331
болары даусыз. Бірінші инверсиялы вариантта суреттелмек
ойдың өзі бірінші орында, негізгі көңіл лирикалық геройдың
психологиялық, моральдық күй-қалпын білдіруге арналады,
сондықтан да «әуремін мен тыя», «құрбыдай хош тұттым»,
«ортаға кеп салдым» т.т. конструкциялар бірінші болып айты-
лады.
Әрине, Абай тармақ аралық инверсияны тек логикалық
екпінді бірінші орынға қою үшін ғана қолданбаған. Сірә,
біздің байқауымызша, ақын
-ып
жұрнақты көсемшемен келе-
тін конструкцияны (қимыл-сын пысықтауышты немесе бағы-
ныңқыны) екінші тармаққа орналастыру арқылы тағы да бір
екпін қоюды көздеген. Атап айтқанда, мұндай өлеңдерде
-ып
жұрнақты көсемше ұйқас құраушы элемент болып келеді де
өздері белгілі бір модальдық қызмет атқарады: олар (көсемше
ұйқастар) не оқиға, іс-әрекетке динамикалық реңк береді, не
іс-әрекеттің орындалу амалына көңіл аудартады. Мысалы:
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап», «Байлар жүр жиған
малын қорғалатып» деген өлеңдері бастан-аяқ инверсиямен
құрылған: бұларда әрбір
2
-тармақ
-ып
жұрнақты көсемшеге
аяқталып, тұтас ұйқас түзейді, екеуінде де көсемшелі тармақтар
оқушының назарын өзіне аударатындай экспрессивтік мәнді
болып келеді, тіпті эмоциялық-экспрессивтік реңк көсемше
тұлғасында тұрған етістіктің семантикалық бояуы арқылы да
күшейе түседі: бұл етістіктердің көпшілігі әр алуан кекету,
кеміту, ирониялау т.т. мәнді болып келеді
(шықылықтап, бос
салақтап, ыржақтап, бұтып-шатып, Құдай атып
т.т.)
Біздің бұл топшылауымызды Абайдың өзге өлеңдері де
дәлелдей түседі. Мысалы, «Болыс болдым, мінекей» деген
шығармасында өткен шақ көсемше тұлғасынан жасалған
қимыл-сын пысықтауыштар немесе бағыныңқының баянда-
уыштары тармақ соңында келіп ұйқас құрайды. Осы тәсіл
арқылы ақын осы сөздерге көңіл аудартады және бұлардың
көпшілігі әр алуан экспрессивтік мәні бар образды етістіктер
болып келеді. Бұл өлең, жоғарыда талдадық, бірнеше шоғырдан
тұрады. Солардың ішінде I, II, IV шоғырлары болыстың
портретіне арналған. Жағымсыз болыстың портретін эмоция-
лы түрде жеткізу үшін ақын әрі
Достарыңызбен бөлісу: