Қан ұюының плазмалық факторларының Халықаралық аталымдары Рим цифрларымен төмендегідей белгіленеді: II-фактор - протромбин, ІҮ-фактор – Ca2+-иондары, Ү-фактор - Ас-глобулин, проакцелерин, құбылмалы фактор, ҮII-фактор - проконвертин, тұрақты фактор, Қанның плазмалық қан ұю факторларының әсерленуімен дамитын коагуляциялық гемостаз жалғасы Қан ұюының плазмалық факторларының Халықаралық аталымдары Рим цифрларымен төмендегідей белгіленеді: ҮIII-фактор - антигемофилдік глобулин (АГГ), IX-фактор - Кристмас факторы, антигемофилдік фактор В, тромбопластиннің плазмалық бөлшегі, ХІ-фактор - тромбопластиннің плазмалық құрушысы, Розенталь факторы, ХIII-фактор - фибринді тұрақтандыратын фактор, фибриназа, плазмалық трансглутаминаза. Қазіргі көзқарастар бойынша қанның ұюы 3 сатыда өтеді: 1-сатысында - протромбиназаның (X- фактордың) әсерленуі болады. Ол екі жолмен әсерленуі ықтимал: біріншісі «сыртқы» жол делінеді және ол қанға тіндік тромбопластиннің түсуіне байланысты дамиды, екіншісі «ішкі» жол делінеді және ол тіндік тромбопластиннің қатысуын қажет етпейді. X –фактордың әсерленуінің «сыртқы» жолында тіндік тромбопластин (III ф.) бүлінген тіндерден немесе ыдыраған қан жасушаларынан шығып, проконвертинмен (VII ф.) өзара әсерге кіреді де, Са2+- иондарының қатысуымен, плазмалық протромбиназаны (X ф.) әсерлейді. Қан ұю жолдары жалғасы Қан ұюдың 2-сатысында көрсетілген екі жолдың қайсысымен болса да, әсерленген Х ф, протромбинді тромбинге айналдырады. Бұл реакция Са2+ иондарының және Үф. мен фосфолипидтік фактор 3 қатысуымен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |