132
уақытты
алу).
Бұл тіркестердің жақша ішінде көрсетілгендері
–жалпыхалықтық тілде қолданылатын кәнігі фразеологизм-
дер. Абай олардың сөздерін алмастырып, өзгертіп қолданған.
Егер осы өзгерген фразеологизмдерді жеке-жеке атасақ, олар-
дың дағдылы еместігі бірден байқалады. Ал Абай өлеңдерінің
ішіне келгенде, бірде-бір оқырман Абай мына сөздерді дұрыс
қолданбапты немесе тіркесті бұзып, нормадан ауытқып кетіпті
деп еш ойламайды, өйткені бұлар өлең тілінің бүкіл бітіміне
соншама оралымды етіп келтірілген. Ол оралымдылық әртүрлі
мұқтаждықты өтеуге қызмет етеді. Мысалы, ант бұзуды
ан
-
тын шайқау
деп өзгерту ұйқас қажетін өтеп тұр: «Анттасын
алқайды.
Сен тентек демеске. Кім
антын шайқайды,
Амал жоқ
жемеске» деген өлең жолдарында осы фразеологизмнің
бұзады
(антын бұзады) деген тұрақты компоненті мүлде келмес еді,
өйткені бұл жолдың ұйқасы
алқайды
деген тұлғаға сай келуі
керек. Бұл жерде өлең ұйқасы да дәл шыққан, тіркес мағынасы
да бұзылмаған, себебі
бұзу
мен
шайқау
сөздерінің негізгі
мағыналары дәл түспегенімен,
шайқау
сөзіндегі қосымша
семантикалық реңк (шайқау арқылы бұзу, мысалы, жұмыртқа
шайқалса, ол бұзылып, бүлініп, балапан шықпайды немесе
қаймақты шайқаса, ол «бұзылып» қаймақ болудан қалып, май
болып шығады т. т.) бұл екі етістікті дәл осы контексте сино-
ним қатарына шығарған.
Қайғы жеу
тіркесі – дағдыдағы
уайым жеу
фразеологизмі-
нің трансформациясы (құбылған түрі). Бұл жердегі өзгерістің
уәжі (мотиві) басқашалау сияқты.
Қайғы
мен
уайым
сөздері –
мағыналық жағынан тепе-теңге жуық синонимдер, кейде бұлар
уайым-қайғы
деп те қолданыла береді.
Абай кейбір сөздерді мағыналас қатарларының ішінен бөліп
алып, жиірек қолданғанын білеміз. Сондықтан ол көрсетілген
екі синонимнің
Достарыңызбен бөлісу: