352
Бұрын сені біреуге көп жұмсап ем,
Енді өзіме шақырдым,
ажал батыр
(II, 98).
Рахат,
мені тастап қоймадың тыныш (II, 106).
Көңіл, жүрек, тіл
тәрізді кейбір абстракт ұғымдарға қарата
айтуды Абай өте жиі қолданған: біресе ол көңліне тоқтау айта-
ды (Сап, сап,
көңлім,
сап, көңлім), біресе көңлін шарықтауға
шақырады (Сергі,
көңлім,
сергі енді), біресе көңлімен сырла-
сады (Өзгеге,
көңлім,
тоярсың; не іздейсің,
көңлім,
не іздейсің)
т.т. Негізгі құралы өлеңі – қызыл тілі болғандықтан, Абай ойын
осы тілге жеке күйінде де
(Тілім,
саған айтайын), эпитеттер-
мен келген күрделі күйінде де (Толғауы
тоқсан қызыл
тіл)
көбірек қарата айтады. Осының барлығы Абай өлеңдерінде
синтаксистік жағынан күрделенген конструкциялардың едәуір
мол ұшырасуына себепкер болған.
Қыстырма сөздер де бұрынғы қазақ поэзиясында аса ак-
тив элементтер болмағанын көреміз. Әсіресе автордың айтпақ
ойына өз басының әр алуан қатысын
білдіретін сөздер мен
тіркестер, яғни модальдық реңктің лексика-грамматикалық
элементтермен берілуі де әдеби үлгінің жанрына және әдеби
тіл дәстүріне тікелей байланысты. Абай сөз иесінің (өзінің
немесе Татьяна, Онегин т.б. тәрізді геройларының) өкінішін,
күмәнін, қапалығын
білемін, білмеймін, кім біледі, не керек, не
лажы, не шара, әлбетте, қайтейін, қайтесің
тәрізді қыстырма
сөздермен білдіреді:
Достарыңызбен бөлісу: