Геморрагиялық васкулит – арнайы емес табиғатты, көп этиологиялы ауру. Созылмалы инфекция ошақтарының маңызы зор. Олар 80% ауруларда анықталады. Сырқат аллергияға икемділігі бар балаларда жиі кездеседі. Геморрагиялық васкулит дамуында жасырын кезең байқалады.
Баланың организміне антигендер түскеннен кейін оған қарсы антиденелер және иммунды комплекстер түзіледі. Бұл реакция комплемент жүйесінің белсенділігімен және иммунды комплекстерді семіз клеткалардың адсорбциялануымен қатар жүреді.
Баланың организміне антигендер түскеннен кейін оған қарсы антиденелер және иммунды комплекстер түзіледі. Бұл реакция комплемент жүйесінің белсенділігімен және иммунды комплекстерді семіз клеткалардың адсорбциялануымен қатар жүреді.
Соның әсерінен вазобелсенді аминдер босайды, олар қан тамырларының дилатациясын тудырып, өткізгіштігін бұзады. Бұл жағдай эндотелий клеткаларының ыдырауына әкеп соғады, соның салдарынан иммунды комплекс тамыр қабырғасына жабысуы жеңілдейді. Иммунды комплекс нейтрофильдермен фагоцитозы кезінде лизосомнан ферменттер бөлініп шығып тамыр қабырғаларын зақымдайды.
Геморрагиялық васкулит патогенезінде гемостаз жүйесінің коагуляциялық және тромбоцитарлық буындардың өзгерістері анықталған. Қан ұю жүйесінің белсенділігі артады.
Сонымен геморрагиялық синдром иммунды комплекстердің тамыр қабырғасына тікелей әсер етуі салдарынан пайда болады, гемокоагуляция белсенділігі артып, соның салдарынан көптеген микротромбтар пайда болады, жайылған тамыр ішілік қан ұю байқалады. Қанның антикоагулянтты қасиеттерінің өзгерістері анықталған. Антитромбин ІІІ жетіспеушілігі аурудың бастапқы кезеңінде оның артығымен жұмсалғанына байланысты.