Геморрагиялық шок. ТішқҰ-синдромы


ДЕКОМПЕНСАЦИЯЛЫҚ ҚАН ШЫҒЫНЫ



бет2/4
Дата18.04.2023
өлшемі117,97 Kb.
#174793
1   2   3   4
Байланысты:
335519.pptx 2

ДЕКОМПЕНСАЦИЯЛЫҚ ҚАН ШЫҒЫНЫ

Орташа есеппен қан айналым көлемінің 10%-450-500мл болып есептеледі. Мұндай қан шығынын тез уақытта өзінің бейімделу қабілеттерімен қалпына келтіреді.

Олар:

  • Қан тамырларының түйілуі, бұл бейімдеуші қабілет организмде қан қысымын көпке дейін ұстап тұрады.
  • Ұлпа және ұлпа аралық сұйықтықтар, деподағы (бауыр, көк бауыр, жатыр бұлшық еттеріндегі) қандар тез арада қан тамырларына ауысып, қан көлемін толықтыруға көмектеседі.
  • Жүрек соғуы жиіленіп оның минуттық көлемі үлкейеді, осығанбайланысты жүрек жұмысы да артады.
  • Жоғарғы жүйке жүйесінің, гипоталамус-гипофиздің, бүйрек безінің қызметтері өседі

Егер қан шығынының мөлшері айналымдағы қан көлемінен 10%-ден артық болса, оны Декомпенсациялық қан шығыны дейді. Бұл жағдайда организм өзінің компенсаторлық бейімдеуші қабілетін сақтай алмайды. Әйел организмінде әртүрлі патологиялық құбылыстар және геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады.

Клиникасы

  • Геморрагиялық шоктың сатылары:
  • Әйелдің күй жағдайы өзгермейді. Қан қысымы мм с.б. Астам. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Тамыр соғуы 80-90 минутына. НВ-90г/л және одан жоғары.ҚАК-15%-ға дейін (750мл)
  • Әйелдің күй жағдайы орташа, оның басы айналып, көзі қарауытады. Дене, бет терілері шамалы бозарады. Қан қысымы 80-90 мм с.б. Тамыр соғуы 110-120 рет бір минутта. НВ-80г/л жіне одан төмен. ҚАК-25%-ға дейін (1200мл)
  • Әйелдің күй жағдайы өте ауыр, есінен танып, терілері қатты бозарады, дене ыстығы төмендейді. Қан қысымы 60-70мм с.б. Тамыр соғуы әлсірейді 130-140 минутына. Әйелдің зәрі азаяды. ҚАК-30-40%-ға дейін (1200-2000мл)
  • Әйел ес түсінен ажырайды. Қан қысымы, тамыр соғуы анықталмайды. Жүрек қағысы әлсіреп, әйелдің дем алуы томендейді, зәрі тоқтайды. ҚАК-40%-дан артық (2000мл артық)

«Шоктық индекс»

  • Әйелдің күй жағдайын анықтауда «шоктық индекс»-ті пайдаланады. «Шоктық индекс»- тамыр жиілігінің систолалық қан қысымына қатынасы. Бұл көрсеткіш 0,5-ке тең.
  • ҚАК -20-30% болған жағдайда шоктық индекс-1,0-ге тең. Егер ҚАК- 30-35% болса, индекс 1,5-ке тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет