357
Абай да айтпақ ойы үшін «ең салмақты», яғни
образды
сөзді тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұй-
қастырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар шығармасының кей-
де түгел өн бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір заман-
дастарының жағымсыз бейнесін суреттеген. Адам баласының
мінез-қылығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір
тобы – еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер немесе солардан
жасалған туынды сөздер. Сондықтан Абай «Қазағым,
қалың
елім, қайран жұртым» тәрізді өлеңін бастан-аяқ
қыртың,
бұртың, қиқым, тырқың, жыртың
сияқты жағымсыз об-
разды сөздердің ұйқасына құрады, «жібі түзу» мәнді сөздер
(жұртым, ұртың, мұртың, құлқың, жылқың
т.т.) алдыңғы об-
разды сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі
идеясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз ау-
зына мұрты түскен» замандастарының жағымсыз сипатын
көрсетуге ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн
бойына созылған моноұйқаста (бірөңкей ұйқаста) бейнелеуші
сөздердің дәйім келіп отыруы осы сөздерге оқушы назарын ау-
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан,
пауза
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі.
Тағы бір мысал келтірейік. Еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерден
жасалған етістіктерді көсемше тұлғасына қойып ұйқасқа
қатыстыру арқылы автор «Болыс болдым, мінекей» өлеңінде
өз тұсындағы болыс, ояз, пысықтардың жағымсыз портретін
әсерлі етіп дәл береді:
Күн батқанша шабамын,
Әрлі-берлі
далпылдап.
Етек
кеткен жайылып,
Ат к...
жалпылдап.
Оязға жетсін деген боп,
Боқтап жүрмін
барқылдап.
Кейбіреуге таяғым
Тиіп те кетті
бартылдап.
Пысықтың көбі бұғып жүр
Беттесе алмай
шаңқылдап...
Елі жөнді болыстар
358
Мақтанып жүр
тарқылдап...
Елің бұзық болған соң,
Ояз
жатыр
шартылдап.
Табаныңнан тозасың
Құр жүгіріп
тарпылдап
(I, 80, 81).
Тек бейнелеуіш сөздер емес, семантикасында «жағымсыз»
реңкі бар өзге сөздер де мәлім. Мысалы,
ыржақтау, далақтау,
бос салақтау, бұтып-шату, Құдай ату
т.б. сөздер «оңған»
қылықты білдірмейді. Абай «Қыран бүркіт не алмайды салса
баптап» және «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген
өлеңдерінде осы сөздерді ұйқасқа алады. Біреуінде «өзі алмай-
тын, қыранға алдырмайтын» күйкентайын қияға қоса жіберіп
жүрген, «басқа сая, жанға олжа» дәнеңесі жоқ замандастарын
бейнелесе, екіншісінде «сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай
құмар қылып қойған» замандастарын суреттейді. Екеуінде де
ақын образды дәл, әсерлі етіп беруге ұйқасқа алынған сөздерді
қатыстырған.
Әрине, тек жағымсыз образдарды жасауда ғана емес, өзге
көп сәттерде Абайдың ұйқасқа алынған сөздері мен өлең (не-
месе оның жеке бөліктерінің) мазмұны (идеясы) сай түсіп жа-
тады. Мысалы, «единица – жақсысы, ерген елі –
бейне нөл,
единица кеткенде, не болады өңкей нөл?» деген идеяны бір
өлеңнің өзегі еткен Абай, алдымен, орыстың осы сөзін
(ноль)
образ-стилема етіп қазақ әдеби тіліне енгізеді, құр енгізіп
қоймайды, оған негізгі ой екпінін түсіруді көздейді, сондықтан
да оны екі рет тармақ соңына шығарып, 36 жолдық тұтас
өлеңнің бастан-аяқ ұйқасын осы сөзге құрады. Сөйтіп,
нөл
сөзі
ерекше таныла түседі, өлең идеясының өзегін таныта түседі.
Тағы бір мысал. Абай философиялық
ұғымдарды сөз ет-
кен бірқатар өлеңдерінде
Достарыңызбен бөлісу: