344
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген,
«Қамбар» жырындағы:
Келмембеттің Алшораз
Құлағын отап құнтитты, –
тәрізді тіркестер – тәуелдік жалғауын түсіріп
қолданылған-
дар. Бұл, сірә, о баста тек өлең синтаксисіне ғана байланысты
қалыптасқан конструкция болар деген пікір бар және ол тек
ертедегі қазақ поэзиясында ғана емес, XI ғасыр ескерткіште-
рінен (М.Қашқари материалдарынан) бастап, қырғыз эпосы
«Манаста»
кездесетіндігіне қарағанда, жалпы түркі тілдеріне
тән көне құбылыс екені байқалады
122
. Абайдың ықшамдауында
дәл осы тип жоқ, оның орнына өзге жалғауларды түсіріп айту-
ды Абай да еркін қолданған. Мысалы:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды
аспан
(I, 71)
дегенде соңғы сөз табыстың ашық түрінде тұруға тиісті. Не-
месе:
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау
шырқың
(I, 31).
Бұл екеуі де – ұйқас талабынан туған ықшамдылықтар. Ал:
Біріңнің бірің сөйле
сөзің
тосып (I, 39),–
деген тармақта жалғаулы сөз тек
қана ашық тұлғада тұруға
тиісті екені мәлім. I, II жақтық жіктік жалғауларын түсіріп
айту да қазақ поэзиясында ертеден кездеседі. «Ер Тарғын»
жырындағы:
Мен
Қоянақ ұлы
Қартқожақ!–
дегенде немесе Махамбет ақынның:
Мен
тауда ойнаған
қарт марал.
Мен
түбін кескен
бәйтерек.
Мен
қарақұстан туған
қалықпан,
–
дегендерінде I жақтағы жіктік жалғаулары түсірілген. Мұның
стильмен байланысы да болуы мүмкін. Тегі, бұл мысал-
дардың
барлығында айбар көрсету, өктемділік, өзінің күшті,
мықты екенін таныту реңктері бар. Өйткені ақын өзін не-
месе лирикалық геройын төмен, әлсіз нәрсеге теңеген
сәттерінен мұндай қысқартуды (жіктікті түсіріп айтуды) көп
кездестірмейміз. Қазақ поэзиясындағы
осы тәсілді Абай да
122
Достарыңызбен бөлісу: