Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ып   тұлғалы), одан кейін  - ған



Pdf көрінісі
бет179/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ып
 
тұлғалы), одан кейін 
-
ған 
тұлғалысы келеді, солардан соң ғана ауыспалы (
а + ды

өткен шақ тұлғасы қолданылады: 
Ертеде бір кемпір мен шал 
болыпты, олардың баласы жоқ екен.
Баяндауыштардың шақтық рангісінің орын алмасып келуі де 
мүмкін, бірақ қайткен күнде де олар бір шақтық категорияның 
аясында тұрады.
Фольклор тілі дегеніміз – ғасырлар бойы қырлана түскен, 
ұрпақтан ұрпаққа ауысқан ауызша әдеби тіл болғанмен, ол 
ауызекі сөйлеу нормаларымен бір табан жапсарлас жатады. Ой 
қара сөзбен ауызша айтылғанда, ол қанша күрделі болғанмен, 
оны тыңдаушыға айқын жеткізу мақсаты көзделетіндіктен, 
оның грамматикалық оформлениесі мүмкіндігінше жай (күр-
делі емес) болып келеді. Мұнда жай сөйлемдерді құрмалас-
тырушы жалғаулықтар жазба әдебиетпен салыстырғанда 
мүлде сараң кезігеді. Бірақ бұған қарап, қазақтың қазіргі әдеби 
тілі қалыптасқанға дейін көсемше, есімше, шартты рай арқылы 
құрмалас сөйлем жасау тәсілдері жоқ болды деуге мүлде бол-
майды
67
. Тіпті бертіндегі (XVII-XIX ғ.) қазақ тілі түгіл, V-VIII 
ғасыр көне түркі тілдерінде де күрделі сөйлем көсемше 
және септіктер демеген қимыл есімдері арқылы жасалғанын 
білеміз
68
.
Сондықтан Ыбырай мен Абайдың проза үлгілеріне дейінгі 
ертегілер мен эпостық полотнолардағы қара сөз үздіктерінде 
жоғарыда айтылған паратаксис тәсілінен басқа баяндауышы 
есімше, көсемше шартты рай тұлғаларының ешбір шылаусыз 
жалғаусыз келген сөйлем түрлері де кездеседі. Мысалы: 
Бір 
күні [кемпір мен шал] бала іздеп жылап отырса, отқа көмген 
наны бала болыпты 
(А.Е.Васильев. Образцы киргизской на-
родной словесности. - Вып. І. - Оренбург, 1898. - С. 24). 
Қанай 
атты: екеуіміз қатынымыз ұл тапса, екеуін дос қылайық 
66
Ертегілерде «ерте-ерте, ертеде», «баяғы өткен заманда болған» оқиғаларды 
баяндайтын болғандықтан, етістіктің өткен шағы жиі пайдаланылатыны белгілі.
67
Сауранбаев Н.
Основные средства связи простых предложений // Известия АН 
КазССР. - 1946. - № 4 (29).
68
Насилов В.М
. Язык Орхоно-Енисейских памятников. - М., 1960. - С.. 79.


432
деді 
(Турецкая хрестоматия И. Березина. - Т. III. - С. 19). 
[Мах
-
тым] бұл бізге лайық қыз екен деп, Келмембет деген шабарын 
шақырып алды 
(«Қамбар», 1957, 19).
Мұның өзінде де құрмалас сөйлем, көбінесе екі-үш жай 
сөйлемнен құралған болады да бағыныңқы сөйлемнің осы 
күнгі көсемше, есімше, шартты рай тұлғаларының шылау, 
жалғаулармен тіркесе келуі сияқты тәсілдерімен жасалатын 
күрделі түрлері, яғни бір сөйлемнің ішінде осылар аралас 
келетін түрлері, некен-саяқ кездеседі.
Енді осы жайды Абай прозасынан байқайық. Мұнда сөй-
лемдерді шартты рай, көсемше, есімше тұлғалары арқылы 
құрмаластыру ауыз әдебиетіне қарағанда, әлдеқайда жиі қол-
данылады.
Етістіктің шартты р а й тұлғасын Абай қазіргі әдеби тіліміз-
дегі сияқты шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқыларын 
жасау үшін пайдаланады: 
Ерінбей еңбек қылса, түңілмей 
іздесе, ретін тауып істесе, кім бай болмайды 
(170-10)
5

Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды 
(154-2). 
Біреу 
өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, 
соған көңілі қозғалмастай берік болу керек 
(173-131). 
Білімді 
білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді 
(174-14). 
Шартты бағыныңқылы құрмаластарда парсы тілінен енген
егер 
жалғаулығының қатысуы қазіргі норма бойынша факуль-
тативті. Абайда да осы норма сақталған. 
Егер 
жалғаулығы 
қатысып та, қатыспай да жасалған шартты сөйлемдерді ұшы-
ратамыз: 
Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкім сүймес еді 
(156-3). 
Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам 
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім 
(213-17). 
Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған 
құраны сені неге жеткізеді 
(169-10).
Өткен шақтық есімше тұлғасы Абайда үш түрлі формада: 
1) жатыс септігінде тұрып; 2) шығыс септігі мен 
соң 
шылауы 
тіркесінде келіп; 3) 
-ша
 
жұрнағымен тұрып құрмалас сөйлем 
жасайды. 
Мезгіл бағыныңқы жасайтын жатыс септіктегі өткен шақты 
көсемше баяндауыш Абайда сиректеу ұшырайды: 
Орысқа 


433
қарамай тұрғанда, қазақтың өлісінің ақыреттігін, тірісінің 
киімін сол жеткізіп тұрды 
(153-2). 
Әртүрлі құмар болған 
нәрсеге жеткенде яки әне-міне жетер-жетпес болып жүр- 
генде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
Бұған қарағанда, шығыс септікте тұрып 
соң 
шылауымен 
тіркескен өткен шақтық есімше құрмалас сөйлем конструк-
циясында Абайда жиі қолданылған және аса бір көңіл ау-
даратын жай мынадай: 
-ған
 
тұлғалы шығыс септіктегі 
есімшемен 
соң 
шылауының тіркесі 
(болған 

нан 

соң) 
бірте-
бірте фонетикалық деформацияға ұшырап, осы күнгі әдеби 
тілімізде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет