135
рын айту деген ұғымды ұсынады. Келесі мысал. Қазақ пысық
адамды
еті тірі кісі
дейді. Осы мағынаны ұстанып, Абай
көңілі тірі
деген тіркес жасайды.
Жақын тарту, іш тарту
де-
ген қалыпты фразеологизмдегі
тарту
етістігінің мағынасына
иек артып,
қайратсыз тарту, ыстық тарту, салбыраңқы тар
-
ту
деген соны тіркестер ұсынады.
Пайдасы тию, зияны тию
дегендердің үлгісімен
панасы тию
деген тіркесті,
күшін жал
-
дау
дегеннің моделімен
жан жалдау
сияқты жаңа тіркестерді
өлең тіліне қосады.
Абай осылайша ұсынған соны
тіркестер өздеріне модель
(үлгі) болған варианттарынан экспрессиясы әлдеқайда күшті,
образды дүниелер қатарын құрайды. Бұл фразеологизмдер,
бір жағынан, тың образдар жасап, поэтикалық құралдарға ай-
налып жатса, екінші жағынан, қазақ тілінің фразеологиялық
қазынасын толықтырып, байытты деуге болады.
Фразеологизм құрамындағы
сөздердің орын алмасты-
рып қолданылуын біз олардың құбылуына (трансформацияға
түсуіне) жатқызбас едік. Бұл – өлең шартынан туатын құбылыс,
яғни өлеңнің ырғақ, ұйқас, өлшем сияқты шарттарына қарай,
фразеологизмдердің құрамындағы
сөздер орындарын ауысты-
рып келе береді. Мысалы,
қырқын мінсе, қыр артылмау
де-
ген фразеологизмді Абай прозасында осы көрсетілген орын
тәртібімен қолданған болса, өлеңінде оны екіге бөліп жібереді:
«Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас
болған соң
мінсе қырқын
»
.
Екінші мысал:
мыс қазандай қайнау
(мағынасы
«амалы құрып, күйіп-жану») фразеологизмі де өлеңде: «Үшбу
қиял келсе басқа, Сен жүдер деп мен үшін, Болар еді
қайнамасқа
Мыс қазандай
сорлы
ішім
»
деген түрде сөздердің орындары
ауысып берілсе, ол да – өлең шартынан туған қолданыс. Бұл
жердегі сөздердің орын ауыстыруы
сияқты өзгерісі фразео-
логизмге не мағыналық, не стильдік реңк үстеп тұрған жоқ.
Фразеологизм құрамындағы сөздердің араларына бөгде сөздер
салып, бір-бірінен алшақтап орналасуын парцеляция дегенге
жатқызушылық та бар, ал парцеляция – сөйлемнің құрамды
бөлшектерін ажыратып, «отауларын бөлектетіп» жіберу амалы.
Жоғарыда келтірілген мысалдарда сөйлем кұрамын бөлшектеп
136
көрсетуден гөрі, өлеңін ұйқас, өлшем шарттарына бағындыру
ғана байқалады. Біздіңше, фразеологизмдер контаминация-
мен немесе үстеме сөздермен
мағыналық реңк алу мақсатын
көздеген сәттерде ғана құрылымдық өзгеріске түседі деп са-
наймыз.
Абайдың поэтикалық тіл өрнегінде өзіне дейінгі ақын-
жырауларда кездеспеген және бір жаңалық бар, ол – қазақ
тілінің фразеологиялық қазынасына
орыс тілінен тікелей ау-
дару арқылы жасалған соны тіркестердің, қосылуы. Бұлар
сан жағынан аса көп емес, бірақ сол аз фактінің өзі бұл
жаңалықтың қазақ поэзиясы
тілінде Абайдан басталғанын
көрсетеді. Мысалы, қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: