328
Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске (I, І58).
Өлді кейі, кейі жау,
Кімді сүйсе, бұл жүрек (I, 229).
Абай бұл тәсілді жүйелі, өнімді түрде бекер қолданбаған
сияқты. Біздіңше, синтаксистік құрылысы жағынан екі немесе
бірнеше жолдан топталатын
шумақта немесе өлең бөлікте-
рінде логикалық ой екпіні алдыңғы тармаққа түсетін тәрізді.
Жоғарғы аталған өлеңдердің барлығында да алдыңғы тар-
мақтар – автордың негізгі айтпақ ойы. Және динамикалық іс-
әрекет емес, статистикалық жай-күй суреттелген өлеңдерде
логикалық екпін бірінші жолға түсіріледі. Мысалы, «Желсіз
түнде жарық ай» өлеңінде табиғат жарық айдың сәулесі суда
дірілдеген тыныш қалпында, адамдар (ғашық жастар) бір-
біріне аулақта жолығысып, «иегі тамаққа кіріп»
құшақтасып
тұрған статикалық күйінде суреттеледі.
Соған орай бұл өлеңдегі шумақтардың барлығында да осы
күй-қалыпты білдіретін негізгі ой әр бөліктің (екі жолдың) ба-
сында берілген:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп...
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?...
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі? (I, 77).
Бұл тәсіл әсіресе өз замандастарының портретін жасаған
өлеңдері мен лирикалық геройдың ішкі көңіл-күйін суретте-
ген шығармаларында кең қолданылған.
Өйткені бұларда ди-
намикалы іс-әрекетті суреттеу емес, жай констатация, баяндау
басым, яғни алдыңғы планда іс-әрекеттің орындалуы, қалай
орындалуы емес, сол іс-әрекеттің суреттеп отырған адамға тән
екендігін ғана көрсету бар. Мысалы:
Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
329
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға (I, 84), –
деген шумақ егер инверсиясыз былайша берілсе (бұдан ұйқас
та, өлшем де бұзылмас еді):
Арқаға
ұлық қаққанға
Мәз болады болысың.
Шенді шекпен жапқанға
Шелтірейтіп орысың.
Бұл құрылыста логикалық ой болыстың өзі емес, қалайша
орындалған іс-әрекетіне түсер еді. Ал автордың көздегені,
негізгі айтпағы – арқаға ұлықтың қағуы туралы емес, сол
ұлық арқасына қағып, болыс
қойған адамның өзі туралы,
оның надандығы, ар-ұятын сатып, «бойының қасиетін бекер
төккендігі» туралы.
Бұл өз замандасы – болыстың ішкі портреті болса, лири-
калық геройдың, өзінің ішкі жан дүниесінің
портретін бер-
ген «Жүрегім менің қырық жамау» деген өлеңі де – осындай:
бірінші тармақтарда ішкі күйдің өзі
баяндалады, ал ол күйдің
неден, қайтіп, неге байланысты екені екінші планда, екінші
тармақта:
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау
Қайтқаннан соң әрнеден (I, 229).
Бұл жерде де айтылмақ негізгі ой – «қырық жамау жүректің»
өзі туралы,
сондықтан ақын, біздіңше, инверсияны әдейі, ар-
найы қолданған. Осы типтес өлеңге тағы бір тамаша мысал
бола алатын – «Қор болды жаным». Мұнда алты тармақтың
алғашқы төртеуінде лирикалық геройдың ішкі жан дүниесі
статикалық түрде баяндалған да соңғы екеуінде сол күйден
шығатын қорытынды пікір айтылған. Бұл өлеңнің синтаксистік
құрылысы да осыған орай екіге бөлінеді:
алдыңғы төрт жол
Достарыңызбен бөлісу: