Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет66/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

Анафора мен эпифора 
Анафораның тек дыбыстық емес, өзге түрлерін де Абай 
жақсы қолданған. Олардың бірі – шумақтық анафора бол-
са, оны өлеңнің әрбір шумағының немесе шоғыр сияқты 
өзге де бөліктерінің басында бір сөздің, кейде бір фраза не 
бір сөйлемнің қайталап келуі көрсетеді. Шумақтық анафора 
өлеңде айтылмақ идеяны күшейте түседі. Мысалы, «Сап, сап, 
көңілім, сап, көңілім» деп басталатын өлеңінде алабұртқан 
жастық сезімді ақылға жеңдіріп, тежеңкіреу идеясы айтылған 
болса, оны ақын «сап, сап, көңілім, сап, көңілім» дегенді осы 
өлеңнің әр бөлігінің басында қайталап келтіру арқылы нығайта 
түседі. Екіншіден, анафоралы құрылымы осындағы бес үлкен 
шоғырды бір өлең етіп ұйымдастырып тұр.
Тілдік-композициялық келбеті ерекше болып келген бұл 
өлеңде оны тұтастық етіп «цементтеуші» және бір амал бар, 
ол – өлеңнің сұраулы сөйлемдермен келуі. Ақын сұрау арқылы 
сабырлыққа шақырады:
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! 
Саяламай, сай таппай, 
Не күн туды басыңа 
Күні-түні жай таппай? 
Сен жайыңа жүргенмен, 
Қыз өле ме бай таппай? 
Түн кезгенің мақұл ма, 
Жан-жағыңа жалтақтай? 
Өлермін деп жүрмісің, 
Мұнан басқа жан таппай?
Өлеңнің барлық шоғыры осы іспеттес. Қысқасы, «Жай 
жүрсең де қыз қумай, Сені біреу қарғай ма? Қыз іздесең, қалың 
бер, Мұным ақыл болмай ма?» деген сияқты сұрауларды «жа-
удырып келіп», лирикалық кейіпкер «сап, сап, көңілім, сап, 
көңілім!» деп өзіне-өзі ақыл айтады.
Шумақтық анафоралы өлеңнің тағы бірі – «Мен көрдім 
ұзын қайың құлағанын» деп басталатын аударма өлеңі. Мұнда 
«мен көрдім» деген сөздер әр шумақтың басында келіп, анафо-
ра болып тұр.


152
Грамматикалық анафора біркелкі морфологиялық тұлғалар-
дан немесе синтаксистік құрылымдардан басталатын жолдар 
болып келеді. Мысалы:
Барып келсе, 
Ертістің суын татып
Беріп келсе, 
бір арыз бұтып-шатып,
Ғылым таппай 
мақтанба,
Орын таппай 
баптанба,
Бес нәрседен 
қашық бол,
Бес нәрсеге 
асық бол...
Абай өлеңдерінің қатар түскен мына тармақтары да 
грамматикалық тұлғалары біркелкі параллельден басталады:
Бір-ақ секіріп 
шығам деп, 
Бір-ақ қарғып 
түсем деп... 
Бір сөз 
үшін жау болып, 
Бір күн 
үшін дос болып... 
Күн жауғанда 
қойныңда,
Күн 
ашықта 
мойныңда...
Туғызған 
ата-ана жоқ, 
Туғызарлық 
бала жоқ...
Бұларда тармақ басындағы сөздер морфологиялық құры-
лымы жағынан біркелкі тұлғалармен келген.
Келесі сәттерде Абай бір сөзді әртүрлі септікте келтіріп, 
лексикалық анафора жасайды:
Әркімді заман сүйремек, 
Заманды 
қай жан билемек? 
Заманға 
жаман күйлемек, 
Замана 
оны илемек...
Әрине, Абайда анафора өлең сайын кездеседі деуге болмай-
ды, бірақ барлары сол контекске аса бір әдемі музыкалық үн 
береді. Келтірілген анафоралық қолданыстардың барлығы да 
өлеңнің тыңдаушы (оқушы) сезіміне әсер ететін эмоциялық 
бояуын күшейтеді. Анафоралы өлең жолдары өлең үнінің 
әсерлі болуына қызмет етуімен қатар, өлеңді жаттау үшін де 
көмектеседі: «сылдырап тұрған келісім», әдемі әуен адам жа-
дына өзінен- өзі құйылып, жатталып қалады.
Өлең жолдарының соңында қайталап келетін жеке сөздерді 
немесе сөз тіркестерін қолдану эпифора деп аталатын бол-


153
са, ол да поэтикалық көріктеу амалдарының бірі. Бұл да өлең 
үндестігін жасайтын тәсіл. Эпифораны да қазақ поэзиясы ауыз 
әдебиетінен бастап, ақын-жыраулар үлгілерінде қолданып 
келгенін айтуға болады.
Эпифораның ең бір қарапайым түрі – өлең жолдарының 
соңғы
сөзінің қайталап келуі, бірақ ол ұйқасқа қатыспайды, 
ұйқасты оның алдындағы сөздер жасайды. Эпифораға қазақтың 
ауыз әдебиеті мен XV-XVII ғасырлардағы ақын-жыраулары жиі 
барған. Мысалы, Бұқар жыраудың бірнеше толғауы тармақтың 
соңы етіп бір сөзді сан рет қайталаумен жасалған. «Айналасын 
жер тұтқан» деп басталатын толғауының әрбір екінші жолы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет