407
мен дамуындағы орны мен рөлі жайында лингвистер тарапы-
нан айтылған бірсыпыра құнды пікірлерді таба аламыз
41
.
Абайдың қазақ әдеби тіліне қатысы жөніндегі мәселеге
лингвистерден басқа зерттеушілер де көңіл аудартып келді.
42
Абайдың тілі туралы лингвистердің қаламынан шыққан
жұмыстар – жеке монографиялық еңбектер емес, кішігірім
мақалалар ғана. Абай шығармаларының лексикасы жайын-
да айтылған пікірлер бұл мақалаларда аз-кем мысалдармен
шектеледі де терең талдау жасалынбайды, ал морфологиялық
тұлғалардың сипатталуын сөз ететін болсақ, олардың тек 2-3
қана категориясы әңгімеленеді. Авторлар осы категориялардың
ішінде ең алдымен
-
мақ
тұлғалы етістікті Абай тілінің
ерекшелігінің бірі деп баса атайды да оның жиі қолданылу
себебін стилистикалық талаптан (проф. Сауранбаев) немесе
«шағатай тілі» дегеннің (ортаазиялық әдеби түркі тілі) әсерінен
іздестіріп, оны Абай тіліндегі шағатаизмнің бірі деп санай-
ды (проф. Аманжолов, Сауранбаев). Бұл мақалаларда аталған
тұлғаның Абай прозасында жиі кездесіп көзге түсетіндігін
айтып өту мен оның себебін іздестіруге талпыну ғана бар,
ал бұл тұлғаның (-
Достарыңызбен бөлісу: