401
сондықтан да оның өзіне тән міндеті мен мазмұны бар. Ең
алдымен, ол Абайдың тілін, әсіресе лексикасын зерттеймін
деушілерге өте қолайлы, реттеулі, түгендеулі материал болып
табылады. Іздеуші бұдан белгілі бір сөздің немесе тіркестің
қай мағынада қанша рет қолданылғанын таба алады. Үңіле
қараған адам бұл кітаптан бір мағынадағы кейбір сөздерді
Абайдың қалайша қатар пайдаланғанын, оның ішінде қайсысын
актив, қайсысын пассив қолданғанын көре алады. Мысалы,
Абайда
тіршілік, тірлік, өмір, мағишат
деген төрт сөз бір
ұғымды білдіреді. Бұлардың ішінде
тіршілік
6
рет,
тірлік
11,
өмір
113,
мағишат
1 рет қолданылғанын біле аламыз. Ал бірақ
мұның себебін ашып көрсету – бұл сөздіктің міндеті емес, ол
– Абай тілін арнайы зерттеушінің жұмысы болмақ. Мысалы,
ең алдымен, бұл параллельдердің себебін іздеу керек (неге
Абай төртеуін де пайдаланды?). Абай тұсындағы халықтық
тілде болсын, Абайдың өзінде болсын (тіпті қазірде де) осы
ұғымда негізінен екі сөз
(тіршілік, өмір)
қолданылған, бірақ
оның екіншісі
(өмір)
семантикалық сыйымдылығы әлдеқайда
күшті, фраза құрастырғыш қабілеті молдау болғандықтан, өте
көп жұмсалады. Ал
тіриілік
сөзіне дублет болып келген
тірлік
тұлғасының қолданылуын өзге себептен іздеу керек. Абай
тұсында және оның өзінде
Достарыңызбен бөлісу: