы мен температурасы;
-компрессор мен қозғалтқыштың мойынтіректі тіректеріндегі діріл деңгейі.
Бақыланатын параметрлер күрт өзгерген немесе жұмыс аймағынан тыс шыққан жағдайда компрессордың жұмысын дереу тоқтату, оған тексеру жүргізу керек.Компрессорлардың жұмыс істемеу себептері мен белгілері 3.5-кестеде келтірілген.
Компрессорлардың техникалық жай-күйін диагностикалау, олардың жұмыс көрсеткіштерін бақылау нәтижелері бойынша, сондай-ақ бұрын орындалған жөндеулердің саны мен мерзімдерін, соңғы жөндеуден кейін сағаттағы атқарымдарды ескере отырып, әрбір компрессор бойынша келесі ТҚ немесе жөндеу жүргізудің мерзімі мен көлемі белгіленеді. Көрсетілген деректер болмаған жағдайда компрессорларды жөндеу жөндеу циклына және сенімділік көрсеткіштеріне (ТҚКЖ жоспарлы жүйесі) сәйкес жасалған графиктер негізінде орындалады.

Бақылау сұрақтары:
1. Компрессордың жұмысқа қабілеттілігін бақылау не мақсатта жүргізіледі?