Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет167/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

өлекшін 
сөзін 
ұлы-кіші 
деп, 
жалау
-ды 
желкен, қанжар
-ды 
қылжан
деп қылжақ жа-
сайды дейді. Әрине, 
ұлы-кіші 
деген мен 
өлекшін 
сөздері – бір-
бірінен мүлде алшақ, ауылы алыс дүниелер, сол сияқты 
жа
-
лау 
мен 
желкеннің 
қайсысын пайдалану автордың стильдік 
талғамын танытады. Сондай-ақ Татьяна өзі жөнінде 
«талап
-
сыз, 
бақсыз мен сорлы» демесе керек еді 
(талайсыз 
деуі ке-
рек: 
талай 
сөзі – 
бақыт 
сөзінің түркілік варианты). «Көрмей 
тұрып 
құсамын 
Темір көзді сарайды» емес, 
күсемін 
болуы 
ерек деп Қ.Мұхаметхановтың текстологиялық түзетулер 
ұсынуы Абай лексикасындағы көне немесе өзге де сипаттағы 
сөздердің авторлық қолданысын тануға көмектеседі. Басқа да 
текстологтар көрсеткендей, 
қазір 
мен 
әзір 
варианттарының, 
қаңғыр-күңгір 
мен 
қоңыр күңгір 
дегендердің арасында үлкен 
айырмашылық бар. Абай олардың сол жерде қайсысын 
қолданды – мұны дұрыс берудің Абай лексикасын, поэтикасын 
зерттеу үшін көмегі де, мәні де зор. Сондықтан біз Абайдың 
текстологиясы жайында жазылған, ұсынылған материалдар-
33
Ахметов 3., Дюсембаев И
. Некоторые вопросы текстологического изучения 
произведений Абая Кунанбаева // Вестник АН КазССР. - 1953. - №10.
34
Жақыпбаев Б. 
Абай шығармаларының тексті туралы // Майдан. - 1945. - № 2.
35
Сәрсекеев 
М. Абай шығармаларының текстологиясы жайында // Әдебиет және 
искусство. - 1956. - № 10.
36
Өмірәлиев Қ. 
Абай текстологиясы және оны бірізге келтіру мәселесі // Қазақстан 
мектебі. - 1962. - №11.
37
Бөжеев М.
Абай өлеңдерінің текстологиясы туралы // Қазақ фольклоры мен 
әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. - Алматы: Ғылым, 1983. 
38
Мұхаметханов Қ.
Абай шығармаларының текстологиясы жайында. - Алматы, 
1959. 


404
ды жазушының тілі жөніндегі ізденістер мен зерттеулердің бір 
бөлігі ретінде танимыз.
Сөйтіп, қазақ филология ғылымының абайтану (абаеведе-
ние) деп аталатын саласының бір тармағы ретінде Абайдың 
тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар. Бұл мерзімнің 
ішінде ұлы қаламгердің тіліне арналған жеке монографиялық 
еңбектер де жазылды, көлемді не шағын ғылыми мақалалар 
да жарияланды, кандидаттық және докторлық диссертация-
лар да қорғалды. Бұл проблеманың зерттеу тарихындағы бір 
ерекшелік – әуелі тұжырым айтылып, жеке талдаулардың кейін 
басталуы. Мұның, біздіңше, объективті себептері бар. Абайға 
келгенде, тіл проблемасы ерекше маңыз алады, бұл – заманы 
туғызған жайт, өйткені Абай дәуірі – қазақ қоғамы өмірінде екі 
әдеби тілдің (қазақтың жалпыхалықтық тіліне негізделген, ау-
ызша дамып келген байырғы әдеби тілі мен ортаазиялық түркі 
әдеби тіліне негізделген жазба әдеби тіл – «кітаби тілдің») 
тайталасқа түскен шағы. Осы екеуінің Абайдың қайсысын 
таңдауы оның творчествосы мен және ұстаған идеологиялық 
бағытымен тығыз байланысты. Сол себептен Абайдың 
жазушылық, азаматтық тұлғасын сөз еткен тұста тілі жайын-
да да әңгіме қозғалады. Ұлы қаламгердің бүкіл творчество-
сы мен идеологиясына үңілген зерттеуші жеке талдауларды 
күтпей-ақ тілі жайында жалпы байлам айтуға мәжбүр бола-
ды, оны айтуға мүмкіндігі де болады, яғни ақын тілінің негізі 
бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл 
екендігі, оның үстіне бұрынғы әдеби үлгілерде кездеспеген тың 
көркемдеу тәсілдерінің молдығы, көптеген лексика топтары 
мен грамматикалық тұлғалардың активтеніп, жаңаша қызмет 
атқарып тұрғандығын сезеді. Осының барлығы Абайдың қазақ 
әдеби тілінің даму барысындағы істеген қызметі мен атқарған 
рөлі жайында жалпы тұжырым-кесімдер айтқызады. Бірақ әрі 
қарай бұл қағида-тұжырымдар фактілермен дәлелденбесе, 
әрқашанда жалаңаш ой шолымы (умозрительное суждение) 
болып қала бермек. Сондықтан әрі қарай Абай тілінің жеке 
құбылыстарын танып-білу әрекетінің басталуы тағы да заңды. 
Дегенмен бұлайша танудың әлі де кенжелеп келе жатқаны 
байқалады. Абайдың тілін тану оның жазушылық творчество-


405
сын зерттеу дәрежесіне әлі де теңдесе алмайды. Әсіресе ұлы 
сөз зергерінің поэтикасы жүйелі түрде, толық, жан-жақты тал-
данбай келеді. «Абайды жаңа поэзия үлгісін жасады дейміз. 
Бірақ осы поэзия тіліндегі үлкен лексикалық байлық, ақылдық 
тапқырлық, дәлшілдік, суреткерлік... т. с с. көп мәселелер әлі 
жете анықталған жоқ, толық танылған емес»
39
.
Бұл – сөз жоқ, 
алдымызда тұрған ізгі міндет. Соңғы 10-15 жылда абайтану 
саласындағы ғылыми ізденістердің бәсең тартқанын мойын-
дай отырып, әлеуметтік ой-пікіріміздің ғылыми күшіміздің 
бұл аса маңызды проблемаға жаңа ынта-жігермен, соны 
тәсілдермен қайта оралып кірісетіндігіне күмәніміз жоқ.
Абай тағылымы. Құрастырған – филология 
ғылымдарының докторы, профессор Н.Ғабдуллин. - Алматы: 
Жазушы, 1986. - 324-344-б. 
39
Мырзахметов М., Өмірәлиев Қ.
Абайды танып біттік пе? // Қазақ әдебиеті. - 
1985, 29 март. 


406


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет