Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет144/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ол 
деген бастауыш түсірілген (ол – 
123
 Сыздықова Р.
Абайдың прозалық шығармаларындағы күрделі ойдың берілуі 
// Қазақ тілі тарихы жайында зерттеулер. - Алматы, 1965. - 47-б.


347
көңіліне зор қуаныш...). Әрине, бұл тәсіл өте сирек, дегенмен 
бір-екі көрінісінің өзі бұл амалдың қолданылу потенциясын 
танытады.
Ең бір көңіл аударатын нәрсе – баяндауыштың түсірілуі. 
Тілдегі ықшамдау (үнемдеу) принципін ең батыл, ең жиі 
қолданатын мақал-мәтелдер конструкциясының өзінде баян-
дауыштың түсіріліп қолданылған түрі толық емес. «Қой – 
қозыдан», «ақыл – жастан» дегендерде 
өреді, өседі, шығады
деген тәрізді баяндауыштар айтылмай берілген, бірақ бұлар 
өздері көрінбегенмен, сөйлемнің «көріну» компоненттерінің 
ішінде (семантикасы мен синтаксисінде) өзінен-өзі «көрініп» 
тұрған етістік-баяндауыштар, яғни 
қой 
мен 
қозы 
айтылып 
және 
қозы 
сөзі шығыс септікте тұрғаннан кейін-ақ әңгіме «өсу, 
өру, өрбу» туралы екені сезіледі, «ақыл жастан, асыл – та-
стан» дегенде де тіркескен сөздердің семантикасы мен шығыс 
жалғауының қатысуы 
шығады 
етістігін іштей еріксіз «айтты-
рады». Демек, бұл жерлердегі жасырынып тұрған баяндауыш-
тар – сол фразаға (тіркеске, конструкцияға) тән, соларға жа-
быса біткен, солардың бойынан өзі табылатын етістіктер. Де-
мек, бұл ситуациядағы түсірілген баяндауыштар синтаксистік 
тұрғыдағы жасырын мүшелерден гөрі, семантикалық мо-
тивтен туған ықшамдық деуге болады. Ал поэзия тілінде 
баяндауыштың алды-артындағы конструкцияларға қарай, яғни
синтаксистік құрылысқа байланысты жасырынуы кездеседі. 
Бірақ бұл тәсілді Абайға дейінгі қазақ поэзиясының синтаксисі 
қолданып көрмеген деп батыл айта аламыз. Мысалы, Абай 
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінде ылғи 
«алармандарды» санайды:
Бай 
алады 
кезінде көп берем деп... 
Би мен болыс 
алады 
күшін сатып...
Дос 
алады 
бермесең, бұлт берем деп... 
Жалаңқая жат мінез жау 
алады... 
(I, 28).
Ал кейбір «алармандарды» баяндаған тармақтарда 
алады 
баяндауышы түсіріліп беріледі:
Жарлы 
алады 
қызметпен өткерем деп, 
Елубасы – шар салып, леп берем деп (I, 28).
Екінші тармақтағы сызықша қойылған жерде 
алады 
деген 
баяндауыш түсіп қалған. Оны түсіруге мүмкіндік берген жайт 


348
– осы тармақтың алдындағы
алады 
етістігімен келген ұқсас 
сөйлемнің болуы. Абай тіпті келесі бір шумақты дәл осылайша 
(алады 
деген баяндауышты түсіріп) бастайды:
Сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп, 
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп (I, 28).
Сұм-сұрқия 
алады... 
деген сөйлем болуға тиісті екендігі 
бұның алдындағы шумақтарда осы баяндауышпен берілген 
бірнеше сөйлемнің болғандығынан көрінеді. Абай осы тәсіл-
дің жиі болмаса да қолдану тенденциясын ұсынғандығы 
байқалады.
Күн жиылып ай болды, он екі ай – жыл (I, 201), –
дегенінде, он екі ай 
жиылып, 
жыл 
болды 
деген толық сөй-
лемнің етістік баяндауыштарын түсіріп ықшамдаған. Бұл 
да – синтаксистік ситуациядан жасалған ықшамдылық, яғни 
жиылып, болды 
баяндауыштарын түсіруге алдыңғы сөйлем 
(күн 
жиылып, 
ай 
болды) 
мүмкіндік береді. Ықшамдаудың бұл 
түрлері – сөз жоқ, жаңа әдеби тілдің табысы, мүмкін, орыс 
синтаксисінің әсерінен туған тәсіл болуы. Өйткені баяндауыш-
ты түсіріп ықшамдау – орыстың тек өлеңді сөйлемдерінде емес, 
проза синтаксисіне де тән, өнімді тәсіл. Ал өлеңді сөйлемдерде, 
әсіресе баяндауыш тәрізді «жасырына» алмайтын мүшені жа-
сырып ықшамдауды сол өлеңнің тұтастығын ұсынған жазба 
әдебиет қана көтере алады. Айталық, алды-артына зер салмай, 
«сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп» айта салса, еш нәрсе 
ұғынып болмас еді. Бұл әсерде осы өлеңді жай, бөліп-бөліп 
тыңдау емес, тұтас оқу (немесе тыңдау) ұсынылады.
Синтаксис саласындағы ықшамданудың бір түріне, біздің-
ше, сыйыстыру тәсілі жатады. Ол – өлеңге де, қара сөзге де тән. 
Сыйыстыру амалы көсемше тұлғаларын пайдалану арқылы 
жүзеге асырылатыны мәлім. Мағыналас бірнеше сөйлемнің 
алғашқыларының баяндауышын 
-
ып 
жұрнақты көсемшемен 
беріп, оларды бір құрмалас сөйлем ішіне сыйыстыруды 
қазақ синтаксисі жиі қолданады. Абай өлеңдерінде осының 
керісінше көрінісі кездеседі, яғни сыйыстыру заңын қолдануға 
тиісті жерлерде Абай етістіктерді ашық райда береді де дербес 
келте сөйлемдер немесе бірыңғай мүшелер тізбегін жасайды:
Жамандық тұрмас күттіріп, 
Ел 
есітті, 
қыз 
білді. 


349
Ақ көйлекті бітіріп, 
Кебінім деп 
киді, өлді 
(I, 126).
Бұл жерде автордың сыйыстыру тәсілінен (ел 
есітіп, 
қыз 
білді, кебінім деп 
киіп 
өлді деуден) бой тартуы стильдік мо-
тивтен туып тұр. Әр компоненттің грамматикалық дербестігі 
оларға көңіл аудартып, әрқайсысына логикалық екпін түсіреді, 
дәлірек айтсақ, әр процесс өзгеге тіркеспей, жеке танылады. 
Бұл тұрғыдан алғанда, Абайдың шығыс әдебиетінен алған төрт 
жол нақыл өлеңі әдемі мысал бола алады:
Күшік 
асырап, 
ит 
еттім –
Ол балтырымды 
қанатты.
Біреуге мылтық 
үйреттім, 

Ол мерген 
болды 
– мені 
атты 
(I, 231).
Бірінші жолдағы екі процесс бір сөйлемге сыйыстырылып, 
біріншісі «көмескіленіп» 
-ып
 
жұрнақты көсемшемен берілген, 
бұл жерде автор ой екпінін күшік асырау актісіне түсіруді 
шарт деп санамаған, негізгі айтпағы – ол күшіктің ит болып 
өсуі, сондықтан 
ит еттім 
конструкциясы грамматикалық 
құралымы жағынан тиянақты, мазмұны жағынан дербес. 
Дұрысында, сөйлемнің мағынасына сайғанда, 
күшік асырап, 
ит етіп едім 
тұлғасымен берілсе керек еді, өйткені әрі қарай 
сол процестің нәтижесі айтылған сөйлем беріледі, бірақ 
ит 
етіп едім 
конструкциясы грамматикалық жағынан тиянақты 
болғанмен, мағынасы жағынан дербестігі әлсіз болып шығады, 
яғни әрі қарай «сонан соң не болды?» деген сұраққа жау-
ап тіленеді. Ал 
ит еттім 
түрі – үзілді-кесілді, айқын дербес 
процесс, әрі қарайғы ойдың жалғасы шартты түрде талап 
етілмейді. 2, 3, 4-жолдардағы процестердің бәрі де – дербес, 
тиянақты тұлғада. Автор оларды да сыйыстырмай, әрқайсысын 
атап-атап береді. «Ол мерген 
болып, 
мені атты» деп бермейді, 
«ол мерген болды» деген тұлғада әдейі құрады.
Бұл тәрізді шағын сөйлемдерді ашық райлы тұлғамен бер-
генде, айтылмақ ойға шұғыл, тез орындалған (не орындала-
тын) іс-әрекеттерді білдіру реңкі де байқалады. Қайткенде 
де стильдік мотив көзделеді. Сыйыстырылатын моменттерді 
дербес конструкция етіп беруі жазушылық талғамның, стиль-
дік мақсаттарды өтеу құралдарын іздеудің жемісі болып табы-


350
лады. Бұны да кемелденген жазба әдеби тілдің бір қыры деп 
табамыз.
Абай өткен шақ көсемше тұлғасы арқылы сыйыстыру 
тәсілін поэзиясында онша көп қолданбағаны байқалады (-
ып
 
тұлғалы көсемше ұйқастармен берілгендердің көпшілігі ба-
яндауыш емес, пысықтауыштар). Абайдың бастан-аяқ өткен 
шақ көсемше баяндауыш арқылы сыйыстыру тәсілін қолданып 
жазған бір-ақ шығармасы бар, ол – «Жайнаған туың жығылмай» 
деп басталатын Оспанға арнаған өлеңі. Мұнда 13 жай сөйлем 
болымсыз түрдегі өткен шақ көсемше тұлғасы арқылы бір 
құрмалас сөйлемге сыйыстырылған. Ал қалған жағдайларда 
бұлайша сыйыстырылған конструкциялар өлең ішінде келеді 
де ең көбі 5-6 тармақты ғана қамтиды әрі бұл тәсіл тек 7-8 бу-
ынды шығармаларда кездеседі және сирек қолданылады. Мы-
салы, «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген өлең ішінде жағымсыз 
қылықты замандасын суреттеген жерде:
Үйде отырса 
салбырап,
Түзге шықса 
албырап,
Кісіні көрсе 
қылжаңдап,
Қалжыңшылсып 
ыржаңдап,
Өз үйінде 
қипаңдап,
Кісі үйінде 
күй таңдап,
Ақылы бар кісіні
Айбаттайды, даттайды (I, 59), –
деп, бірнеше жай сөйлемді тиянақсыз тұлғада береді. 
Әдетте мұндай сыйыстырулардың ең шағын түрі – екі-үш 
тармақты қамтитындары, бұл – Абайда да, өзгелерде де, жалпы 
қазақ поэзиясында өте кең қолданылатын тәсіл:
Еңбегі жоқ 
еркесіп,
Бір шолақпен 
серкесіп,
Пысық деген ант шықты (I, 59).


351


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет