Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет113/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

(өзі, отын, 
қатыны), 
бірақ логикалық субъект – 
кедей.
Субъектің ортақ-
тығы соңғы сөйлемнің грамматикалық бастауышын тәуелдік 
тұлғада айтуға 
(қатыны 
– кедейдің қатыны) мәжбүр еткен.
3. Синтаксистік тұтас единица құрауда есімдіктер қатыса-
ды. Бір шумаққа немесе бір шоғырға (абзацқа) топталған сөй-
лемдерді олардың біреуінде (кейде бірнешеуінде) келтірілген 
есімдіктер бір-бірімен тығыз жымдастырады, яғни алдыңғы 
жолдардағы бір мүшені соңғы жолдардың бірінде есімдік 
арқылы қайталап береді. Мысалы:
Ауру 
жүрек
ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай, – 
деген алғашқы жолдардағы 
жүрек
сөзі соңғы жолдарда:
Кейде ыстық қан басып кетеді 
оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай (I, 227), –
болып, есімдік түрінде қайталану арқылы төрт жол синтак-
систік тұтас бір дүние болып шыққан.
4. Синтаксистік күрделі тұтастықты жасайтын элементтер-
дің (тәсілдердің) бірі – модальдық реңктің біркелкілігі. Мы-
салы, Абайдың «Күлембайға» деген өлеңінің алдыңғы бөлігі 
(10 тармағы) әрі ұйқас бірлігі, әрі субъект бірлігі, әрі модальдық 
реңк бірлігі арқылы біртұтас синтаксистік единица болып тұр:
Уағалайкүмүссәлем,
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың
Аума-төкпе заманда.
Ел билеген адам жоқ 
Ата менен бабаңда.


261
Болыстықтан пайда қып,
Шығыныңды алсаң, жаман ба?
Қалжындаймын әншейін,
Оған келе де бермес шамаң да! (I, 75).
Мұнда сұраулы сөйлемдер арқылы келекелеу реңкі бар. 
Модальдық реңк тұтастығын білдіретін амалдар алуан түрлі 
болып келеді. Мысалы, кейбір шумақтарда немесе абзацтарда 
ұйқасқа алынған сөздердің семантикалық өңінде белгілі бір 
бояу біркелкі болуы мүмкін. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» 
өлеңінің біраз бөлігі 
дүпілдеп, дікілдеп, күпілдеп
тәрізді сөздерді 
ұйқасқа қатыстыру арқылы жасалған. Бұл сөздер сол бөліктегі 
сөйлемдерге тұтас модальдық бір өң береді де, синтаксистік 
бір шоғырға топтастырады.
5. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін қайталап беру арқылы 
да сөйлемдерді синтаксистік тұтас единица етіп құрастыру 
тәсілі бар.
Байлар да мал қызығын біле 
алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне 
алмай жүр,
Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен ыржиып күле 
алмай жүр
(I, 33), – 
деген шумақты тұтастырған элементтердің бірі – 
алмай жүр 
сөзінің қайталап келтірілуі.
Бұл тәсілмен бірер шумақ тұтастығын ғана емес, кейде өлең 
тұтастығын да жасайды. Мысалы, Абай «Көңіл қайтты достан 
да, дұшпаннан да» деген шығармасының соңғы 8 шумағын 
алмай жүр
сөздерінің қатысуымен жасаған. Дәл осы тәрізді 
сипат Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды ар-
ман» шығармасында да бар. Мұндада 8 шумақ 
деп 
көмекшісі 
арқылы жасалған. Бұл сөздің әрбір үш тармақта қайталап келіп, 
ұйқасқа қатынасуы – ең алдымен жеке-жеке шумақ жасауға 
қажет болған болса, екіншіден, шығарманың едәуір бөлігін 
негізгі идеяға топтастыру үшін қолданылған.
1. Күрделі синтаксистік тұтастықты құрайтын сыртқы тәсіл-
дердің және біреуі ұйқасты морфологиялық көрсеткіштері 
бірдей тұлғадағы етістікке құру:
Ер ісі ақылға ермек, бойды 
жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле 
көрмек.


262
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек өздігінен көпке 
көнбек
(I, 26).
Мұнда ер адам, өнерсіз адам, еріншек адам туралы үш бөлек 
ой айтылған, үш дербес сөйлем бар, бірақ бұлар – бір-бірімен 
тұтасқан дүние, тұтастырып тұрған, бір жағынан, ой бірлігі 
(үш сөйлем де ақынның замандастары – жалпы адам туралы) 
болса, екінші жағынан, 
-мақ
 
тұлғасымен берілген етістіктен 
болған ұйқастар.
2. Етістіктен болған мүшенің біркелкі тұлғада берілуі 
сөйлемдердің синтаксистік тұтас единица болып топтасуына 
қатысады.
Құрбыңның тәуір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет