Ж
ағдайсыз жаман қалып барамын
Ж
анымда бір туғанның жоғынан...
Немесе:
Т
оғай, тоғай, тоғай су,
Т
оғай қондым – өкінбен.
Т
олғамалы ала балта қолға алып,
Т
оп бастадым – өкінбен.
Т
обыршығы биік жай салып,
Д
ұшпан аттым – өкінбен...
Шалкиіздің толғауларынан да үш-төрт жолдың басы
қатарынан бірдей дыбыстан басталатын сөздермен келетін
тұстарын оңай табуға болады.
XV-XVII ғасырлардағы қазақ поэзиясының тармақ басын-
дағы ассонанс пен аллитерацияға құрылған анафораға кеңірек
баруына өлеңнің оқуға емес, тыңдауға арналғандығы да себеп-
кер болса керек. Бұл – бір жағынан, екіншіден, аталған кезеңде
ертедегі түркі поэзиясының жасалу техникасында дыбыс
ырғағының көбірек сақталғандығынан болар. Зерттеушілердің
айтуларына қарағанда, көне түркі поэзиясындағы өлең құры-
лысы аллитерацияға иек артқан, ол әрі ұйқас, әрі шумақ құрау-
шы қызмет атқарған
40
. Бұл жерде әңгіме көне түркі поэзия-
40
Стеблева И. В.
Развитие тюркских поэтичеоких форм в XI
в. - М., 1971. - С. 88.
145
сындағы (мысалы, Күлтегін ескерткішіндегі немесе Махмұт
Қашғари келтірген өлең жолдарындағы) аллитерация жайын-
да, яғни тармақтардың, кейде тіпті тұтас шумақтардың өн бой-
ында біркелкі дыбыстардың қайталап отыруы туралы. Мыса-
лы, Күлтегінге арналған үлкен жазбадағы:
Қ
аған ат
б
унта
б
із
б
іртіміз
Сіңлім кунчуйуп
б
іртіміз
Өзі йаңулту,
қ
ағаны өлті,
Б
удуны
к
уң
к
ул болты, –
деген жолдарға көңіл аударыңыз (біз бұл шағын тексті қазіргі
оқырманға қолайлырақ болсын деп, латын әріптерімен емес,
осы күнгі графикамызбен бердік). Мұнда
қ, б, ө
дыбыстарының
кайталап келуі осы микротексті өлең іспеттес үнді құрылымға
айналдырып тұр.
Өлең құрастырудағы көне түркілік басқы ұйқас немесе
тармақ ішіндегі дауыссыздар біркелкілігі (аллитерация)
сияқты амал қазақтың ақын-жыраулар поэзиясында көпке
дейін сақталып келгенін айта аламыз. Сірә, бұл жерде біз
түркі поэзиясының аллитерациялық жүйесі орта ғасырларда
мұсылман мәдениеті күшті әсер етпеген ортада, айталық,
қазақтарда қолданыстан көп ығыспағаны байқалады, яғни
араб,
парсы поэзиясының аруз деп аталатын өлең өлшемінің түркі
жазба поэзиясына әсер еткеніндей, қазақтың төл халықтық по-
эзиясына ықпалын тигізбегенін зерттеушілер көрсетіп келеді,
оның есесіне түркінің поэтикалық көне тәсілдері ізін суытпай
келгені айтылады.
Аллитерация мен ассонанс сияқты дыбыс үнділігін, әрине,
тек ауыз әдебиеті мен ауызша тараған ақын-жыраулар туын-
дыларының көріктеу тәсілі деуге болмайды. Эвфония қарас-
тыратын дыбыстық қайталаулардың қай-қай түрі де: аллитера-
ция, ассонанс, анафора, эпифора, ұйқас, ырғақ көркем сөзде,
әсіресе өлең сөзде белгілі бір әсер туғызатын, яғни эмоциялық
бояу үстейтін стильдік тәсіл болса, оларды қай дәуірдің сөзгері
болса да қолданбай отырмайды.
Қазақ көркем сөзіне дыбыс сазының, үн гармониясының
бірден көзге түсетіні де, ең жиі кездесетіні де, сөз басындағы
дыбыстардың біркелкі болып келетіндері. «Біркелкі» деген-
146
де тек бір дыбыстың қайталануын ғана емес, қатар тұрған
сөздердің басында не ішінде үнімен табиғаты жағынан ұқсас
дыбыстардың қайталап келуін де түсіну керек. Ол ұқсас ды-
быстар:
Достарыңызбен бөлісу: |