159
қиюластырған. Немесе: «
Саяламай, сай таппай
» десе,
сая,
мен
сай
сөздерін морфологиялық құрамы жағынан бір
түбірден өрбіте алмасақ та, желдің өтінен немесе ыстықтың ап-
табынан саялайтын жер – сай болатындықтан, бұл сөздерді де
контекстік немесе логикалық түбірлестер деп қарауға бола-
ды. «
Сарғайды
жүзіміз,
сарылды
көзіміз» дегендегі көрсе-
тілген сөздердің мағыналарының да логикалық уәжі (моти-
вировкасы) оларды семантикалық компоненттер қатарына
шығарады. Бұндай сәттерді ақын «поэтикалық этимологияға»
сүйенген я болмаса дыбыстық ұқсастықты мағыналық жақын-
дыққа ұластырған деп қарау керек. Бұл амалды ғылымда
«паранимикалық аттракция» деп атайды. Абай, сөз жоқ, лин-
гвист ғалым емес, сондықтан ол сөздердің фонетика-морфоло-
гиялық этимологиясын (түп-төркінін) іздемейді, үні ұқсас
сөздерді мағына жағынан жақындастырады. Мысалы, «
Ауыр
ойды көтеріп
ауырған
жан» дегенінде
ауыр
сын есімі мен
ауыру
етістігі – бір түбірден өрбіген мағыналас сөздер емес,
бірақ осы контексте оларды бір-біріне мағына жағынан
жақындастыруға қиюы келіп тұр: ойы ауыр болғандықтан,
адамның жаны ауырады немесе жаны ауырған адамның ойы
ауыр болады деп ұғынамыз. Мұндай мысалдарды Абайдан
едәуір мол келтіруге болады.
Енді бірқатар түбірлестер бір етістіктің екі түрлі морфо-
логиялық тұлғада келген сөздер болып танылады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: