Экстракция деп бір еріткіште еріген затты сол еріткішпен араласпайтын және бөлінетін затты жаксырақ ертетін екінші еріткішпен (экстрагент) бөліп алу әдісін айтады
.
Экстракцияда көбіне 2 еріткіш қолданылады
біріншісі – сулы, екіншісі – сумен араласпайтын органикалық еріткіш. Органикалық еріткіш ретінде С Н ОН – изоамил спирті, С Н - бензол, т.б. қолданылуы мүмкін. Бұл қосылыстардың меншікті салмағы судан кем, сондықтан олар судың бетінде болады. Жеңіл еріткіштерді экстракциялау үшін көп қолданбайды, себебі булану нәтижесінде органикалық қабаттың жалпы мөлшері кемиді, ал бұл фактор экстракцияланатын компоненттің сумен органикалық қабат арасындағы үлестірілуіне – таралуына әсер етеді. Ауыр еріткіштерге ССI - төрт хлолы көміртегі, СНСl - хлороформ жатады.