Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


ар, -ады )  берілген. Үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіру функци- ясын келер шақ есімшенің - ар



Pdf көрінісі
бет112/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ар, -ады

берілген. Үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіру функци-
ясын келер шақ есімшенің -
ар
жұрнағы мен ауыспалы шақ жа-
сайтын 
-ады
 
аффикстері қосындысы қатар атқара береді, бұл 
функция әсіресе мақал-мәтелдерде өте-мөте айқын сезіледі. 
Ал Абай тілінде -
ар
 
мен -
ады
қосымшаларының осы қызметі 
және олардың дублеттілігі туралы кең айтылып, дәлелденген 
болатын
102
.
Параллельдікті құрайтын амалдар әр алуан. Мысалы, мына 
жолдардың параллельдігі бірінде баяндауыш тұлғасының бір-
дейлігі, екіншісінде субъектілердің біркелкісі, үшіншісінде бір 
сөздің екеуінде де қайталап келуі т.б. арқылы берілген. 
Жазға жақсы 
киінер
қыз-келіншек,
Жер жүзіне 
өң берер
гүл-бәйшешек (I, 122).
Бұл жолдарды параллель етіп жақындастырып тұрған – 
әрине, тек қана баяндауыш тұлғасының бірдейлігі емес, мұнда, 
сөз жоқ, логикалық ой жақындығы бар: екеуінде де жазда 
болатын көрініс суреттелген, егер 1-сөйлемде 
жазда
сөзі 
келтірілген болса, екіншісінде гүл-бәйшешектің жер бетіне өң 
беруі жаз маусымында болатындығы өзінен-өзі түсінікті.
Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер,– 
дегенде субъектілер біртектес: әңгіме белгілі бір кәсіп иелері 
туралы.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейлі енер,– 
дегенде автор 
басқаның
деген сөзді екі сөйлемде де қайталап 
келтіру арқылы ол сөйлемдерді параллель етіп берген.
102
 
Сыздықова Р.
Абай шығармаларындағы 
-ар 
тұлғалы есімшенің қызметі жайында 
//Труды ИЯЛ АН КазССР. - Т. I. - Алма-Ата, 1959.


259
Параллелизм жасауда жеке сөйлем мүшелерінің тұлғалық 
біркелкілігі ғана емес, тұтас сөйлемнің бірдейлігі де пай-
даланылады. Айталық, екеуін де сұраулы сөйлем етіп беру 
1, 2-жолдардың параллель конструкция болуына мүмкіндік 
береді:
Тұрлаусыздың қолынан не келеді?
Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді? (I, 161).
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? (I, 223).
Қатар келген сөйлемдерді параллель конструкцияға сый-
ғызып, оларды логикалық ой желісі жағынан тығыз жақын-
дастырып тұратын амалдардың біріне сөйлемдердің біреуіндегі 
бір сөзді екіншісінде қайталап келтіру жатады. Бұл әдіс, 
біздің байқауымызша, қазақ өлеңінің синтаксисінде бұрыннан 
қолданылып келген. Мысалы, «Қозы Көрпеш– Баян сұлу» жы-
рында:
Қарабай мен Сарыбай 
бата оқыған,
Бата оқыған
жерінде қате оқыған.
Қалтақ балам, жүрмісің 
кетейін
деп,
Кетіп
мені сергелдең етейін деп.
Қозы мен Қодар құл 
жақындайды,
Жақындасып
Қодар құл тақымдайды...
Бұл әдісті сирек болса да, Абай да пайдаланған:
Қартаң тартқан адамнан 
от азаймақ,
От азайса,
әр істің бәрі тайғақ (I, 247).
Сөйтіп, әр алуан амал-тәсілдермен жасалған параллель 
құрылыстар өзара топтасып, синтаксистік тұтастық құрайтын 
жолдардың бірі болып шығады.
2. Синтаксистік тұтастыққа топтасқан сөйлемдер бір 
субъектімен қазықталады. Мысалы:
Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз (I, 38), – 
деген төрт тармақты синтаксистік біртұтас дүние етіп тұрған 
– бір жағынан, сөйлемдердің тақырыптық жақындығы (бәрі де 
татулық, ынтымақ туралы) болса, екіншіден, субъект біреу, ол 


260
– осы жолдар қаратылып айтылған адам, оның грамматикалық 
көрінісі 
сен
есімдігі болар еді. Субъект пен грамматикалық 
бастауыш сай түсе бермеуі де мүмкін, жеке жолдардың фор-
мальдық (грамматикалық) бастауышы өзге болғанмен, логи-
калық қазығы (субъектісі) біреу болып келеді. Мысалы: 
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып (I, 72).
Мұнда грамматикалық үш бастауыш бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет