Бұл аурулардың жалпы белгісі - қанауға бейімділік. Геморрагиялық диатездерге: гемофилия, тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы), геморрагиялық васкулит (капилляротоксикоз, Шенлейн-Генох ауруы) жатады .Бұл жағдайларға ортақ сипат — қанаққыштық. Таралуы бойынша қан ауруларының ішінде анемиялардан кейін 2-ші орында.
Тамыр жарақатынан соңғы қан тоқтатуды шартты 2 фазаға бөлуге болады — бірінші және екінші. Гемостаздың алғашқы фазасында тамыр қабаты мен тромбоциттер катысады. Тромбоциттер жарақат орнына (адгезия) және өзара (агрегация) жабысады, оның үстіне өз бойынан және плазмадан орныққан гемостазға керек факторлар мен биологиялық белсенді заттарды (серотонин, адреналин, АДФ т.б.) бөліп шығарады.