Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет149/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

 Поспелов Н. С. 
Көрсетілген кітап, 92-б.
129
 Ахметов3. 
Көрсетілген кітап, 139-б.


361
Шыдай алмай қыз Құртқа
Және 
ашты 
жабықты.
Жабықтан көзін 
салыпты.
Салса ерді 
таныпты...
Батырдан Құртқа қорыққан соң,
Төмен қарап жер шұқып,
Өксіп жылап 
қамықты.
Енді Құртқа 
сасады,
Бетінен қаны 
қашады.
Оң етегін 
басады,
Сасқан емей немене,
Аш күзендей 
бүгілді,
Құртқа жаннан 
түңілді...
(«Батырлар жыры», 1963, I том, 49-бет).
Мұнда – түгел етістік ұйқастар. Оқиғаның өзі әлдеқай-
да экспрессивті болғанмен, баяндау тәсілі өзіне тән морфоло-
гиялық-синтаксистік амалды қалап, етістіктер сөйлем соңын-
да және ашық райда берілген. Тіпті атақты Тайбурылдың 
шабысын суреттеген жерде де:
Бұған Қобылан қуанып,
«Шырағым, бурыл, шу!» – 
деді.
Құбылып бурыл 
гуледі,
Табаны жерге 
тимеді,
Тау мен тасты 
өрледі,
Төрт аяқты 
сермеді,
Құлақтың түбі 
терледі,
Тер шыққан соң 
өрледі.
Адырды көзі 
көрмеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай 
иледі... 
(Сонда, 73-бет) –
түрінде бастан-аяқ ашық райдағы етістік ұйқастарға құрылған. 
Етістіктердің әрбір тармақ сайын ұйқасып желдірмелетіп келуі 
текст мазмұнымен қосылып, динамикалық реңк беріп тұрғаны 
да байқалады, бірақ Тайбурылдың шабысын баяндау реңкі ба-
сым. Өйткені:


362
Басынан Қаратаудың көш 
келеді,
Бір тайлақ көшкен сайын бос 
келеді. 
Айрылған қарындастан жаман екен, 
Мөлтілдеп қара көзден жас 
келеді, 

деген тармақтарда да етістік ұйқастар тармақ сайын (төртеудің 
үшеуінде) берілген, бірақ мұнда динамикалық қозғалыс жоқ, 
тек ел басына түскен қиыншылық заманды баяндау бар. Де-
мек, бұдан ашық райдағы етістіктердің қатарынан ұйқас 
құрауының тек жалаң фактісі динамикалық іс-әрекетті білдіре 
бермейтіндігін байқаймыз.
Тілдің осы заңдылығын ақын-жыраулар, тіпті XIX ғасыр-
дың II жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қисса-
шылары теория жүзінде білмесе де, интуитивті түрде жақсы 
аңғарып, батырлар, ғашықтар т.т. туралы жырлаған оқиғалы 
шығармаларында негізінен ашық райлы етістіктерді алған. 
Мысалы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының кез келген 
нұсқасын алсақ, олардан:
Төңіректің төрт бұрышын 
шалып келдім, 
Бақа айғырды от жерге 
салып келдім. 
Баянжан-ай, аулақта жүр жаталық, 
Көрпе тігіп, төсегің 
жайып келдім.
Немесе:
Жиын қылып Қарабай бие 
сойған,
Бір биенің етіне жұрты 
тойған. 
Қарабайдың қатыны қыз тауыпты, 
Баян сұлу болсын деп атын 
қойған...–
тәрізді жолдарды оқимыз. Біздің есебіміз бойынша, бұл 
жырдың 1834 жылы жазылып алынған Ғ.Дербісалин нұсқасы 
127 шумақтан тұрса
130
, оның 86 шумағы етістік ұйқаспен 
жырланған. Демек, жырдың үштен екісі етістік ұйқасқа 
құрылған. Бұл – шығарманың баяндау стилінде жырланғанын 
танытатын жайт. Ал баяндау емес, суреттеу, толғау (раз-
130
Жырдың бұл нұсқасында 524 жол болғанмен, кейбір тармақтар шумақ құрамына 
кірмей қалады, яғни екіден бөлек-бөлек тұрған жолдар да, сондай-ақ кейде 5, кейде 
3 тармақтан құрылған шумақтар да кездеседі. Сондықтан біз екі жолдық бөліктерді 
шумақ деп есептемей, қалдырып кетіп, ұйқас суретіне қарай 3 немесе 6 жолдыларды 
бір шумақ деп есептегенімізде, 127 шумақ болып шықты.


363
мышления, раздумья), нақыл-өсиет түріндегі шығармаларда 
ұйқасқа көбінесе өзге сөз таптары немесе етістіктің ашық 
райдан өзге тұлғалары алынған. Мысалы, Махамбеттің 
«Арғымақтан туған қазанат», «Таудан мұнартып ұшқан тарла-
ным» тәрізді Исатайдың портретін берген өлеңдері, сондай-ақ 
өзінің күрескер ретіндегі арман мақсатын толғаған «Еменнің 
түбі – сары бал» («Толғау»)» «Абайламай айырылдым», «Ай-
налайын Ақ Жайық» т.б. сияқты шығармаларында ұйқас 
құрап тұрған сөздер – ашық райдағы етістіктер емес. Біздің 
байқауымызша, жалпы Махамбет өлеңдерінде етістіктің ашық 
райлы тұлғасынан жасалған ұйқастар көп емес, оған басты 
себеп – Махамбет творчествосының тақырыбы мен стилінде. 
Ол – белгілі бір оқиғаны жырлаушы емес, сол оқиғаға өзінің 
көзқарасы мен қатынасын білдіруші, өзі бастап араласқан та-
рихи оқиғаны констатациялап, баяндаушы емес, сол күреске 
шақырушы, дем беруші. Сондықтан оған баяндау стилі тән 
емес. Сол сияқты өзге ақындардың да әр алуан толғау, өсиет 
болып келетін көптеген туындылары етістік ұйқасты пайдала-
на қалса да, ол етістіктер көбінесе II, III жақ бұйрық рай, өткен 
шақ есімшенің жалғаулы, шылаулы және дара түрлері болып 
келеді. Мысалы, Бұхар жырауда:
Жал құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр 
салмаңыз.
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын 
алмаңыз...
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар 
шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені –
Аса алмай таудан 
қалғаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып 
батқаны...
Абай өлеңдеріндегі етістік ұйқастар екі түрлі. Ашық 
райдағы етістіктер – бір нәрсені констатациялау, жай баяндау 
түрінде айтылған өлеңдерінде. Мысалы, «Жасымда ғылым бар 
деп ескермедім» өлеңінде ақын өзінің белгілі бір көңіл күйін 
(өкініш-күйінішін) констатациялау стилімен береді, соған 


364
лайық ұйқастар да өткен шақ етістік тұлғасымен келтірілген. 
Бұдан кейінгі ашық райлы етістік ұйқастармен жазылған 
– Абайдың поэмалары. Абайдың қолтума үш поэмасының 
үшеуі де, тіпті аударма «Вадимі» де – оқиғалы шығармалар. 
Соған лайық бұлардың барлығы да баяндау стилімен берілген. 
Қимыл, іс-әрекет атаулары өзінің қалыпты орнында, тармақ 
соңында берілген:
Сұмдықпен әскер жиып 
қаруланды, 
Жақын жерге жау алып, 
тұра аттанды. 
Көп елді күтінбеген 
қырды, жойды, 
Ханды өлтіріп, қаласын 
тартып алды.
(«Ескендір» поэмасы, I, 259).
Сонда шал Әзімге арқан, қанжар 
берді, 
Маяның ішіне еніп, сен 
жат деді. 
Ішін тігіп, мен кетіп, жасырынам,
Тау басында самұрық 
бізді көрді.
(«Әзім әңгімесі» поэмасы, I, 278).
«Ескендір» поэмасы 42 шумақтан тұрса, оның 22 шумағы 
ашық райдағы етістік ұйқаспен берілген (бұған 
-ып
 
жұрнақты 
көсемше ұйқастарды қоспағанда).
Жалпы, оқиғалы тақырыпта жазылған көлемді шығар-
маларға (толғау, поэма, жыр, қисса т.т.) негізінен ашық райдағы 
етістік ұйқастар тән болады деген қорытынды айтуға бола-
ды. Сөйтіп, Абайда поэмалары мен 1-2 өлеңінде болмаса, 
қалған өлеңдерінде ашық райдағы
етістік ұйқастар кемде-кем 
ұшырасады. Бұған негізгі себеп – ақын творчествосының тема-
тикасы. Абай – эпик емес, оның өлеңдері – негізінен лирикалық 
шығармалар. Ал лирикада іс-әрекетті баяндау сирек болатыны 
мәлім. Сондай-ақ табиғат құбылыстары мен жеке адамдарды 
(мысалы, сұлу қызды) немесе жылқыны, я болмаса жүз жылғы 
өткен ескі киімдерді т.т. сөз еткен өлеңдерінде суреттеу стилін 
пайдаланады, бұл циклдегі өлеңдердің бірде-біреуінде ашық 
райдағы етістік ұйқас жоқ, керісінше, сын есім мен сындық 
ұғымда қолданылған өткен шақ есімше жиірек кездеседі. Мы-
салы, «Аттың сынында» зат есімдер мен 
-лы
 
жұрнақты туын-
ды сын есімдер ғана ұйқастырылған; жылдың төрт мезгіліне 


365
арнаған өлеңдері де – сондай. Тек «Жазда» («Жаздыкүн 
шілде болғанда» өлеңінде) өткен шақ көсемше мен жатыс 
септіктегі есімше тұлғалары ұйқасқа алынған. Мұнда ақын 
жаздың суретін динамика арқылы, яғни жылдың бұл мезгілін 
адамдар мен жан-жануарлардың (малдың) іс-әрекеті арқылы 
суреттейді. Сондықтан етістіктер ұйқастырылады, бірақ баян-
дау тәсіліне тән ашық рай емес, суреттеу тәсіліне лайық өзге 
тұлғалар алынған.
Өткен шақ көсемше тұлғасымен берілген ұйқастардың 
стильдік қызметі біраз өзгеше екені танылады. Бұл тұлға қазақ 
поэзиясында екі түрлі қызметте келеді, бірі – тиянақсыз кон-
струкция элементі ретінде, яғни бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышы немесе күрделі пысықтауыштың компоненті қызме-
тінде келсе, екіншісі дербес сөйлемнің тиянақты баяндауы-
шы ретінде келеді. Әрине, ертеден ең актив қолданылып келе 
жатқан түрі пысықтауыш немесе бағыныңқының тиянақсыз 
баяндауышы болып қолданылғаны. Бұл тәсіл әсіресе, жыр ағы-
мымен (7-8 буынды) жазылған шумақсыз шығармаларда жиі 
кездеседі. Белгілі бір оқиға, іс-әрекеттің интенсивті түрде 
орындалғанын білдіру үшін көбінесе ұйқас 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет