298
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан (I, 154).
Кейде шумақ екі сөйлем болып келеді де ол сөйлемдер өзара
іліктесіп, тұтас дүние құрайды:
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан
Ақыл айтқан бенде жоқ (I, 155).
Мұнда бір-біріне параллель екі сөйлем әрі мазмұн сәйкестігі
арқылы, әрі құрылыс сәйкестігі арқылы бір-бірімен байланы-
сып, бір шумаққа сыйғызған синтаксистік күрделі бір тұтастық
жасап тұр. Сөйтіп,
аабввб
суретті 6 тармақты шумақтың
синтаксистік құрылымы әуелі екі топқа бөлінеді, оны жүзеге
асыратын – 3-6-жолдардың өзара ұйқасы, онан соң әр бөлік
өз ішінен параллельдер құрайды, оны да жүзеге асыратын
– қатар келген
аа, вв
ұйқастары, сонан соң екі топ (бөлік)
біртұтас дүние – синтаксистік тұтастық – жасайды. Бұл – қатаң
сақталған тәртіп.
Алты тармақты өлеңдер ішінде жоғарғы екі өлеңге ұйқас
суреті жағынан өте ұқсас бір шығарма – «Ем таба алмай» өлеңі.
Айырмасы – мұнда соңғы тармақ үш буынды (егер «Кешегі
Оспан» дегеннің кітаптағы тәртібімен таңбаласақ; «Ем таба
алмай» 5 тармақпен берілер еді).
Жас теректің
Жапырағы
Жамырайды, соқса жел.
Түсті мойын,
Толды қойын,
Ақты сел (I, 115).
Мұнда да шумақ екіге бөлінеді: алғашқы үш тармақ – бір
сөйлем, соңғы үшеуі – бір сөйлем. Кейде
Достарыңызбен бөлісу: