Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ып  жұрнақты түрімен және етістіктің  -мақ



Pdf көрінісі
бет231/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ып 
жұрнақты түрімен және етістіктің 
-мақ
 
жұрнақты тұлғасымен беріледі. Оның үстіне бір өлеңнің 


503
тұтас бойына немесе оның үлкен бір бөлігінде етістік сөздер 
ұйқас құрап, шоғырымен қатысады. Мысалы, «Қартайдық, 
қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп басталатын өлеңінің 12 
шумағының 10-ы 
-
мақ/-мек
 
жұрнақты етістік ұйқастармен 
берілген. Көптеген өлеңдерінде 
-
ып
 
жұрнақты көсемше 
тұлғасы тұтас ұйқас құрап, бірде қимылдың сынын, бірде іс-
әрекеттің өзін білдіріп, өлеңдерді нағыз «қимылға» толтырған. 
Айталық, «Жаздыгүн шілде болғанда» деген өлеңінде жаз 
картинасын осы кезеңдегі табиғаттың жан-жануарлардың, 
адамдардың іс-әрекеттерін, қимыл-қозғалыстарын бейнелеу 
арқылы береді.
Абай поэтикалық құрал ретінде кейбір морфологиялық 
тұлғаларды да қолдануға жол ашқан. Бұған жағымсыз об-
раз жасауда 
-сы
 
жұрнағымен келген сөздерді 
(жер тәңірісу, 
қалжыңбассу) 
қолдануы, 
-
мақ
 
жұрнақты етістіктерді өлең 
тіліне актив қатыстыруы дәлел бола алады. Алдыңғы тұлға 
көбінесе көлгірсу реңкі бар модальдық құрал ретінде жұмсалса, 
соңғы 
-
мақ
 
жұрнақты сөздер өлеңге динамикалық сипат 
беру мақсатымен немесе дерексіз ұғым атауларын молы-
нан сөз ететін өлеңдерінің философиялық мазмұнын таны-
ту мақсатымен жұмсалған. Сұраулық шылауымен келген 
сөйлемдерді қолдану да Абайда жай сұрай салу мақсатында 
емес, белгілі бір стильдік мақсатта поэтикалық жүк арқалай 
қолданылған. Мысалы, 
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар 
ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды 
– 
үміт, арты 
– 
өкініш, алдамшы өмір Желігін жерге тықпас кісің бар ма? 
Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, 
көрдің бе?... 
сияқты жолдардағы сұраулық шылауымен келген 
сөздер алдыңғы айтылған идеяны (
сұм дүние тонап жатыр... 
балалық өлді
) күшейте түсіп, өзіне назар аудартады, яғни 
бұлар – құр шындықтың констатациясы (баяндалуы) емес, сол 
шындық арқылы «өмірі баянсыз, мақсатсыз, күйбеңмен өткен 
адамбысың әлде керісінше ме?» деген
 
идеяны білдіреді.
Абай поэзиясында кейбір нақтылы ұғым атауларын поэ-
тизмге айналдыру көзге түседі. Мысалы, ақын өлеңдерінде 
бейтарап мағыналы 
жүрек, сөз 
деген сөздер әрі өте жиі 


504
қолданылып 
(жүрек – 
156 рет, 
сөз – 
376 рет), әрі өздерінің 
тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынада келген: 
жүрек 
– 
«адамның өзі, ішкі дүниесі, қасиеті», 
сөз 
– «поэзия, ой-пікір».
Суреттеліп отырған заттың, адамның, құбылыстың белгілі 
бір сипатын көрсететін бейнелі сөз эпитет болатын болса, 
эпитетсіз көркем әдебиет, әсіресе, поэзия болмайды.
Абайда объектіні әр тұрғыдан сипаттау басым, сондықтан 
ол эпитеттің дәстүрлісін де 
(ақ торғындай мойын, алпыс екі
айлалы түлкі, ала жылан, аш бақа күпілдектер, қарсақ жорт
-
пас қара адыр 
т.б.), өзі қолданған жаңаларын да пайдаланды. 
Мысалы, 
ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек 
дегендерде кәнігі эпитеттерді қолданса, 
асау жүрек, асыл 
жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, ыстық жүрек, үрпейген 
жүрек, қырық жамау жүрек 
дегендерде жаңа белгілерді, тың 
эпитеттерді келтіреді. Абай тіліндегі жаңа эпитеттер ауыспа-
лы мағынада келтірілген образды сөздер болып танылады: 
үрпейген жүрек, кірленбеген көңіл, нұрлы ақыл 
дегендегі эпи-
теттер – өздері сипаттап тұрған нәрсенің бойына тән табиғи 
қасиеттері емес, бұлар – ауыспалы мағынада жұмсалған 
анықтамалар. Абай тіліндегі бірқатар эпитеттер күрделі, 
яғни сөз тіркесінен жасалғандар болып келеді: 
сүтпен енген 
надандық, іші – алтын, сырты – күміс сөз, толғауы тоқсан 
қызыл тіл, ку тілден қулық сауған қыртың 
(адам). Поэзия та-
лабын өтеп тұрған өте бейнелі бұл эпитеттердің экспрессивтік 
бояуы жеке сөздермен келгендерден де қалыңырақ, олар – 
нағыз метафораланған тіркестер.
Тың эпитеттерді молынан қолдану алдымен қазақ тілінің 
поэтикалық құралдары қазынасын байытты, сөздердің мета-
форалық мағынасын кеңітіп, бір-бірімен тіркесу мүмкін-
дігін ұлғайтты.
Теңеу – көркем шығарманың, әсіресе, поэзия тілінің ерте-
ден қалыптасқан күшті құралдарының бірі. Абай поэзиясы 
теңеулердің молдығымен ғана әсерлі емес, соны түрлерімен 
де құнды. Өмір жолын тар соқпаққа, қартаң тартқан кезді 
сұрғылт тартқан бейуаққа, пысықтарды күшік итке (үруге бар, 
қабуға жоқ «қайраткерлер»), тыңдаушысы мен оқушысына 
сөзін ұқтыра алмаған ақынның күйін жалғыз тұрған бақсының 


505
моласына, әнді шартарапқа құйқылжыған көңіл құсына, 
ақын ой-толғауын ұлып жұртқа қайтқан адасқан күшікке 
теңеуі – баршасы ақынның дүниетанымының, философиялық 
тұжырымдарының айнасы, сол айнаны тіл құралымен көрсетуде 
теңеулерді пайдаланған және бұл қолданыстың бір ерекшелігі 
– теңеудің әдеттегі тілдік амалы 
-дай
 
жұрнақты тұлғаны не-
месе 
секілді (сияқты, тәрізді) 
сөздерін көп қолданбауы, ол 
теңеуді көбінесе тұжырым, констатация арқылы беретіндігі. 
Мысалы: 
төңкеріліп құбылған жұрт 
– 
бір сағым, жүрек 
– 
теңіз, қызықтың бәрі 
– 
асыл тас, өткір тіл 
– 
бір ұялшақ қыз 
болмай ма? 
т.б.
Сөйтіп, Абай өзіне дейінгі сан ғасыр «эстетикалық таңба-
лардың» шоғырын жинап келген қазақ поэзиясы мектебінің 
барша көркемдеуіш-бейнелеуіш құрал-тәсілдерін дұрыс 
танып, жақсы қабылдап қана қоймай, оның көп тетігін 
қайта бұрап, көп кетігін жаңадан қалады, яғни поэтикалық 
құралдарды пайдалану принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне 
өзгерістер енгізді, кейбіреулерін жүйеге айналдырды, жаңа-
ларын қосты, барларының аясын кеңейтті. Абай поэтикасы 
– қазақ өлеңінің бұрынғы көркемдік дүниесінің синтезі ғана 
емес, жаңа кезеңінің, классикалық жазба түрінің бастамасы, 
кейінгіге жол салған үлгісі болды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті». - 1993.- №5.- 3-8-б.


506


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет