Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет50/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
өкпе сызы
»

Бұл перифраз-
да екі компоненттің (құрамды бөлшектің, яғни перифраз 


126
құрап тұрған сөздердің) екеуі де бастапқы номинативтік 
мағыналарын ауыстырып жұмсалған метафоралар болып тұр: 
өкпе – 
реніш дегеннің баламасы болса, 
сыз 
да суық, жағымсыз 
нәрсе болғандықтан, осы мағынаға иек артып, жағымсыз көңіл 
күйі – реніш дегенді білдіруге «ат салысып» тұр.
Әдетте 
көз 
сөзімен келетін метафоралы тіркестер жалпы-
халықтық тілде де аз кездеспейді. Мысалы, 
көзінен от шашқан 
деген тіркес «өжет, өткір» дегенді астарлап атайды, сол сияқты 
жаман көзбен қарау 
(ұнатпау, жаратпау), 
көз аларту 
(өштесу 
немесе қорқыту), 
көз жұму 
(өлу)
, көз тою 
(қанағаттану), 
көзі
түсу 
(көру, байқау) т.т. Бұлардың бірқатары перифраз болып 
келеді, Абай осындай жалпытілдік қолданыстарға қоса көз 
сөзінің қатысуымен 
ақылдың көзін байлау 
(еш нәрсені ойлат-
пау), 
ақыл көзбен бағу 
(саналы оймен бағдарлау), 
көзге сынық 
келу 
(жағымды көріну), 
ой көзбен тыңдау 
(дұрыс түсіну) деген 
перифраздарды ұсынады. Ең соңғы перифраз мүлде тың: мұнда 
ой(дың) көзі 
деген тіркес – мағыналары жуыспайтын сөздердің 
қабысуы болса, 
көзбен тыңдау 
бұдан да өткен мағыналық 
«сәйкессіздік»: көзбен көреді, тыңдамайды, тыңдайтын 
құлақ болса керек. Ал Абай әрі ойға көз
 
бітіріп, әрі ол көзбен 
тыңдатып, еселенген метафора түзіп тұр. Бұл екі метафо-
ра тұтасымен бір перифраздық құрылым болып шыққан: 
ой 
көзбен тыңдау – 
«жақсы әнді санамен ұға білу», яғни ақынның 
өз сөзімен айтсақ, өмірдің судай тұнық етіп көрсеткен сәулесін 
көре білу, жалпақ тілмен айтсақ, алды ыстық, арты суық, алды 
ойын, арты мұң болып шығатын өмірдің ән арқылы берілетін 
сырын ұға білу, тыңдаушы ұға білсе, ақын «Жарамды әнді 
тыңдасаң, жаның еріп, Жабырқаңқы көңілің көтерілер» деп 
түйеді.
Көңіл күйді, адамның ішкі жан дүниесін бейнелеп атауда, 
әсіресе етістікті тіркес болып келетін перифраздар көзге түседі. 
Бұлардың дені – Абайдың қаламынан туған соны қолданыстар. 
Мысалы, 
талаптың аты арындау 
(бір нәрсеге қатты талап-
тану), 
үміттің аты елеру 
(қатты үміттену), 
көңілдің күні өшу 
(үміті үзілу) 
жүрекке өрт түсу 
(ғашық болу), 
шенді шекпен 
жабу 
(қолына билік ұстату), 
көз майын ағызу 
(зар-мұңын 
айту) т.т. Бұл жерде мына бір жайтты байқаймыз. Біздің тануы-
мызша, бұл тіркестердегі етістіктер алдыңғы метафораланған 
перифрастық тіркесті фразеологизмге айналдырушы стимуля-


127
тор (дем беруші) элементтер болып табылады. Ақын алдыңғы 
есім тіркестерді 
(үміттің аты, көкірек көзі, шенді шекпен 
т.б.), айталық, 
елеру, ашылу, жабу 
сияқты етістіктермен ғана 
қолдану үшін жасаған деуге болады. Сондықтан бұл фразеоло-
гизмдер – авторлық, контекстік дүниелар: бұлардың, құрамын 
өзгертуге болмайды. Мысалы, 
көкірек көзі жабылды, шенді 
шекпен киді, үміттің аты шапты 
деген тіркестер жасала 
қалған болса, олардың семантикасы мен стильдік жүгі мүлде 
басқаша болар еді.
Міне, сөз мағыналарын ауыстырып, метафоралап, одан 
барып номинативтік атауды суреттеме атаумен алмастыру –
жалпы көркем сөзге тән құбылыс болса,
 
мұны Абай асқан 
шеберлікпен жиі қолданған. Абайдың кейбір перифраздары 
мүлде тың, мағынасы тек қана контекст арқылы ашылатын 
қолданыстар болып келеді. Мысалы, жас жігіттің сұлу қызға 
құмартқан кездегі қол жетпес арманын, қиынға түсер әрекетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет