Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет124/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

бұл сынды 
деген сөздердің қатынасуы арқылы 
беріліп тұр.


292
Абай 7-8 буынды 4 тармақтан құрылған шумақты өлең 
түрін мол (жиі) пайдаланған. Төл шығармаларында, біздің 
есебімізше, 19 өлеңі, аудармасында 16 өлеңі осы топқа кіреді. 
Бір көңіл аударатын нәрсе – ақынның 7-8 буынды шумақтары 
негізінен дерлік 
абаб 
суретті шалыс ұйқаспен берілген. 
Бұл типтес өлеңдердің тек төртеуі ғана 
ааба 
ұйқасымен 
құрастырылған, ал біреуі («Шегіртке мен құмырсқа») 
абвб 
ұйқасымен жазылған
107
. Сөйтіп, 7-8буынды 4 жолды шумақпен 
жазылған 40 өлеңнің 35-і шалыс ұйқаспен келуі бұлардың 
синтаксистік құрылымын белгілеген: 
аб 
пары бір единица 
(көбінесе сөйлем) болып келеді де, ол шумақтың келесі 
аб 
па-
рына не параллель түседі, не екеуі мазмұны іліктес сөйлемдер 
болып шығады. Бұларда шумақ тұтастығын жасайтындар: 
1) төрт жолдың бір субъектіге қазықталуы. Мысалы:
Мәз болады болысың 
Арқаға ұлық қаққанға. 
Шелтірейтіп орысың
Шенді-шекпен жапқанға (I, 84), –
дегенде субъект біреу – 
болыс.
2) Бір пардың (3-4-жолдардың) екінші пармен есімдік не-
месе басқа сөздер арқылы іліктесуі:
Шыны ғашық жар болса, 
Неге өлдім деп налымас. 
Онда 
екеуі 
кез келсе, 
Бірін бірі танымас (І,126).
Мұндағы 
екеуі 
– алдыңғы парда айтылған 
ғашықтар.
107
Шағын буынды 4 тармақты шумақтардан құрылған өлеңдердің ішінде тағы 
біреуі 
абвб 
ұйқасымен келген, ол да – аударма мысал өлең («Жарлы бай»). Бұл – 
таза 7 буынды өлең. Сірә, біздіңше, 
абвб 
ұйқасы өлең синтаксисін қара сөзбен сөйлеу 
нормасына жуықтататын тәрізді. Мысалы,
Сен мына бір ішінде
Ділдасы бар дорбаны ал.
Бірін алсаң және бір
Ділда дайын, қолың сал (II, 125), –
деген жолдар проза тәртібіне жақын құрылған, мұнда қазақ өлеңінде көп 
кездеспейтін тасымал да бар:
Бірін алсаң және бір
Ділда дайын, || қолың сал.
Ішінде диалогтары бар, өзі күнделікті өмірді суреттейтін мысал өлеңдерді сөйлеу 
нормасына жуықтатып беруді ақын интуициясы дәл сезгенге ұқсайды.


293
Қорқытпайды қар мен мұз,
Өзге 
нәрсе қорқытты.
Ойсыз, доссыз, бақытсыз 
Жыбырлақпен өмір өтті (ІІ, 96).
аб 
ұйқасты 1-пардағы 
өзге нәрсе 
деп тұрғаны екінші 
аб 
па-
рында ашып көрсетілу арқылы бұл екі пар бір шумақ құрып 
тұр.
3) Тәуелдік жалғаулы сөздер арқылы шумақ ішіндегі 
сөйлемдер синтаксистік тұтастық құрайды.
Бұл тәсіл 7-8 буынды шумақтарда өте актив қолданылған. 
Мысалы, Әбдірахманға арналған өлеңінде:
Талаптың мініп тұлпарын
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді 
іңкәрің,
Әр қиынға сермедің (I, 184), –
деген шумақты тұтас дүние етіп тұрған – екінші компоненттегі 
іңкәрің 
деп тәуелдеулі тұлғада берілген сөз арқылы оның 
алдыңғы компонентпен іліктесуі.
Шумақтың синтаксистік тұтастығын құрайтын және бір 
тәсіл бар, ол – 1-тармақта айтылған ой қазығына қалған тар-
мақтардың тәуелді (байланысты) етіп берілуі:
Жастықтың оты, қайдасың? 
Бұл – бірінші тармақ, негізгі ой. Қалған жолдар:
Жүректі түртіп қозғамай, 
Ғылымның біліп пайдасын, 
Дүниенің көркін болжамай.
Бұлар – 
жастық отының 
іс-әрекет амалдарын білдіретін, 
синтаксистік құрылымы жағынан бірінші басыңқы сөйлемге 
тәуелді бағыныңқы сөйлемдер. Демек, төрт жол – бір-ақ 
сөйлем, субъект – біреу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет