(олардың өзінде де мұсылманша
сауат ашу қоса жүргізіліп орысша атауынша
школ
деп атаған.
Сондықтан да революцияға дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту
мәселесін сөз еткен орыс тіліндегі әдебиетте алғашқысын
мектебы,
соңғысын
школы
деп алып жүр. Ыбырай да жалпы
оқу орны мен мұсылманша мектепті
медресе
деп атаса, өзі
қызмет еткен жаңа типті орыс-қазақ мектептерін
школ
деп
атаған («Начальное руководство к обучению киргизов русс-
кому языку» деп қазақшадан орысшаға аударуға ұсынған
текстерін қараңыз). Бұлайша дифференциялап атау қазіргі жа-
422
зушыларымызда да (өткен ғасырдағы оқу орында сөз еткен
жерлерінде) кездеседі. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абайдың
өмірбаяны
»
деген еңбегінде былай деп жазады: «Абай екінші
баласы Әбдірахманды Семей қаласындағы үйездік школға
оқуға береді. Артынан біраз жыл өткен соң, үшінші баласы
Мағауияны да, әйел баласы Гүлбаранды да әкеп орыс шко-
лына береді» (Абай Құнанбаев, II том, 1957, 31-бет). Жалпы
школ
атауы революцияға дейін тек орыс-казақ мектептері емес,
таза орыс мектептерінің де атауы болған. Мысалы, Сәбит
Мұқанов Ботакөзді: «орыс школында оқыды», – дейді. Ботакөз
оқыған мектеп – таза орыс мектебі. Ал Абай тілінде
школ
де-
ген атау жоқ, мұндай жаңа оқу орнын Абай бір-ақ жерде
ин
-
тернат
деп атайды (үкімет ашқан орыс-қазақ мектептерінің
көпшілігінің жанында интернат болған, ал Семей мен Ақмола
облыстарындағы мұндай мектептердің барлығы да 1890
жылдарға дейін школа-интернат болып келіп, 1890 жылдар-
дан бастап төменгі сатыдағы ауылшаруашылық мектептеріне
айналдырылған).
62
Соған қарағанда, Абай өмір сүрген өлкеде
өткен ғасырда бұл оқу орындарының атауы ретінде
школ
дегеннен гөрі
интернат
сөзі жиірек қолданылған болу керек.
Бастауыштан кейін әрі қарай діни білім беретін оқу орны
Орта Азия халықтарында да, Еділ бойы атауларында да және
Қазақстанда да
медресе
деп аталған. Ал Абай
медресе
деп
күллі дәрежелі (бастауыш, орта, жоғары) мұсылманша оқу
ордасын атағанын жоғарыда айттық. Біздің байқауымызша,
өткен ғасырдың екінші жартысында жалпы оқу орнын, оның
ішінде бастауышын да,
мектеп
дегеннен гөрі
медресе
деп
атау жиірек болғанға ұқсайды. Мысалы, сол тұстағы «Дала
уалаяты газетінде» көбінесе
медресе
дегенді ұшыратамыз:
Қазақтар медресені бірте-бірте ашып жатыр
1894, № 33);
Бірлі-жарым қазақтар медресе ашайын десе, көңілдегі молла
жоқ
(1896, № 3) т.б.
Келесі бір көңіл аударатын термин – оқытатын адамның
атауы. Бұ күнде мектепте оқытатын адамды білдіру үшін
62
Тажибаев Т.
Просвещение и школа Казахстан во второй половине XIX
в. - Алма-
Ата, 1962. - С. 35.
423
мұғалім
(жалпы атақ) және
оқытушы
(жеке пәндердің мама-
ны деген нақты атақ) деген екі термин әдеби норма ретінде
қалыптасқаны белгілі. Ал Абай тұсында басқаша болатын.
Ең алдымен, мұсылманша бастауыш оқу ісін жүргізуші адам
қазақтарда
молда
деп аталды.
Мектепте оқу
мен
молдаға
оқу
деген тіркестердің семантикалық жағынан синоним-
дес болғаны да осыдан. Абай мен Ыбырайда да бұл типті
оқытушыларды, яғни арабша хат танытатындарды
молда
деп
атаған; Ыбырайда:
Аңқау елге арамза молда тұрып балаларға
сабақ оқытыпты-мыс
(52-бет) Абайда:
Оқытарсың молдаға
»
(
І, 127);
Жазу жаздық, хат таныдық. Болдық азат молда
-
дан
(I, 129). Абаймен замандас «Дала уалаяты газеті»
медресе
(мектеп
орнына) сөзі жүрген жердің бәрінде
молда (молла)
сөзін қолданған. Ал орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдері ол
кезде түрліше аталған:
ұстат (ұстаз), учитель, молда, үйре-
туші.
Ыбырай «Хрестоматиясында» бұларды қазақша
ұстат
деп атаған:
Оқыған оқуымыз турасында күнде ұстаттары-
мыз сонша разы... Біз оқып жүрген шағымызда ұстатымыз-
дың қасында бір Полкан деген зор ит бар еді.
Қазіргі тілімізде
де жалпы басшылық ететін, тәлім-тәрбие беріп, жол-жоба
көрсетіп отыратын адамды
ұстаз
деп атаймыз (Абайда
ұста-
зым мен татуым сен екеуің болған
соң),
ауыспалы мағынада
мектеп мұғалімін де
ұстаз
деуге болады. ЬІбырайдағы
ұс-
тат –
осы
ұстаз
сөзінің фонетикалық варианты. Сірә, «бала
тәрбиелеу, оқыту
»
мағынасында
ұстаздық ету, ұстаттық
қылу
деген тіркес қолданылғанға ұқсайды. Соңғысы Абай
тілінде
де бар.
Ұстаттық қылған жалықпас үйретуден бала-
ға
(I, 163). Бірақ Абайда мектеп мұғалімі мағынасындағы
ұстат, ұстаз
сөздері жоқ. Жалпы Абай тілінде үкімет мек-
тептері мұғалімдерінің атауы жоқ. Бұл мектепті арнайы сөз
етпегеннен кейін оған қатысты көптеген сөздерді қолданбаған.
Ыбырай «Руководствосында» школдардың мұғалімін біре-
се
ұстат
сөздікте) біресе
молда
(тексте) деп алыпты. Сірә,
қазақшадан орыстар аударуға беріліп отырған текстің түсінік-
тірек болуын көздегендіктен
болу керек. Біз «Начальное
руководствоның» 1879 жылғы баспасын алып отырмыз, со-
424
ның 2-бетінде
ұстат –
учитель
деп көрсетілген, ал осы сөз
Алтынсарин шығармаларының 1955 жылғы басылуында
ұстаз
деп өзгертіліпті, бұл – редактордың текстіні осы күнгі
оқырман қауымға түсініктірек болуын көздегендігінен туған
сәл зәрсіздеу қиянаты.
Орыс-қазақ мектептері оқытушыларының бұл кезде тілде
пайдаланылған тағы бір атауы –
учитель: Ушитель келді.
Ушительдің түсіндірген сабақтарын ол тыңдай алмай қалды
(А. Васильев Киргизская хрестоматия. - 1898. - С. 21-22).
Учи
-
тель
сөзі
(өшетіл,
Достарыңызбен бөлісу: |