Емдеу жолдары ерте және комплексті, қанды тоқтату тез әрі тұрақты болу керек. Қанды тоқтату үшін консервативті және оперативті әдістерді қолданады. Бір мезгілде жүргізілетін шаралар: тыныс алу жетіспеушілігін коррекциялау, ҚАК-ты қалпына келтіру-инфузия-трансфузия терапиясын жүргізу, қан ұю жүйесінің бұзылуын қалпына келтіру-плазма, жылы қан құю, қанның микроциркуляциясын жақсарту.
ҚАК қалыпқа келгеннен кейін, тәуліктік зәрдің мөлшеріне қарай диуретиктер енгізеді.Зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді.Жүрек жұмысын жақсартуда кардиотоникалық дәрілер және глюкокортикоидтарды пайдаланады.
Геморрагиялық шокпен күресуде инфузиялық терапияның жылдамдығы, көлемі және енгізген ерітінділердің құрамының маңызы зор.
Декомпенсациялы шокта инфузияның жылдамдығы жоғары болу керек, ол үшін перифериялық екеу немесе орталық венаны пайдаланады.Алдымен коллоидты содан кейін кристаллоидты ерітінділерді құяды. Полиглюкин, реополиглюкин,реоглюман, желатинолды және жаңа препарат оксиэтилкрахмалды кеңінен қолданады.Оксиэтилкрахмал қанның реологиялық қасиетін және майда тамырлардың қан ағымын жақсартады
ТІШҚҰ-синдромы
Тамыр ішілік шашыранды қан ұю синдромы (ТІШҚҰ) - жүктіліктің әр түрлі асқынуларына ағзаның бейарнамалы жалпы патологиялық реакциясы болып табылады.
ТІШҚҰ-синдромына әкеледі: қан жасушаларының зақымдалуы нәтижесінде олардан тамыр ішілік қан ұюын белсендіретін фосфолипидтер босап шығады; тіндердің зақымдалуы және нәтижесінде қанайналасына тіндік тромбопластиннің түсуі; бастапқы гиперкоагуляция. Акушерияда ТІШҚҰ-синдромы - гестоздың ауыр түрлерінде, қалыпты немесе жолда орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, қағанақ суымен эмболия, өлі ұрық, септикалық немесе геморрагиялық шокта, жатыр жыртылуында көрініс береді.
Клиникасы
шок қан кету тромбоздар көп мүшелі шамасыздық. ТІШҚҰ-синдромының клиникалық көрінісі оның даму жылдамдығына, таралуына, компенсаторлы реакциялардың айқындылығына, синдром сатысына байланысты.