Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет59/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36
Ибрагим Мерейім коммуникативті дағдылар 3
Аллитерация мен ассонанс 
Қазақ поэзиясы өзінің қай жанрында да, қай дәуірде де 
өлең үні гармониясының барлық түрін көріктеудің пәрменді 
құралдарының бірі деп қолданып келген. Оның ішінде әуелі 
дыбыстық анафораға келсек, бұл құбылысты қазақ ауыз 
әдебиеті үлгілерінен де, авторлы әдебиет туындыларынан да 
молынан таба аламыз.
Өлеңнің ең кем дегенде үш-төрт жолы қатарынан бір дыбы-
стан, дәлірек айтсақ, біркелкі буыннан басталатын сөздермен 
келгенде, дыбыстар гармониясы жақсы байқалады. Мұндайда 
кейде үн сазын жағымды етіп келтірумен қатар, өзге де стильдік 
мақсаттар көзделуі мүмкін. Мысалы, «Қобыланды» жырында 
батырдың анасы аттанып бара жатқан баласының амандығын 
тілеп, жалбарынған сөздері:
Қам
бар, өзің қолдасаң
Қол
дамайтын кім бар-ай! 
Қ
азанға қайдан жол қылдың, 
Қ
араман деген заңғар-ай? 
Қ
ала қоймас Бурыл ат 
Қ
атар шапқан жарыстан, – 


143
деп келеді. Мұндағы өлеңнің алты жолының 
қ
деген дауыссыз-
дан, дәлірек айтсақ, 
қам, қол, қа
деген буындардан басталып 
тұруы осы жолдардың алдындағы:
Көл иесі 
Қам
бар-ай, 
Шөл иесі 
Қам
бар-ай!–
деген «ие» аты 
Қамбар 
сөзімен үндес етіп тұр. Міне, бұл – 
енді белгілі бір негізі, дәлелі бар қолданыс, яғни бұл жердегі 
аллитерациялық анафора образ жасау мүддесін көздеген деуге 
болады.
Өлең жолдарының біркелкі дыбыстан басталуы XV-
XVII ғасыр ақын-жырауларында тіпті жиі кездеседі. Бұларда 
өлеңнің қатар келген төрт-бес жолында ассонанс немесе 
аллитерацияның қолданылуы – кәнігі амал. Мысалы, XV ғасыр 
жырауы Қазтуған өзінің «ақ ала ордасы қонған жұртын»:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет