Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ



Pdf көрінісі
бет133/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

АБАЙ
ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ
Өлең құрылысындағы инверсияның рөлі мен қызметі зор 
екендігі мәлім. Сөз жоқ, өлеңдегі инверсия жалғыз ғана ырғаққа 
байланысты жасалмайды. Өлең жолдарындағы сөздердің (сөй-
лем мүшелерінің) орындарын өзара алмастыру немесе бір 
сөйлем болып келетін бірнеше (көбінесе екі-үш) жолдардың 
орнын ауыстыру арқылы айтылмақ ойдың белгілі бір бөлігіне 
екпін түсіру, сөзді мәнерлеу (выразительность), модальдық 
реңк беру т.т. сияқты бірнеше мақсат жүзеге асырылады.
Тегінде, өлең синтаксисінің проза синтаксисінен басты 
ерекшелігінің бірі инверсияда жатыр. Сөйлем мүшелерінің 
түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне тән классикалық 
тәртібі: бастауыштың баяндауыштан бұрын тұруы, тұрлаусыз 
мүшелердің өздері қатысты сөздерден (мүшелерден) бұрын 
орналасуы, құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы компонентінің 
басыңқыдан бұрын келуі – өлең синтаксисінде жиі және оңай 
бұзылып, инверсия жасайды. Және бір қызығы мен тәуірі – 
бұл «бұзылыс» әдетте өлеңнің бойына біткен табиғи қасиеті-
нің бірі болады да, «құлақ кеспейді». Бірақ бұл: «табиғи 
қасиеттің» өлеңнің кез келген сөйлемі мен тармақтарында 
сақталып отыруы және шарт емес, өлең синтаксисі «жөні 
түзу» тәртіпті де көтереді. Демек, инверсия жасау үшін белгілі 
бір мотивтер керек. Оның үстіне инверсияның өзі кездесу 
жиілігіне, қолданылған орнына қарай бірдей емес. Біздіңше, 
инверсияның бір түрі жалпы ырғаққа, ұйқасқа орай оңай 
келтірілетін, сондықтан да жиі ұшырайтын болып келсе, енді 
бір түрі белгілі бір мотивті көздеп әдейі қолданылған болады.
Алғашқы түрге, біздіңше, бастауыш пен баяндауыштың 
және толықтауыш, пысықтауыш пен соларға қатысты сөздің 
(көбінесе баяндауыштың) орындарының ауысып келуі жатады. 
Ешбір өзге мақсат көздемей-ақ, өлеңнің ырғағына, ұйқасына 
қарай баяндауыш бастауыштан бұрын, яғни жолдың не басын-
да, не ортасында келе беруі мүмкін:
Досасықтың болмайды
бөтендігі
113
,
Қосылған босатпайды
жүрек жігі
(I, 56). 
113
Бастауыш курсивпен, баяндауыштың асты сызылып көрсетілді.


321
Ықтырмамен күзеуде отырар
бай
(I, 72).
Мың күн сынбас, бір күні сынар
шөлмек
(I, 26).
Сарғайды
жүзіміз,
Сарылды
көзіміз 
(І,166).
Дегенмен бастауыштың әдеттегі орнынан ауысып, көбінесе 
тармақтың ең соңына орналасуында өзге мақсаттар да жоқ 
болмайды. Әсіресе, есімдіктен болған бастауышты тармақ 
соңына келтіргенде, көбінесе оған екпін түсіріледі:
Сүйер ұлың болса, сен сүй
Сүйінерге жарар 
ол!
(I, 127).
Зарланарсың, ойланарсың,
Не болам деп енді 
мен 
(І,128).
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің 
сен 
(I, 234). 
Біреудің кісісі өлсе қаралы 
– ол
(I, 69).
Тегі, бұл тәсіл – қазақ поэзиясының синтаксисіне ежелден 
таныс нәрсе. Ауыз әдебиетінде кездесетін:
Туырлығың тілер 
ол,
Тіліп тоқым қылар 
ол!

деген тәрізді сөйлемдерде ой екпіні 
ол 
деп көрсетілген адам-
да (батырда) болып тұр, туырлықты тілетін, тіліп тоқым 
қылатын – өзге емес, сол ғана батыр деген мағынаны берудің 
бірден-бір амалы сөз тәртібі арқылы жүзеге асып тұр. Егер «ол 
туырлығыңды тілер, 
ол 
[туырлығыңды] тіліп тоқым қылар» 
деген тәртіппен берілсе, мұнда белгілі бір батырды атап, 
сескендіру мәні болмай, жай ғана констатациялау болып шығар 
еді. Сол сияқты Абай:
Жыл жиылып, қартайтып қылғаны – 
бұл 
(I, 201), –
дегенінде, 
бұл 
деген есімдік бастауышты тармақ соңына 
келтіріп, алдыңғы жолдарда айтылған – «күн жиылып ай бо-
лып, он екі ай жиылып, жыл болып, жылдар жиылып, қартайған 
өмір болады» деген пікіріне екпін түсіріп тұр (осылардың 
барлығын 
бұл 
деген бастауышқа қазықтаған).
Дегенмен сөйлемнің тұрлаулы, басты екі мүшесінің өзара 
орын алмасуы тұрлаусыз мүшелердің, оның ішінде пысық-
тауыш пен толықтауыштың, өздері қатысты сөздерімен орын 
алмастыруынан жиі кездеспейді. Әсіресе, қимыл-сын, мезгіл 
және үстеуден жасалған мекен пысықтауыштар мен жана-


322
ма толықтауыштардың өздері қатысты сөзден соң орнала-
суы жиі қолданылады. Бұған осы мүшелердің әдеттегі орын-
дарында тұрғанда да, бірсыдырғы еркіндікке ие екендіктері 
де себепкер болса керек. Яғни бұл тұрлаусыз мүшелер өздері 
қатысты сөзден едәуір алшақтап, екі араға өзге мүшелерді 
қатыстырып қолданыла беретін қасиеті өлеңді сөйлемдерде 
бұлардың мүлде «секіріп», «арт жаққа» шығып кетуін едәуір 
жеңілдететін тәрізді. Бұл үшін ырғақ пен ұйқас талабы 
жеткілікті. Мысалы:
Қаз-тырна қатарласып қайтса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет