Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Етістік тұлғаларының ұйқасқа қатысуы



Pdf көрінісі
бет13/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
Етістік тұлғаларының ұйқасқа қатысуы. 
Біз Абай өлең-
дерінің тіліне арнаған монографияларымыздың біреуінде 
қазақ поэзиясындағы, оның ішінде Абай өлеңдеріндегі ұйқас 
көрінісін өлең тілінің синтаксисіне қатыстыра сөз еткен бола-
тынбыз. Бұл еңбектің жарыққа шыққанына ширек ғасырдай 
уақыт өтіп, кітаптың сирек бұйымға айналғандығын ескеріп, 
оның үстіне таралымы (тиражы) тым аз (3350 дана) басы-
лым біреудің қолына тисе де, екінші біреулердің қолына ти-
мей қалған болар деп, тіпті әрі-беріден соң аты аса «ғылыми» 
бұл кітаппен негізінен мамандар ғана танысқан болар деген 
күдікпен біз осында айтқан ойларымыз бен жүргізген тал-


56
дауларымыздың бірқатарын осы еңбегімізде қалың көпші-
лікке арнап қайталап беруді жөн көрдік. Мұндағы қайталап 
ұсынылатын материалдардың осы кітабымыздың тақырыбына 
үндесетіндігін де ескердік.
Аяққы ұйқасқа алынған сөздердің атқаратын рөлін зерттеу-
шілер айрықша атап көрсетеді. Ұйқастың өлең табиғатына 
сай өзге қызметтерімен қатар (мысалы, ырғақты күшейтетін 
немесе тармақ жіктерін ажырататын) оның көріктеу-бейне-
леу құралы ретінде де мәні бар екендігі, яғни өлеңдегі 
негізгі айтылмақ ойды білдіруге көмектесетіндігі айтылады.
Ұйқастырылатын сөздерге ой екпіні түседі де, оған оқыр-
манның көңілі аударылады
20
. Демек, ұйқасқа алынатын сөздер 
кездейсоқ болмайды екен және олар шумақтың немесе өлең 
бөліктерінің негізгі мағынасын аша түсетін сөздер болуға тиіс 
екен.
Ұйқастың өлең мазмұнына, идеясына, стиліне тікелей 
қатысты болатындығын біз де баса көрсетеміз. Соған орай 
ұйқастырылатын сөздердің сипаты (қай сөз табы екендігі) мен 
тұлғасының қандай екендігінің үлкен мәні бар, оның үстіне 
ұйқасқа шығарылған сөздердің өлең құрылысына тікелей әсері 
бар дейміз. Бұл мәселе жеке қаламгер шеберлігін тануға да 
қатысты, өйткені ұйқас пен өлең гармониясын кез келген ақын 
барлық өлеңінде принцип етіп ұстана бермейді.
Абай да айтпақ ойы үшін «ең салмақты», яғни бейнелі сөзді 
тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұйқас-
тырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар өлеңдерінің кейде түгел өн 
бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір замандастарының 
жағымсыз бейнесін суреттейтінін білеміз (ол жайында басқа 
тақырыпқа байланысты жоғарыда да айттық). Адам баласының 
мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір 
тобы – еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер немесе солардан 
жасалған туынды тұлғалар. Сондықтан Абай «Қазағым, қалың 
елім, қайран жұртым» тәрізді өлеңін бастан-аяқ 
қыртың, 
бұртың, қиқым, тырқың, жыртың 
сияқты жағымсыз мәнді 
сөздердің ұйқасына құрады, «жібі түзу» мәнді сөздер 
(жұртым, 
20
 Сыздықова Р.
 
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970. - 147-
166-б.


57
ұртың, мұртың, құлқың, жылқың 
т. т.) алдыңғы жағымсыз 
сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі иде-
ясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз аузына 
мұрты түскен» замандастарының сұрықсыз портретін беруге 
ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн бойына 
созылған моноұйқаста (бір ғана ұйқаста) бейнелеуіш сөздердің 
шоғырланып келіп отыруы осы сөздерге оқырман назарын ау-
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан, пауза 
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі.
Зерттеушілер жалпы түркі поэзиясында, оның ішінде қазақ
өлеңінде әр алуан тұлғадағы етістік ұйқастардың жиі қолданыл-
ғанын айтады. Мұның бір себебі қазақ тілінде, өзге де түркі 
тілдеріндегідей, баяндауыштың сөйлем соңында келуіне 
қатысты сияқты. Өйткені қазақтың 11 буынды қара өлеңінің 
алдыңғы екі тармағы көбінесе шағын жеке бір ойды қамтитын 
бір-бір сөйлем болып келеді, ол сөйлемдер баяндауышпен 
аяқталады: «Қаратаудың басынан көш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет