346
Айлаға, ашуға
да
жақтым шырақ (I, 223).
Мұнда
да
шылауы септік жалғауларымен берілген бірың-
ғай мүшелердің әрқайсынан кейін келуге тиісті екеніне
қарамастан, ақын ықшамдау заңын қолданған. Бұл типтес мы-
салдар Абай өлеңдерінде едәуір.
Өлеңде жеке сөйлемдер арасындағы жалғаулық шылаулар-
ды қалдырып ықшамдау – әбден қолайлы тәсіл. Бұл – жалғыз
Абайда емес, жалпы қазақ поэзиясының тіліне тән нәрсе. Ал
Абай бұл тәсілді де жиі пайдаланған:
Махаббат кетті, дос кетті,–
Жете алмайсың, тоқтайсың (I, 228), –
дегенде екі тармақтың арасына
сондықтан
шылауы қажет бо-
лар еді.
Ерте ояндым, ойландым, – жете алмадым (I, 223).
Бұл жерде
бірақ
шылауы түсіп қалып тұр. Өлеңді сөйлем-
дерде салалас құрмаластарды жалғастырушы шылауларды
көбінесе түсіріп айту тәсілі Абайдың проза тіліне де тікелей
әсер еткені байқалады. Абай «Қара сөздерінде» салаластағы
жалғаулық шылауларды жиі түсіреді:
Бағар едім,
–
қалайша
бағудың мәнісін де білмеймін
(II, 162).
Соны үміт үзбестікке,
не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға
жаратсам керек еді,
–
ондайым жоқ
(II, 168). Бұл сөйлемдерде
бірақ
шылауы түсірілген. Абай прозасында әсіресе
сондықтан
шылауын өте жиі түсіріп отырған
123
.
Өлең синтаксисі жалғыз шылауларды емес, өзге де эле-
менттерді, тіпті тұрлаулы мүшелерді түсіріп айтуды көтереді.
Қазақ тілінде I, II жақтардағы бастауыштың түсіріліп айтылуы
– нормалы құбылыс, ал III жақтағы бастауыштың немесе жал-
пы баяндауыштың түсірілуін қазақ синтаксисі көтермейтіні
мәлім (атаулы сөйлемдер мен «Қой – қозыдан», «асыл – тастан»
тәрізді фраза-мақалдарды қоспағанда). Ал өлең синтаксисінде
бұл құбылыс кездесуі мүмкін. Мысалы:
Қызды ауылға қырындап үйір болса,
Көңіліне зор қуаныш, бір бадалық (I, 36), –
дегенде екінші тармақта
Достарыңызбен бөлісу: