1. Қан ұю уақытын анықтау Бюркер әдісі: 2,5 – 5,5 мин. Ли-Уайт әдісі: 6-10 мин. Фони әдісі: 20-32 мин. Бюркер әдісінің принципі: Сағат шынысындағы 1 тамшы қанды шыны таяқшамен араластырғанда, фибрин жіпшелерінің пайда болу уақыты. Ли-Уайт әдісінде 37 о С температурада қанның ұю уақыты. Қан ұюдың барлық механизмдері мен кезеңдеріне үш негізгі тәсілдердің көмегімен – АПТВ, тромбин және протромбин – сенімді баға бере алады.
2. Коагулограмма АПТВ = БПТУ АКТ = АКС тромбин уақыты протромбин уақыты т.б. Тромбин сынағында қан ұю процессінің соңғы кезеңі бағаланады: тромбиннің стандартты санының әсерінен сарысу коагуляциясының уақыты (көбінесе 15 сек. тромбин қолданылады). БПТУ-да ішкі механизммен жіберілген сарысудың ұю процессі анықталады. Бұл дәл, қан ұюдың ішкі механизміне қатысатын факторлардың – II, V, VIII, IX, X, XI, XII жетіспеушілігіне өте сезімтал әдіс. Қан ұюдың ішкі механизмінің жетіспеушілігіне одан да сезімтал әдіс – АКС. Ол тромбиннің түзілу динамикасы мен инактивациясын анықтайтын тәсіл. Квиктің протромбинді (тромбопластинді) сынағы сыртқы механизммен (II, V, VII, X факторлар) жібергендегі қанның ұю процессін сипаттайды. КОАГУЛОГРАММА (фрагменті).