жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу
тәрізді
дағдылы сөздермен қатар, қазақ өлең-жырлары тілінде көп
кездеспейтін
суыну, ысыну, елең қағу, бос шошу, қызару,
сұрлану
деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланды. Абай-
497
да жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің
көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту ке-
рек. Сырт қарағанда, «поэтикалық паспорты» жоқ
бұртақтау,
тыртыңдау
,
арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі
көздену, тізесін созғылау
деген сияқты сөздердің өзіне стильдік
жүк артып, поэтикалық құралға айналдырған.
Абай поэтикасына көзге елестетіліп берілетін образдар тән.
Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге
елестетіп беру үшін ақын
қайқаң қағу, салаң ету, аузын ашып
қоқақтау, қанат-құйрық суылдау
сияқты сөздерді таңдайды
немесе наданның намаз оқыған кездегі суретін елестету үшін
құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау
деген тіпті тұрпайы сөздерді
алады және бұл сөздер образ жасауға қатысады.
Мағына ауыстыру, теңеу сияқты поэтикалық құрал ретінде
«прозалық» сөздерді пайдалануды Абай жүйеге айналдырған.
Мысалы,
бақсының моласындай жалғыз қалу, безгек ауру
сықылды жүдететін ғашықтық, піскен алма секілді тәтті
қыз, өмір жолы
–
иген жақ
т.б. Лексикалық топтардың ішінде
жалғыз тек күнделікті тұрмысқа қатысты немесе поэтикалық
сөз болу қасиеті (мағынасы мен бояуында) бейтарап сөздерді
ғана емес, қоғамның саяси-экономикалық құрылысына, оқу-
білімге, философия мен дінге қатысты сөздердің поэзия тіліне
молынан қатыстырылуы және көбінің образ жасауға қатысып,
көркемдік құралына айналуы – Абай өлеңдері тілінің бір
ерекшелігі.
Абай поэтикасында көзге түсетін тағы бір құбылыс –
образдардың ауызша әдеби тілдегідей, көбінесе қазақ халқы-
ның санғасырлық күнкөріс тіршілігінің негізі малға немесе өз
кезіндегі қазақ тіршілігіне таныс құбылыстарға байланысты
болып келетіндігінде ғана емес, сол образдардың тыңдығында,
бұрын айтылмаған теңеу, бейнелеулерде. Мысалы, мұнда
күлкіні
мәліш саудаға,
алыс-берісті
асық ұтысқа,
бозбаланы
оңғақ бұлға
теңеу немесе
ұрлық пенен қулыққа байлағанда
кестің бау
деуі осыны көрсетеді. Абай
талаптың аты,
талаптың тұлпары, асау жүрек, жүйрік уақыт, үміттің
аты, қу тілмен қулық сауу
деген соны фразеологизмдерді жа-
сауда да малға қатысты образдарды алады.
498
Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге айналдырған поэти-
калық тәсілдің бірі текст түзу саласына қатысты. Текст түзу
дегеніміз – шығарманың бір бөлігінде немесе шағын бір
өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын,
модальдық реңктері біртектес сөздерді шоғырлап беру болса,
Абай сөздің белгілі бір поэтикалық мақсатты өтеуі сол текстегі
өзге сөздерге де иек артатынын, яғни сөздердің бір-біріне
«қызмет көрсетулері» керек екенін жақсы сезеді. Мысалы,
«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңінде
ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз мүшелерін
суреттейді. Сондықтан мұнда
сұм-сұрқия, қу, білгіш
деген зат
есімдерден бастап,
Құдай ату, бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу
(ау-
ыспалы мағынада),
қабару
(бұл да),
ит ырылдату, сілесі қату,
Құдай қалжыратып құмар қылу
деген етістіктерді қолданады.
Бұлардың әрқайсысы – экспрессоид, яғни әрқайсысында
жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар, сол
мағынаны әсерлі етіп көрсететін бояу бар: жоқтан барды жай
айту емес,
Достарыңызбен бөлісу: |