Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


-мақ   жұрнағымен келген сөздерді  ұйқасқа шығарады, ал  -мақ



Pdf көрінісі
бет148/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
-мақ
 
жұрнағымен келген сөздерді 
ұйқасқа шығарады, ал 
-мақ
 
аффиксті тұлға Абай тілінде аб-
стракт ұғымдарды жасауға актив қатысады. Демек, 
-мақ
 
жұрнақты абстракт есімді ұйқасқа қатыстыру арқылы автор 
сол шығарманың философиялық, яғни абстрактық тақырыбын 
таныта түседі:
Сағаттың шыңылдағы емес ермек
Һәмише өмір өтпек – ол 
білдірмек.


359
Бір минут бір кісінің өміріне ұйқас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ 
қайта келмек 
(I, 201).
Ал мына шағын өлең – тұтасымен тұрған философия, 
ұйқасқа «философиялық» (абстрактық) сөздер шығарылған:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда 
гулемек.
Бәйшешек солмақ, 
күйремек
Көбелек өлмек, 
сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, 
кейімек,
Харекет қылмақ, 
жүгірмек,
Ақылмен ойлап 
сөйлемек.
Әркімді заман 
сүйремек.
Заманды қай жан 
билемек? 
Заманға жаман 
күйлемек, 
Замана оны 
илемек 
(I,
 
243).
Үшінші бір мысал тағы келтірелік. Абайдың «Сұлу аттың 
көркі – жал» деген 8 жолдық кішкене өлеңі белгілі. Мұндағы 
объект – Көжекбай деген көршісінің Рахымшал деген тентек 
баласы. Ақын тыңдаушы (оқушы) назарын осы объектісіне 
тікелей аудару үшін ұйқасқа 
Рақымшал 
деген сөздің өзін ала-
ды да оған 
жал, мал, бал, бар, ал 
(алдындағы сөздерімен қоса) 
сөздерін ұйқастырады.
Абай поэзиясында етістік ұйқастар негізгі басым топ емес 
екені байқалады. Мұнда етістік ұйқастармен қатар, өзге сөз тап-
тары, тіпті бұрынғы қазақ поэзиясында көп қолданылмайтын 
морфологиялық тұлғалар жиірек кездеседі. Бұның, біздіңше, 
бірнеше себептері бар. Әрине, Абай «исі» етістіктен қашқан 
жоқ. Жоғарыдағы байқауымызға қарағанда, ұйқасқа қай сөздің 
алынуы көп сәтте өлеңнің тақырыбына, объектісіне және 
стиліне байланысты болып келеді. Егер өлең тақырыбы әр алуан 
ішкі толғаныс болса, ақын оқушы назарын қимыл-қозғалысқа 
емес, өзге объектілерге аудартады, сондықтан да Абайдың 
лирикалық, философиялық тақырыптағы өлеңдерінде етістік 
ұйқастар кемде-кем. Керісінше, белгілі бір оқиға, іс-әрекет ту-
ралы жырланса, етістік тармақ соңына шығарылып, ұйқасқа 
қатыстырылады.


360
Жалпы етістік ұйқасқа зерттеушілер назары көбірек ау-
дарылып келеді. Орыс филологиясында етістік ұйқас өлеңге 
динамикалық, экспрессивтік реңк беретіндігі көрсетіледі. 
А.Пушкиннің «Евгений Онегиніндегі» етістік ұйқасты болып 
келген кейбір шумақтарын талдай келіп, Н.С.Поспелов: «Оби-
лие глагольных рифм в строфе... придает характер яркого и 
живого изображения разнообразных действий»,
128
– деген пікір 
айтады. Бірақ, біздіңше, бұл қорытындыны қазақ өлеңіне тұп-
тура көшіре салуға болмайды. Қазақ (жалпы түркі) тілінің өз 
табиғатына, яғни сөйлем мүшелерінің орналасуы мен оның әр 
алуан тұлғаларының қызметі орыс тілінен өзгеше екендігіне 
байланысты, етістік ұйқастардың күллісі өлеңге динамикалық 
реңк бере бермейді.
Қазақ тіліндегі етістік ұйқастарды олардың атқаратын 
стильдік қызметіне қарай біз екі топқа бөлер едік. Бірі – ашық 
рай тұлғасында қолданылғандар, екіншісі – өткен шақ (-
ып
жұрнақты) көсемшенің жіктік жалғаусыз қолданылған түрлері 
мен өзге райлардағы етістік тұлғалары.
Сірә, түркі поэзиясында етістік ұйқас басым болып келгені 
мәлім, қазақ поэзиясына да аффиксті ұйқастар (оның ішінде, 
әрине, ашық райдағы етістіктерінде) ең жиі қолданылған ұйқас 
түрлері болып келген
129
. Біздің байқауымызша, ашық райдағы 
етістік ұйқастар эпостық жырларда жиі қолданылады. Бұларда 
белгілі бір оқиға, іс-әрекет баяндалады, демек, баяндау стилі 
басым болады. Ал баяндау стилі үшін ең қолайлы және инто-
нациясы мен синтаксисі жағынан баяндау мәнеріне сай келетін 
құрылыс баяндауыштың сөйлем соңында (демек, тармақ 
соңында) тұруы болады. Мысалы, «Қобыланды батыр» жы-
рында белгілі бір оқиғаны (ұрысты немесе Тайбурылдың ша-
бысын, геройлардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін т.т.) баяндаған 
жерлері ашық райдағы етістік ұйқастарға құрылған: «Сөзге 
сынық қылдың деп» басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан 
қорқып, алдынан шыққан Құртқаның қимыл-әрекетін 
баяндаған жер былайша берілген:
128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет