327
етік, жанымда жез салдырған үлкен кісе...
т.т. Жалпы, «жүз
жылғы өткен» ескі киімдер туралы жазылған осы өлеңде
инверсия едәуір мол. Мұнда этнографиялық суреттеу үшін
келтірілген бірыңғай немесе күрделі мүше болып тұрған киім,
құрал-сайман атаулары мол, соларды автор өзі сүйген тәсілмен
бір тармақтың екі жағына орналастырып, айтпақ ойының
әсерлі түрде жетуін көздеген тәрізді.
Міне, бұлардың барлығы – бір тармақ ішіндегі инвер-
сия түрлері. Инверсияның келесі түріне тармақтар арасын-
да жасалатындары жатады Екі, кейде үш тармақта берілген
бір сөйлемнің мүшелері немесе компоненттері (егер сөйлем
құрмалас болса) әдеттегі орындарынан ауыстырылып берілуі
де – жалпы өлең табиғатына тән белгі. Мұны тудыратын мотив-
тердің бірі – ұйқас пен ырғақ болса, екіншісі – автордың белгілі
бір стильдік мақсатты көздеуі болады. Абайда, әсіресе, екінші
мотив айқын сезіледі. Себебі тармақаралық инверсия Абайдың
бірқатар өлеңдерінде бастан-аяқ жүйелі түрде келтірілген.
Мысалы, «Менсінбеуші ем наданды» деген өлеңінің көптеген
шумақтарында бір сөйлем екі жолдан қамтылған да (оған
абаб
ұйқасы көмектеседі), ол жолдар өзара инверсияланған: бірінші
жолда сөйлемнің тұрлаулы мүшелерден тұратын негізгі
бөлігі берілген, екінші жолға тұрлаусыз мүшелердің бірі,
көбінесе қимыл-сын пысықтауыш немесе бағыныңқы сөйлем
орналасқан:
Достарыңызбен бөлісу: