Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет117/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, 
Қабырғалы, жотасы болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, 
Тояттаған бүркіттей салқы төсті 
(I, 47).
Мұнда тұтас шумақ бірыңғай мүшелерден құралған.
Абайда 11 буынды, 4 тармақты шумақтардың алдыңғы екі 
жолы бір сөйлем болып құрастырылғанда, бір жол тұтасымен 
бір-ақ күрделі мүше болып келеді:
Аласы аз, қара көзі айнадайын 
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын (I, 107), 
Еңбек жоқ, харакет жоқ қазақ кедей 
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей? (І,174).
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын 
Қайдан білсін өмірдің көбін-азын? (I, 218). 
Бала мінез ойыншы бұрынғылар 
Аңқау екен, мазақтап соны сынар (II, 104).
Бұларда 1-тармақ – түгелімен күрделі бастауыштар. Бұл 
тәсіл Абайдан өзге қаламгерлерде де сирек болса да кездеседі, 
бірақ мұндайда 1-жол көбінесе күрделі (жайылма) қаратпа бо-
лып келеді:
Қолында ханзаданың қасқа қылыш,
Түсесің қаһарлансаң тасқа, қылыш (Шернияз).


274
Хан Тезек, батыр Тезек, патша Тезек,
Жан бар ма өлмейтұғын темір өзек? (Сүйінбай).
Абайда тұрлаусыз мүшелердің біреуі бір жол болып келетін 
сәттері де бар. Мысалы:
Жапырағы қуарған ескі үмітпен
Қиял қып, өмір сүріп, бос жүріппін (I, 239), –
дегенінде 1-тармақ – түгелімен келесі жолдағы сөйлемнің 
бір ғана мүшесі. Бұл тәсіл әсіресе аударма шығармаларында 
жиірек қолданылған:
Жасырмай жас жүректің жанған жайын 
Айтуға тілің мұнша қайдан дайын? (II, 80). 
Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше 
Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше (II, 103). 
Кім білер, 
жабырқаңқы жазған сөзім 
Жібермей, көп тоқтатар оның көзін (ІІ, 106).
Асау той, тентек жиын, опыр-топыр
Ішінде түсі суық бір жан отыр (II, 149).
Бұлардың барлығында да екі тармақ – тұтас бір сөйлем 
(екеуінің арасына ешбір тыныс белгісі қойылмайды) және 
бір тармақ бір ғана жайылма мүше болып келген. 11 буын-
ды өлеңдерде өзге қысқарақ буындыларға қарағанда, бұл 
тәсіл (бір тармаққа бір ғана сөйлем мүшесін орналастыру) 
Абайдың өзінде де аса өнімді емес, бірақ өзге қаламгерлермен 
салыстырғанда, Абай бұл ретте оқшау шығады. Әсіресе өзіне 
дейінгі 11 буынды қазақ өлеңінің синтаксисінде мұндай кон-
струкция (әңгіме алғашқы екі тармақтың құрылысы жайында) 
жоққа тән екенін батыл айта аламыз.
Бұдан басқа бір тармақтың бір жайылма мүше немесе парал-
лель сөйлем болып келген түрі Абайда да, өзгелерде де бар. Ол 
– 2-тармақтың біріншідегі іс-әрекетті жалғастырушы ретінде 
келетін сәттері, яғни
ол да – бірыңғай мүшелі конструкцияның 
бір түрі іспетті. Мысалы, Абайда:
Бар ойы – өлең айтып, ән салалық, 
Біреуді қалжың қылып қолға алалық 
(I, 36), –
дегенінде екінші жол – тұтасымен бір мүше, біріншідегі 
өлең 
айтып, ән салалық 
деген баяндауышқа бірыңғайлас.
Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ 
(I, 70).


275
Бұл тармақтардың синтаксистік құрылымы дәл алдыңғы-
дай. Тегі, бұл жерлерде бірыңғай мүшелер деп тануға болатын 
тәрізді. Ал кейбір сәттерде бірыңғай мүшеден гөрі, сөйлемге 
жуық келетін құрылымдар болады. Мысалы:
Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, 
Жақынын тіріде аңдып, өлсе – өкірмек 
(I, 27).
Немесе:
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме 
(I, 39), –
дегендерде 2-тармақ – біріншімен бір бастауышқа қазықталған 
жеке сөйлем тәрізді, өйткені 2-жолдағы құрылыстың өз ішін-
де баяндауыштары мен тұрлаусыз мүшелері бар, яғни екеуі – 
бірыңғай сөйлемдер. Мұндайда екі тармақты бір жерге қазық-
тайтын грамматикалық бастауыш болады:
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? (I, 223) –
дегенде 
тағдыр 
деген бастауыштың ортақтығынан 2-тармақ 
біріншінің ажыратылмас жалғасы болып тұр. Абайда бұл кон-
струкция өте актив қолданылған. Жалпы, Абайда бір шумақты 
грамматикалық бір бастауышпен (сондай-ақ логикалық бір 
субъектімен) тұтастыру – ең жиі қолданылған синтаксистік 
тәсіл.
Жасымда албырт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет