Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


Етістіктің -мақ жұрнақты тұлғасы



Pdf көрінісі
бет10/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
Етістіктің -мақ жұрнақты тұлғасы
да Абай поэзиясы 
тілінде көбінесе стильдік қызметте жұмсалады, демек, поэти-
калық құралдардың біріне айналады.
Әдетте 
-
мақ
 
жұрнағы түркі тілдерінің бірқатарында қимыл 
атауын білдіреді, яғни қазіргі қазақ тіліндегі 

 
жұрнағымен 
(бару, келу 
дегендердегі сияқты) қызметтес

Бұл қызметте 
-мақ
 
жұрнағы қазақ тілінің өткен кезеңдері үшін де, қазіргі кезеңі 
үшін де жат емес (мектеп грамматикаларында қимыл атауы 

 
жұрнағымен беріледі деген қағидаға қарамастан). Қимылдың 
шаққа, жаққа, райға қатыссыз жалпы атауын (есімін) білді-
руде қазіргі қазақ тілінде негізінен 

жұрнағы көрсетілуінің 
себебі жоқ емес сияқты. Біздің байқауымызша, мұның бір 
себебі бұл жұрнақтың қызметтесі 
-мақ
-пен келген тұлғада 
мақсаттық (супиндік) реңктің болуы және үнемі болып жататын 
қимыл-әрекетті білдіретін, шаққа бейтарап 
-ады
 
қосымшалы 
тұлғаның орнына жұмсалуы деп ойлаймыз. Оның үстіне 
-
мақ
 
жұрнақты етістіктің тіркесімдік қабілеті 

жұрнақты тұлғаға 
17
 Жұбанов Е
.,
 Қожанов М.
Эпос тіліндегі көсемше // Қазақстан мектебі. - 1982. 
- №1.
18
 Ахметов 3.
Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 48 б.


53
қарағанда өзгешелеу келетін «қасиеті» де бұл тұлғаны қазіргі 
нормадан едәуір ығыстырған деп білеміз. Мысалы, 
баруға
болады 
деудің орнына 
бармаққа болады, баруым керек 
деудің 
орнына 
бармағым керек 
деп айту бұл күнде норма емес. Бірақ, 
әрине, бұл тұлға қолданыстан мүлде шығып қалған жоқ, 
өйткені мұның 

 
жұрнағына қарағанда, стильдік жүк арқалау 
қабілеті күштірек. Осыны Абай жақсы пайдаланған. 
Абай – ойшыл ақын. Оның суреттеуі, баяндауы қанша бол-
са, толғануы сонша. Философ абстракт (дерексіз) ұғымдарды 
сөз етеді. Ал дерексіз ұғымдар жеке түбір сөздер арқылы ғана 
емес, көбінесе туынды тұлғалар арқылы берілетіндігі мәлім. 
Абстракт ұғымдар есім сөздерден негізінен 
-лық 
жұрнағымен 
жасалатынын білеміз. Абай мұны да кеңінен іске асырған. 
Біздің байқауымызша, бұл жұрнақпен Абайдың өлеңдері мен 
прозасында жүздеген сөз қолданылған
19
. Олардың ішінде 
қазақ тілінде бұрыннан бар
, адалдық, арамдық, байлық, билік, 
батырлық, балалық, кәрілік, иттік 
сияқтылары да, ақынның 
өзі жасаған 
суықтық 
(Лермонтовтан аударған өлеңінде, 
орысша 
холод 
дегеннің баламасы), 
қоршылық (қорлық 
деген-
нің параллелі), адалшылық (
адалдық 
дегенмен қатар), 
тоқтау- 
лылық, байлаулылық, қорғалауықтық, табылмақтық, үміт 
үзбестік 
т. т. бар. Бұл жұрнақты Абай сөз тіркестеріне жалғап 
та қолданады, бұл – Абайдан өзгелерде сирек кездесетін құбы-
лыс. Абай шығармаларындағы 
мал тапшылық, қолы тарлық, 
әсем салдық, қызба бастық, күлкі тоқтық 
сияқты туынды 
күрделі есімдер, біздіңше, Абай қаламынан шыққан (әрине, 
модель бұрынғы, атаулар жаңа).
Бірақ бұл реттегі Абайдың тілге қосқандары мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет