Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет150/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-ып (-май)
 
жұр-
нақты көсемшемен беріледі. Мысалы, «Алпамыс» жырында 
Байшұбардың шабысы суреттелген жер:
Байшұбардай тұлпардың 
Ойынды еті 
бұлтылдап,
Төрт тұяқтан шыққан от 
Шақпақ тастай 
жылтылдап.
Құлақ салсаң дабысы, 
Тау суындай 
сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер 
Тебінгіде 
сылпылдап,
 
Шу дегенде шұбар ат 
Ұшқан құстан озады, –
(«Алпамыс», 1901)
түрінде берілген. Мұнда Байшұбардың ұшқан құстан озатын 
дәрежелі шабысының орындалу амалы көсемше тұлғалы сын-
қимыл бағыныңқылар арқылы көрсетілген. Бұл суреттерде 


366
үстірмелеткен динамика бар. Егер осы тұлғалардың барлығы 
ашық райға көшірілсе 
(бұлтылдайт, жылтылдайт 
т.т.), жал-
пы динамика (қимыл) сақталғанмен, екпіндетушілік реңкі 
жоғалар еді де жай баяндау болып шығар еді.
Ұрыс, шабуыл динамикасын беру үшін де эпик ақындар 
осы морфологиялық тұлғаны ұйқас үшін шебер пайдаланады. 
Мысалы, «Қобыланды» жырында батырдың жаумен айқасып, 
қаланы бұзған моментін суреттегенде:
Қазанның Сырлы қаласын
Қайта айналып шабады.
Бетіне қалқан 
далдалап,
Шәріне шапты 
алдалап,
Қаланың аузын 
қандатып,
Көшенің аузын 
шаңдатып,
Қақпадан атын 
қарғытып,
Кіндіктен оғын
сырғытып,
Туырлығын 
тоқым қып,
Керегесін 
отын қып,
Мал шығармай 
далаға,
Ел шығармай 
салаға,
Жау бетінде 
жад қылып,
Жеті кәміл бабаға.
Өтірік емес, жан аға,
Қазанның Сырлы қаласын
Бұзып-жарып Қоблекең
Он екі күн дегенде,
Жалғыз жанды 
құтқармай,
Айдап шықты далаға («Батырлар жыры», 81-бет), –
деп береді. Мұнда да қатарынан ұйқастырылған көсемше 
тұлғалар оқиғаның интенсивті, қарқынды түрде өткенін 
көрсете түседі. Қазақ поэтикасының бұл ұтымды тәсілін жеке 
қаламгерлер де жиі болмаса да пайдалана білген. Бұл тәсіл тек 
оқиғаны суреттеу сәттерінде ғана емес, екпінділік, интенсивтік 
реңкі бар өзге де моменттерде қолданыла береді. Мысалы, 
Махамбет ақын өзінің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» де-
ген өлеңінің 17 жолын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет